«эхе» - «аға» және «чинос»
немесе
«жона
с» -қасқыр сөздерінен
шыққан, сондықтан «аға қасқыр», «үлкен қасқыр» деген мағына береді.
Кадырка-
жер, өзен. Қазақша Қадыр антропонимінің орысша айтылуынан
пайда болған, ерте кезде өмір сүрген Қадыр есімді беделді адамның атымен
байланыстырып жүр, ұрпақтары қазіргі кезде осы ауданда өмір сүріп жатыр.
Еңбекші селолық округінде орналасқан Оспантерек атауы осы адамның
баласының деген сөз бар.[ 5,61 бет]
Кадырка- Оспан әулетінің ата қонысы. Егіншілік пен бағбандық өз
несібелерін айырған. Оспанның оның баласы Қадірдің бір қауым елдің ырысына
айналған, жайқалып құлпырған алша бағы, бау-бақшасы, мақталық, жүзімдік
алқаптары болған. Өндірген өнімнің артылғанын өздерінің саман тастан
салынған дүкендерінде сатып отырпты. Ганюшкинмен екі ортаға ағылған
Жанбайлықтар өздеріне тансық бақшалық өнімдері сатып алып тұрған. Кадірке
деп те атап кеткен солар көрінеді.
Кеңес үкіметі орнаған соң мойынтұрыққа, жолдастыққа бірігіп,
Забурыннан балық аулады, ауылдар бала-шаға, әйелдер егіншілікпен
бағбандықпен айналысты. Халқымыздың тарихынд қанмен жазылған сталиндік
зұлмат жылдардың жасықсыз құрбаны болған әулетінің басын атүскен
шырғалаңды осы әулетінің ұрпағы Мәжиттің келіні ..... Қадырова Қалиса апай
әңгімесінен. «Тәлкекке түскен тағдырлар» [7], (серпер 25 қыркүйек 1996ж)
Мәжит Қадыров ҚР-ның балық өнеркәсібіне еңбегі сіңген қызметкер.( 3-сурет)
«Дүниеде әрбір бөлек жердің аты, Себеппен қойған бәрі елдің аты», – деп белгілі
ақын С.Сейфуллин нақ туып айтса, атақты М.Әуезов: «Біздің қазақ жер аты, тау
атын әманда сол ортаның сыр-сипатына қарай қоя білген жұрт. Кайда, қандай бір
өлкеге барсаң да, жер, су, жапан дүзде кездескен кішкене бұлақ атының өзінде
қаншама мән-мағына, шешілмеген құпия сыр жатады», – деп орынды нақты
суреттеген. Демек, топоним атаулы тарихи, географиялық және лингвистикалық
мәннен хабар беріп тұрады деген сөз. Мұның өзі белгілі бір өңірдің топониміне
97
қарап сол өңірде мекен еткен ұрпақтың тарихы туралы, тіршілік көзі жайында,
ой-өресі хақында, тіптен сезім сұлулығына дейін тамаша хабардар болып, белгілі
бір қорытынды жасауға мүмкіндік береді.[7]
Ғасырдан ғасырға, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа жетіп, жалғасын тауып
отырған жер-су атаулары, тұнып тұрған бай қазына, ғасырлық тарихи жәдігер,
тозбас мәдени мұра екендігіне дау жоқ. Сондықтан да соңғы жылдары оларды
жинап, саралап жіктеу, ғылыми тұрғыдан зерделей зерттеу, жер-су атауларының
сөздіктерін шығару жұмыстары біршама қолға алынып келеді. Әрине, бір ғана
атаудың түп-тамырын зерттеудегі еңбек қаншама күш-қуатты, жүйкені, сабырды
қажет етеді. Сонымен, жер-су атаулары – ғажайып тарих. Осы орайда «Әдет-
ғұрыптың қаймағы бұзылмаған қазақтарда өмірдің бір саласын қамтитын тарихи
оқиғалармен байланысты елді мекен, жер-су атаулары мен адам аттарының
атадан балаға жалғасып жататын жақсы дәстүр бар» деген Ш.Уәлихановтың
пікірі ойға оралады. Дәстүрді жалғастыру мақсатын қолға алынған бұл еңбек,
бүкіл ұрпақ қажетіне жарату бағытында, жан-жақты, соны, сындарлы қаралып,
зерттелуі қажет екендігіне баса назар аударылды.
Жұмыстың нәтижесінде, жер-су аттарының тарихын терең түсінуге
септігін тигізетін көмекші құрал ұсынылады.
Өз өлкеміздің жер су атаулары зертеліп болды деп толық айта алмаймыз.
Ойламаған жерден көріне қалар құпия сырлары ашылуы мүмкін.
Жас ұрпақтың өз өлкесінің жер су атауларын білуі- туған жердің тарихын білуі.
Өскелең ұрпақ бойында өз өлкесінің тарихын тани білуге деген құштарлық
сезімін ояту біздің басты парызымыз.
Құрманғазы - құт мекен,
Сырларға толы қойнауы.
Өлкелер жайлы толғашы,
Келер күннің ұрпағы.
98
Do'stlaringiz bilan baham: |