«сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы атырау облысы білім беру басқармасының Әдістемелік орталығЫ


Тарихи қорымда жерленген тұлғалар



Download 3,74 Mb.
Pdf ko'rish
bet64/162
Sana26.06.2022
Hajmi3,74 Mb.
#705534
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   162
Bog'liq
Jinaq123

Тарихи қорымда жерленген тұлғалар 
Сарайшық талай туды төбесіне қадап, тағдырмен тарихты ішке бүккен 
шежірелі қала. Сонымен қатар Сарайшық қашаннан бері хандар мекеніне 
айналған құтты орын, мәңгілік мекен.Сол бір ел басқарған хандар мен жау 
жасқаған жандар есімін жүрекке жазған кешегі аталар деректерін бізден бұрынғы 
зиялылар қағазға түсіріп тасқа басты. Кітап қып жүйелеп, құжат қып түгелдеді. 
Бұл біздің елдікке, ерлікке бастаған ұлы тұлғалар алдындағы өтелер қарызымыз, 
дәстүрге берік, келешекке көрік болар парызымыз екені даусыз. Ел ішіндегі 
дуалы ауызды дарабоз қариялар Сарайшықта он үш әулие, жеті хан жерленіпті 
деп бөле – жара әңгіме қылады. Сарайшық мемориалдық мұражай кешенінде осы 
жеті ханның әрбіріне арналып, жеке – жеке ескерткіш қойылды. Олар мынылар 
еді: 
Мөңке Темір 
(1266 – 1282) – Сарайшықтың хандар зиратханасында алғаш 
жерленген деп есептелетін ол Алтын Орданың Бату мен Сартақ, Ұлақшы мен 
Мөңкеден кейінгі билеушісі, Бату ханның немересі. Темір тұсында Алтын Орда 
моңғолдың бас тағын иеленген. Темір есімі жазылған алғашқы теңгелер 
шығарыла бастады. Мөңке Темір тұсында орыс кінәздіктеріне, православие дін 
басыларына, Генуя, Венеция көпестеріне өз қолынан жарлық беріп, батыс 
аймақта тыныштық орнатылды. Үгедейдің немересі Хаидумен одақ құрылып, 
1269 жылы Талас өзені бойындағы құрылтайда Жошы, Шағатай, Үгедей 
ұлыстары арасындағы алауыздықты тоқтатуға негіз болды. 


104 
Ғийас-ад-дин-Тоқта (Тоқтай) 
(1291 – 1312) – Алтын Орданың 22 жыл 
бойы ханы болған Тоқта Батудың шөбересі еді. 1288 жылы Тоқтаның Ордада 
билік құрған бауырлары оның ұйымдастыру, іскерлік қабілетінен күдік алады да 
қалайда көзін құрту ниетімен Алтын Ордадан аластап, қуып шығады. Бірақ ақыл, 
айласы ағайындарынан асып түсетін Тоқта осы кезде еш алаңсыз Ноғай 
батырдың жылы қойына кіріп-ақ кетеді. Ал Ноғай болса, Тоқта бауырының 
сілтеуімен оның Ордадағы бар қарсыластарын өзіне қаратып, ақыры әлгілерді 
бір-бірлеп көзін құртады да хан тағын қамқорлық тілеп келген Тоқтаны 
отырғызады. Бұл 1290 жыл еді. 
Бірақ Орда ішінде осындай ұйымдастыру, бірігу жұмыстары жүре тұрса да 
сыртқы саясатта анау айтқан жеңістер жоқ еді. Парсы ильханы Газанға қарайтын 
Арған мен Әзірбайжанды жаулап алу ниеті жүзеге аспады. Орыс жерін басып алу 
ойы да орындалмай, осы жорыққа аттанам деп отырғанда кенеттен қаза тапты. 
Денесі Жошы хан ұрпағының қауымына (пантеоны) Сарайшыққа қойылды. [2] 
Жәнібек 
(1343 – 1357) – кәдәмгі Алтын Ордаға жиырма жыл өкімдік етіп, 
1342 жылы қайтыс болатын, шешімді де ақылды хан Өзбектің баласы. Жәнібек 
хан тұсында көршілес елдермен сауда – саттық өсіп, халықаралық қарыс – 
қатынас дами түсті. Мемлекеттің батыс бөлігінде, Еділ – Жайық бойында, Қырым 
түбегінде қала мәдениеті өркендеді. Алтын Орда бағынышты орыс 
кінәздіктерінен алым – салық жинау ісі бір ізге түсті. Мемлекет шекарасын 
кеңейту мақсатында ол 1357 жылы Хұлағу әулеті басқарған тұста өз іштеріндегі 
алтыбақан алауыздығы өршіп, қырқысудан қолы босамаған Иранға мың сан 
әскер аттандырды. Әзірбайжан жерін баса – көктеп Иран даласын қанға 
бөктерген қалың әскер – Тевризхді басып алады. Мұнда баласы Бердібек билік 
құрды. Бірақ халқымыздың қашаннан бері келе жатқан «Атаға не істесең – 
алдыңа сол келеді» деген мақалы осы жерде де расқа айналып, Бердібек сонау ит 
өлген жердегі титімдей Тевризден гөрі, етек – жеңі далиып, дархан даланы алып 
жатқан Алтын Ордаға қызығып, елге қайтып бара жатқан әскеріне жүрек жұтқа 
жауыздық ұйымдастырады. Басқа емес, баласынан келген қастықтан Жәнібек 
орта жолда опат болады. 

Download 3,74 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   162




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish