13
Бақылау сұрақтары
1. 1- 4 сыныпта математиканы оқытудың
негізгі міндеттері неден
тұрады?
2. Балаларды математика курсын үйренуге дайындаудың негізгі
міндеттерін санап өтің.
3. 1-3 және 4-5 сыныпта математиканы оқытудағы бір ізділікті жүзеге
асырудың негізгі жолдары қандай?
4-§. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту методикасының
дидактикалық принциптері
Әрбір студент білуі қажет:
1) саналылық принцпі;
2) көрсету принцпі;
3) ғылымилық принцпі;
4)
кетпе-кет принцпі;
5) жақсы меңгеру принцпі және тағы басқалар;
6)бастауыш
мектепте алгоритмдер және алгоритмдерге үйрету
методикасы.
1.Математика сабақтарындағы негізгі дидактикалық мақсаттар
Әрбір сабақта алуан түрлі дидактикалық мақсат көзделеді. Олардың
ішіндегі біреуі басты мақсат болып саналады және ол сабақтың
дидактикалық негізгі мақсаты дейіледі.
Әрбір жеке сабақтың мақсаты оқушыларға сабақ жүйесінің мақсатын
анықтап, оның жәрдемімен өтіліп жатқан тақырыптың мазмұнын ашып
береді. Бұл жағдайда бірінші оқушыларды жаңа түсініктермен таныстырса,
екінші сол түсініктерді кеңейту және тереңдету, үшінші
бір іскерлік пен
дағдыларды тексеру т.б. орындалады. Әрбір сабақта жоғарыда
айтылғандардың бірнешеуі өтілуі мүмкін. Өтілгендерді қайталаудан алдын
өтілген сабақты жаңа жүйеге салу, сонымен қатар білімдерді тексеруді өз
ішіне алады. Жаңа материалды баяндау үнемі жаттығулар орындаумен
жалғасады.
Мектеп тәжірибесі сабақтың белгілі жүйесін жаратады, көпшілік
оқушылар бұл жүйеге мойынсұнып, белгілі жақсы нәтижелерге қол
жеткізуде. Әдетте үй жұмысы сабақтың басында тексеріледі немесе өткен
тақырып қайталанып, өткен сабақ бойынша сұрақ-жауап өткізіледі. Содан
соң, жаңа материал баяндалады және оны нығайту үшін оқушыларға
мысалдар шештіреді немесе бақылау сұрақтары беріледі. Сабақтың соңында
үй жұмысы туралы жөн-жорық беріледі.
Кейде бұл мақсаттардың біреуіне арналуы мүмкін.
Міне сондай бір
мақсатты сабақтың негізгі дидактикалық мақсаты дейіледі де басқалар оған
мойынсұнады.
2. Математикадан сабақтың түрлері
14
Бастауыш сыныптарда математикадан сабақтың төмендегі түрлерін
көрсету мүмкін.
а) оқушыларды жаңа түсініктермен таныстыру, жаңа
білім мен
дағдыларды жасау сабағы (бұл сабақта есептеу, графикалық немесе мәселені
шешу білімдерін қалыптастырады);
б) алуан түрлі жаттығулар арқылы жаңа білім, іскерлік, дағдыларын
нығайту сабағы;
в) өтілгендерді қайталау, жалпыландыру сабақтары;
г) кейінгі басқышта жағдайдың алдын алу мақсатында білім, іскерлік пен
дағдыларды тексеру сабағы. Әрбір сабақта түрлі дидактикалық мақсаттар
жүзеге асырылуы мүмкін: үй жұмысын тексеру; сабақтың және тақырыптың
мақсатын баяндау; бұрын өтілген тақырыпты қайталау арқылы жаңа
материалды меңгеруге оқушыларды дайындау; ауызша есептеу үшін арнаулы
жаттығулар, жаңа материалды үйрену (сабақтың негізгі бөлімі); балалардың
бұрын меңгерген білім мен дағдаларын нығайту; меңгерілген
білімдерді
есептеу; жаттығу, білім мен дағдыларды қолдау (сабақтың негізгі бөлімі);
оқушыларды ерікті түрде істету және оны тексеру; бұрын меңгерілген
материалдарды қайталау; үй жұмысын беру; сабақты қорытындылау.
Сабақтың негізгі бөлімдерін түрлі жағдайда және түрлі методтармен
бірге қосып алып бару мүмкін.
Оқытушы сабақтың жоспарын жасауда төмендегілерді есепке алуы тиіс.
Сабақ қандай бөлімдерден тұруы, оларды қандай бір ізділікпен орналастыру,
олардың арасында оқу материалдарын қалай бөлу, бұл бөлімдер бір-бірімен
қалай байланысқан, олар сабақтың негізгі дидактикалық мақсатын жүзеге
асыруда жеткілікті мөлшерде жәрдем беруін есепке алу қажет.
Бастауыш сыныпта математика сабағының әрбір бөлімі
жалпы
дидактикалық мәселелерді орындауға бағытталуы тиіс. Сабақтың бөлімдері
негізгі дидактикалық мақсатқа қарап өзара байланысты болуы қажет. Жеке
сабақ түрлерінің құрамын көріп шығамыз.
Мысалы: жаңа түсініктермен оқуышаларды таныстыру, жаңа білім мен
дағдыларды қалыптастыру сабағы.
Do'stlaringiz bilan baham: