259
бар, нарынға аттанады. Басқа жақтарданда жасақтар келіп қалмақтардың тас –
талқанын шығарады. Оразымбеттің балалары: «көке енді сіз мына малды (мыңға
жуық жылқы, он мыңдай қой, дүние мүлік, құл мен күң) мына кісілермен ауылға
айда, қалған шаруаларды өзіміз бітіреміз» - дейді. Өздерінің мақсаттары:
қалмақтарды енді беттемейтіндей етіп, Еділден әрі өткізу болған.
Қазіргі «Бабан» деген құмның маңында қалмақтың мұздай қаруланған 40-
қа жуық сарбаздары тап болады. Күші басым жау Оразымбеттерді қырып салады.
Бір-екі малшы қашып шығып Оразымбеттің балаларына хабар жібереді. Сүйтіп,
Оразымбет батыр жаудың найзасынан шаһит болады. Мал айдаған қалмақтар
ұзап кетпеген екен. Оларды Оразымбеттің 7 баласы бастаған қазақ сарбаздары
аямай жазалайды. Әкелерінің өшін аламыз деген Оразымбет ұлдары қалмақтарды
бауыздап,қандарын ішіпті. Осыдан ұшынып (ауырып) Бәйтен
батыр
Оразымбетұлы қайтыс болады.
Оразымбет пен Бәйтен сол «Бабан» (Баба) деген құмда жерленіпті. Сол
жерде
жылын беріп,мазарын тұрғызыпты. Бірқатар ағайындар сол жақта
қалыпты. «Жайық шұғыласы» газетінде «Жәмеңке кім»
деген Базар
Амирұлының мақаласында ол кісі осы батыр Бәйтеннің ұлы Жәменке
( Жаман болуы да мөмкін), Жаманқаланың немесе Яманканың( Жәмеңке)
негізін салған адам. Осы газетте «Итеш Ниязұлы» дегенде мақалам жарық көрді.
Бұл кісіде Оразымбеттің ұрпағы, Қонақпай атадан тарайды.
Билері
Айтуар би – 1783 жылы Есбол болысында дүниеге келген . Себектің сарысы,
Балталы Үсен ұлы Айтуар 73 жасында қайтыс болған.Ұрпақтары Жайықтың
шығыс бетіндегі №11 ауылда өсіп өрбіген. Жатқан жері осы маңдағы «Алтын»
қорымында.
Оның «халыққа хан қожалық етеді, ал жерге халық қожа » - деген сөзі осы
кезге дейін маңызын жоймай келеді.
2005 жылы шыққан Махамбет ауданының энциклопедиясының 17 –ші бетінде,
2000 жылы шыққан Атырау энциклопедиясының 134-ші бетінде бұл кісі жөнінде
шағын мәлімет бар.[3]
Ел ауызындағы әңгімелердің бірінде мынандай әңгіме бар: Исатай –
Махамбет көтерілісі жеңіліспен аяқталғаннан кейінгі бір жылдары ( қай жылы
екенін анық білмеймін) Сарыкөлдегі ( Қарабаумен Маққатың арасында )
Айслудың Тұрланының ата қонысына Төре руының Шонжар байларының бірі
Дәулетқали деген біреу көшіп келіп, үйін тігіп, малын жайып құдығынан малын
суарып қаннен қаперсіз отыр екен, мұны естіп, сол кездің әрі батыр,әрі би Асау
байдың ерке ұлы Тұрлан Дәулетқалиға келіп: «Мұның не? Кімнің қонысы
отырған жерің?» Арасында боқтап, қамшы үйіріп әрекет жасайды. Дәулетқалида
қарап қалмайды, қарауыл қожаның ағасы екендігін,аға сұлтанның мол басқан
қағазы жыртқан Дәулетқалидың өзін дайын қамшымен когала қойдай қылып
сабақ ауылын у-шу етіп кетеді. Мұның арты үлкен қанға айналады.Ханның
260
коммисиясы келін тергейді. Тұрланды ұстап әкеткісі келеді, бірақ халық
Тұрланды ұстап бермейді. Дәулетқалида
сіресіп отырып, жоғарғы жаққа
арыздана береді.
Ханның бұйрығымен екі жақ болып айтысады. Ханның бұйрығымен келген
коммисия төрағасы билердің талқасына салады.
Отырыста Даулетқали да Тұрланды болады. Билерден Айтуар бастаған
біраз адамдар болып ханның адамдарды Дәулетқалиды жақтап, Тұрланды
масқаралайды.
билер хан жағын жақтайын десе Тұрланнан қорқады. Тұрланды жақтайын десе
ханнан қорқады әбден тығырыққа тіреледі .
сонда Айтуар тұрып, комиссияның төрағасына сұрақ қояды. Әуелден айтылып
келе жатқан бір сөз бар :"Хан қалыққа қожа, қара қалық жерге қожа" деген бұган
қалай қарайсын? - дейді. Сонда Төраға тұрып бұл дұрыс дейді: " Онда төреке
құлдық. Біздіңде күткеніміз осы еді" - деп даудың біткендігін хабарлайды.
Тұрлан қудаланбайды.
даулетқали келген жағына қайта көшіпті. Халық
Айтуар биге риза болып,
тарапты.Мұрат ақын "Сарыарқа" деген толғауында
хан ұлы, қара қазақ жиналғанда
құдайым Айтуарды демеп еді, дегенде Айтуардың осы билігін айтқан.
Do'stlaringiz bilan baham: