1-Тақырып: Класта оқу сабақтарының тәлім-тәрбиелі маңызы және міндеттері



Download 24,09 Kb.
Sana25.02.2022
Hajmi24,09 Kb.
#273149
TuriСабақ
Bog'liq
1-Тема.АТОМ 2-курс


1-Тақырып: Класта оқу сабақтарының тәлім-тәрбиелі маңызы және міндеттері
Жоспар:

1. Бастауыш сыныптарда оқу сабақтарында жүргізілетін тәрбие жұмыстары


2. Оқытудың маңызы мен мақсаты
3. Оқу сабағына қойылатын негізгі талаптар

Бүгінгі бөбек — ертеңгі азамат — қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші — бастауыш мектеп мұғалімдері. Ақ жүрек, балғын бөбектерге білім мен тәрбие есігін ашу бастауыш мектеп мұғалімдеріне абыройлы да жауапты жұмыс жүктейді. Өйткені білім мен тәрбие негізі, баланың жеке басын қалыптастыру негізі — бастауышта қаланады.


Қайта кұру кезеңінде бөбектердің жеке басын қалыптастыру ісін тиянақты жолға қоюға баса назар аударылуда.
Балалар мектепке келген алғашқы күннен бастап, Отанымыздың өмірімен, халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысады. Отанымыз кушейе түсу үшін, халықтың тұрмысы жақсара түсу үшін іске асырылып жатқан сан алуан жағдайларды ұғынады. Үлкен адамдардың оларға қандай үміт артып отырғанын аңғарады.
Осы үмітті ойдағыдай ақтау үшін, біздің мектептеріміз жас балдырған алғаш рет мектеп табалдырығын аттағаннан бастап-ақ, оқыту, тәрбиелеу және даму процестерін тығыз ұштастыра жүргізіп, өз өрендеріне дүниенің алуан түрлі сырларын ашып береді, оларды білімнің бай қазынасын терең меңгеруге, қоғамның белсенді азаматы болуға баулиды. Осы тұрғыдан қарағанда бастауыш мектептердегі оқу сабақтарының мақсаты:

  1. Идеялық-саяси, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру.

  2. Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру.

  3. Балаларды жас өспірімдер мен үлкендердің үлгілі, ерлік істерімен еңбектерімен таныстыру арқылы қоғам игілігіне адал ниетпен еңбек етуге, адамгершілікке, бір-бірін сыйлаушылыққа, адалдық пен шыншылдыққа, кішіпейіл болуға тәрбиелеу.

  4. Сүйікті Отанымыздың мейлінше бай, көркем де сұлу табиғаты жайлы материалдармен танысу арқылы табиғатта кездесетін өзгерістер мен құбылыстарды байқай біліп, теңдесі жоқ сұлулық пен көркемдікті бағалай білуге, елін, жерін қадір тұтып, сүюге тәрбиелеу.

  5. Бағдарлама көлемінде ғылым негіздерінен ең қарапайым білім беру.

  6. Балалардың сынып сайын алған білімдері мен оқу дағдыларын, шеберліктерін жетілдіру, тілін одан әрі дамыта түсу.

  7. Халықтардың бостандық, бейбітшілік үшін жүргізген қаһармандық күрестерімен таныстыра отырып (әдеби шығармалар, кинофильмдер т. б.), балалардың сана-сезімін советтік патриотизм, Отанды сүю, бейбітшілік пен халықтар достығы рухында қалыптастыру.

  8. Саналы тәртіпке, дұрыс міиез-құлық нормаларына үйрету.

  9. Еңбекке қызығу, еңбекқорлыққа, еңбек адамдарын жоғары бағалауға тәрбиелеу.

Бастауыш мектептегі оқудың негізгі қағидалары оны өмірмен байланыстыру болып табылады. Оқу сабақтарында балалардың алған мағлұматтарының шындық екенін дәлелдеу, тәжірибеден көрсету мақсаты көзделеді.
Оқу сабақтарының міндеті — балаларда дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру.
Оқушыларды саналы оқуға үйрету, білімді саналы меңгерту, балалардың белсенділігін арттыру — оқу сабақтарындағы ең басты талап. Балалар бұл сабақтарда оқығандарына жақсы түсініп, ондағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен сезім күйін айыра білуге, процестер мен құбылыстарды дұрыс бағалай алуға үйренеді.
«Ана тілі» сабақтарында мұғалім балалардың қаншалықты саналы, дұрыс оқуларын бақылай отырып, анықтай алады. Сыныптан тыс оқығандары бойынша әңгімелесу және өз беттерімен оқыған кітаптарынан түсінгендерін айтып беру балалардың оқуға қаншалықты ынталы екендігін, шығарманың идеясы мен мазмұнын қаншалықты терең түсінген-түсінбегендерін көрсетеді. Сонымен бірге оқуы кем балаға дұрыс, саналы және шапшаң оқу дағдысын қалыптастыруға, жетілдіруге уақытында көмектесу үшін, оны жүйелі түрде есепке алып отыру керек. Мұндай есеп әсіресе I, II және III сынып оқушыларына қажет.
Мұғалім дағды мен іскерлікті (шеберлікті) есепке алу үшін бөлек дәптер арнайды. Онда әрбір оқушыға бірнеше жол орын береді де, сыныпта оқыған кезде жіберген кемістіктерін белгілеп қояды.
Бірінші сынып үшін дағдылары мен шеберліктерін толық есепке алатын схема жасауға да болады. Мысалы:



Фамилиясы, аты

Қате саны

Оқу тәсілі

Бір минут-та оқыған сөз саны

Оқығанын түсінеді

Мәнерлілік

Баға



әріптеп

буындап үзіп

буындап созып

тұтас сөз





Омаров Асан

3





ИӘ



24

ИӘ

нүктеде пауза жоқ

3

Салменов Серік

1




қиын сөздерді

г




29

ИӘ

нүктеде дауысын бәсеңдетпейді

3

Бастауыш сынып оқушыларының дағдыларын, шебер­ліктерін есепке алу үшін, бағдарламалық талаптарға орай, аудандық әдістемелік кабинеттің ұсынған формасы пайдаланылады.


II сыныптан бастап іштен оқуға мұқият көңіл аударылады, іштен шапшаң оқу сағат арқылы тексеріледі: оқудың басталу уақыты белгіленеді, балалар оқып болғанда қол көтереді, мұғалім ең асығыс оқушылар мен ең жай оқитындарды белгілейді.
Саналы оқу ауызша және жазуша тапсырмалар ар­қылы тексеріледі. Мәтінді асығыстықтан шала түсінген оқушымен арнайы сабақ өткізіледі.
Оқу жылының басында және әр тоқсанның аяғында барлық оқушының дағдылану дәрежесі тексеріледі. Бүл үшін көлемі қысқа жаңа бір беріледі. Оны дауыстап оқыту арқылы мұғалім оқудың дұрыстығын, орфоэпиялық норманы сақтау жөнінде кімнің қалай оқыға­нын белгілеп отырады. шапшаңдық белгілі бір уақыт мөлшерінде қанша сөз оқығанымен, ал саналылық сұраққа жауап беру сияқты жұмыстармен өлшенеді.
Мәтінді саналы қабылдау арнайы берілетін тапсырмалар арқылы да тексерілуі мүмкін. Хабарлама сипатындағы мәтін үш немесе төртке бөлінеді де, араластырылады. Оқушы оны оқып, әр бөлікті жүйесімен біріктіруі тиіс. Мұны әрі тез, әрі дұрыс орындаған оқушы саналы қабылдауға жақсы дағдыланған болып есептеледі.
Екінші бір жағдайда балалар оқыған мәтіндеріне жоспар жасайды және сол үзіндіге ат қояды. Үзінді бойынша оның бұрын өздері оқыған қандай шығармадан алынғанын айтып беру ұсынылады.
Кейбір оқушылардың оқу кемістіктерін түзету үшін олардың себептерін анықтау қажет. Мұндай кемістіктер әр түрлі болады, мысалы: зейіннің тұрақсыздығынан, зейінін шоғырландыра алмаушылық (мұндай көріністі «мойны жар бермейді» дейді), буындап оқу дағдысының қалыптаспағандығынан (көбіне әріп тастап кету құбылысы), оқушының тіл кемістігі т. б. с. с. Мұндай кемістіктерді жою барысында істелетін жұмыстар дұрыс оқу дағдысын қалыптастыруға көмектеседі, оның қажеттілерін бекіте түседі.
Мәнерлеп оқи алмау саналы оқуға олақтықтан туады, яғни демді дұрыс ала алмау немесе дикция кемістігі. Ал мәтінді шала ұғынудың өзі де түрлі-түрлі жағдайларға байланысты: ақыл-ой дамуының жеткіліксіздігі, сөздік қордың тапшылығы, оқушының ұқыпсыздығы т. б.
Оқушының бойында қалыптасуға тиісті дағды мен шеберлік бағдарлама талабына сәйкес болу үшін мұғалім аталған кемістіктерді жоюға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Qosimova K., Matjonov S., G‘ulomova X., Yo‘ldosheva Sh., Sariyev Sh. Ona tili o‘qitish metodikasi. –T.: Noshir, 2009. – 163 b.
2. Матчанов С., Ғуломова Х., Юлдашева Ш., А. Нисанбаева. Ана тiлiн оқыту әдістемесі. –T.: ТДПУ, 2013. – 277 б.
3. М.Омарұлы, Г.Нишанова, Р.ϴсерова. Оқу кітабы 3-сынып, Ташкент.: Ўзбекистон – 2019.
4. М.Омарұлы «Оқу кітабы» 2-сынып, Ташкент.: Ўзбекистон – 2018.
5. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы, 1992. — 154,155-б.
Download 24,09 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish