«сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы атырау облысы білім беру басқармасының Әдістемелік орталығЫ



Download 3,74 Mb.
Pdf ko'rish
bet63/162
Sana26.06.2022
Hajmi3,74 Mb.
#705534
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   162
Bog'liq
Jinaq123

Г. С. Мурзагалиев 
Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебі, 
тарих пәнінің мұғалімі 
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы 
 
 
САРАЙШЫҚ – ТАРИХИ АСТАНА 
 
Ұлан байтақ қазақ даласының әр түпкірінде табаның тиген кезде 
тебіренбеске болмайтын тарихи жерлер көп-ақ. Қазақстан ұшы-қиырсыз кең 
байтақ ел. Бүгінде елімізде өзен – көлдерді бойлай көптеген жаңа қалалар бой 
көтерген. Олардың біразы ескі шаһарлардың маңына немесе тура солардың 
үстіне салынған. Осылайша кешегіміз бүгінгі күнмен сабақтасып жатыр. Ата- 
бабаларымыздың тарихы мен мәдениеті-бізге, олардың ұрпақтарына, бұрын- 
соңды жасалған тамаша туындылардың мирасқорларына өте қызық әрі құнды 
дүние. 
Ұлы Жібек жолы бойындағы маңызды саяси-экономикалық және діни 
орталық, Ноғайлардың, Қазақ хандығының астанасы болған көне Сарайшық 
қаласы. Шыңғыс ұрпағы Батудың ХІІІ ғасырдың алғашқы жартысында Қыпшақ 
даласын батыста сонау Дунайға дейінгі жерді басып алып, Алтын Ордадай алып 
мемлекет құрған. Алтын - Орданың астанасы - Бату сарайы ХІІІ ғасырдың 
ортасында салынған. Академик Ә.Марғұланың қазба деректерінің дәлелдеуінше 
Сарайшық қаласы сол шамада тұрғызылған. Сарайшықтың солтүстік, шығыс, 
оңтүстік жақтарын орай ағатын Ұлы су (жайық) өзеніңдегі Бату хан салдырған 
жүзбелі көпір алғашқы кезде батысқа жорық кезінде олжаланған байлықты 
монғол жеріндегі қарақорымға – Шынғыс хан ордасына жеткізуге пайдаланса, 
кейін Еуропада беделі өсіп тұрған Алтын Орданың астанасы арқылы өтетін 
Жібек жолы керуені осы жүзбелі көпір арқылы шығысқа жол тартқан. Сарайшық- 
Еуропа және Қазақстан мен Орта Азияның арасын жалғайтын көпір іспеттес. 
Араб саяхатшысы 
Ибн Баттута 
өзінің «Деште Қыпшаққа саяхат» атты еңбегінде 
«Сарайдан шығып, бірнеше күннен сол біз Сарайшық қаласына келдік, мұндағы 
«шық» - кішкене деген сөз, яғни Сарайшық кішкене сарай дегенді білдірген. Бұл 
қала Ұлы су деген кен арналы өзен жағасына орналасқан. Өзенге Бағдаттағыдай 
қайықтарды жалғастырып жасаған қалқымалы көпір салынған. Осы қалаға 
жеткен кезде біздің ат үстіндегі саяхатымыз аяқталды» деп жазған. Ибн 
Баттутаның саяхатына дейін көп бұрын, моңғолдардың астанасы Қарақорымға 
аттанған Еуропа елдері саяхатшылары Плано Карпини мен Гильом Рубруктың 
елшілері осы арадан өткен. Итальяндық Франческо Пеголотти ХІҮ ғасырдың 


103 
ортасында «1347 - 1355» Сарайшықтан түйе арбамен 20 күнде Үргенішке 
жеткенін жазған. [1] 
Әбілғазы Баһадүр ханның ХҮІІғ. Сарайшықтың негізін Бату хан салған 
деген пікірімен келісуге болады. Сарайшық өзге қалалармен қатар, Ертістен 
Дунайға дейінгі ұлан-байтақ өлкені билеген, кейінірек Алтын Орда аталған 
империя-Жошы ұлысының алғаш құрылған бірінші онжылдығында салынған.[2] 
Алғашқы кезде Алтын Орданың хандары мен оның төңірегіндегілер 
Сарайшықты саят құрып, көңіл көтеретін, қаланың шуағына табиғатқа шығып, 
демалатын орын ретінде пайдаланған. Жібек жолының Солтүстік Каспий 
тармағының Алтын Ордаға байланысты қайта жандануы Сарайшықтың жедел 
өркендеуіне, оның келешекте Хан Ордасы болуына жол ашты. 
Алтын Орданың ыдырауы барысында пайда болған ірі мемлекеттік 
бірлестіктердің бірі – Ноғай Ордасы болды. Ноғай Ордасы Алтын Ордадан ХІҮ 
ғасырдың соңына қарай бөлектене бастайды да, әмір Едіге тұсында мемлекет 
ретінде қалыптасуы жалғасып, оның баласы Нұраддиннің (1426 – 1440) тұсында 
аяқталды. Ноғай Ордасының негізгі аумағы Жайық пен Еділ өзендері 
аралығындағы далалық. Хандықтың орталығы – Жайық өзенінің төменгі 
ағысындағы Сарайшық қаласы. [1] 

Download 3,74 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   162




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish