А. Салихжанова
Б. Бегалиев атындағы жалпы орта мектебі,
10 сынып оқушысы
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы
САРАЙШЫҚ – ҚАЗАҚТЫҢ КИЕЛІ МЕКЕНІ
Сарайшық қаласы — ортағасырлық Қазақстан тарихында өзіндік ерекше
орны бар қалаға жатады. Егерде еліміздің оңтүстік өңірі мен Жетісу өңіріндегі
қалалық мәдениеттің көрінісін көптеген ортағасырлық үлкенді-кішілі
қалалардан, қамалдардан, бекіністерден, елді-мекендерден көре алсақ, батыс
өңірдегі қалалық — Сарайшық қаласы арқылы байқалады. Бұл — қаланың көп
ерекшеліктерінің бірін құраса керек. Жалпы, ортағасырлық Сарайшық қаласы
туралы тарихи дерек мәліметтері баршылық, зерттеу еңбектерінде бұл қала атауы
жиі кездесіп отырады. Ал қаланың тарихына арналған арнайы зерттеу жоқ
болатын. Сондай-ақ бұл мәлімет — Сарайшық қаласының тарихнамасында
өзіндік орны бар еңбектер қатарына жататынына ешбір күмән жоқ. Атырау
қаласының солтүстігінен 55 шақырым қашықтықтағы Сарайшық шаһарының
тағдыры – бүкіл ел тағдырымен сабақтас.
Қаланың іргетасы ХІ ғасырда қаланған. Қасым хан тұсында Қазақ
хандығының астанасы болды. 1580 жылы Дон, Еділ казактарының
шапқыншылығынан қала біржолата қирап, күлге айналды. Кейін Ресей
патшалығы отаршылдық бекініс салды. Ол Қазан төңкерісіне дейін сақталып
келді. 1999 жылы қала орнына ескерткіш-пантеон, мешіт, мұражай кіретін
Сарайшық мұражай-қорығы бой көтерді.Сарайшық қаласының қалыптасуы:
Қаланың Сарайшық деп аталуы тегіннен-тегін емес, сол кенттің жанында бұдан
мың жылдан астам бұрын іргесі көтерілген Сарайшық атты Алтын Орданың орыс
деректері бойынша немесе Ақ Орданың (шығыс деректері бойынша) кезінде ірі
қалаларының бірі болған.Бұл қала неліктен «Сарайшық» аталды? Бұл туралы
мәселе қозғасақ, сол дәуірдің дерек көздеріне жүгінуге тиіспіз. Мысалы, XIV
ғасырдың алғашқы жартысында, Қыпшақ даласы арқылы Хорезмге сапар шеккен
араб саяхатшысы Ибн-Баттута былай дейді: «Сарайдан шыққан соң он күннен
кейін Сарайжук қаласына келдік, ол — Ұлы су (Жайық) жағасына орналасқан.
«Жук» — деген сөз бұл жерде «кіші» — деген мағынада, сонымен бұл қала —
«Кіші Сарай».Қазақстан территориясында моңғол шапқыншылығынан кейінгі
кезеңдерде елді мекендермен ірілі-ұсақты қалалардың пайда болуына
«Ордалардың» әсері де болғаны анық. Өйткені, Шыңғыс хан Дешті-Қыпшақ
бастаған ұлан-байтақ аймақтарды бағындырғаннан кейін осы басып алуларда
110
елеулі ықпал еткен ұлдары мен белгілі немерелеріне «орда» үлестіргені орта
ғасырлық деректерден белгілі. [1]
«Орда» сөзі түрік-моңғол тілдері үшін ортақ және бұл тілдердің сөздігінде
байырғы сөз болып есептелінеді. Оның бастапқы мәні — «үй, ханның үйі»,
«сарай үйі», «ханның, билеушінің резиденциясы, ордасы» деген жаңа мағына
пайда болған. Түрік-моңғолдар ортасында ислам идеологиясына қарсы болмаған.
Көп әйел алушылық жағдайында әр әйелге жеке үй беруді дұрыс санағандықтан
«орда» сөзі, тіпті «әйел» деген секілді метафоралық мағынаға да ие болды.Хан
ордасының жанында, кең далада әдетте «қызмет кәрсету салаларының» басқа да
өкілдері
өздерінің
отбасыларымен,
қызметшілермен,
барлық
шаруашылықтарымен бірге жүрді. Хан ордасының жанында саудагерлер,
елшілер, қолөнершілер т.б. хан ордасымен үнемі бірге көшіп жүріп, оның
жанында көбіне өте үлкен «көшпелі қала немесе елді мекендер қүрайтын».
Мұндай көшпелі қалалар «орда-базар» деп те аталатын, әлбетте, базар сөзінің
шығыстық мағынасында. Өйткені, шығыста базарлар тек сауда-саттық орны ғана
емес, сонымен қатар, түрлі бұйымдарды, тағам өнімдерін шығаратын орын
болған. Осылайша, күтпеген жерден алыс шалғайларда, бұрын-соңды елді
мекендер болмаған жерлерде кенет жаңа қалалар пайда болатын. Олар кейде
көшпеліліктен шығып, отырықшы тұрақты тұрғындары бар елді мекендерге,
тіпті, ірілі-ұсақты қалаларға айналған болар.Демек, қаланың Сарайшық аталуы
—
Кіші Сарай атынан туындаған деп жорамал жасауымызға болады, өйткені,
шаһардың бұлайша аталуы қаланың өмір сүрген кезеңдеріне тұтастай жалғасты
және орта ғасырдан біздің дәуірімізге жеткен деректерде де өзгеріссіз сақталды.
Сарай — деп, негізінен ханның ордасы аталған. Олай болса, Сарайшық — бұл
ханның екінші ордасы, яғни, жазғы мекені болуы мүмкін. Немесе басқа
себептерден Алтын Орданың астанасы дәрежесіне жақындаған қала. Бұл
пікірімізді нақтылай түсу үшін тағы да Ибн-Баттутаның Сарайшық қаласындағы
Алтын Орда ханы Өзбектің (1312-1342 жж.) алтын шатыры туралы жазбаларына
сүйенеміз: «Шатыр — алтын жапырақшалармен керілген уықтардан
тұрғызылған. Шатырдың ортасында алтын жалатылған тақ, тақтың аяқтары таза
күмістен құйылып, үсті асыл тастармен әшекейленген» — дейді.
Сонымен қатар, белгілі археолог Г.И.Пацевич Сарайшық қаласында 1373-
1374 жылдары Алтын Орда тағының мұрагерлері Ильбан хан мен Ала
Ходжалардың қоныстанғанын растайды. Бұл дәлелдерден Сарайшық қаласының
Жошы ұлысының бір ауданының орталығы болуы мүмкін деген қорытынды
жасауымызға да әбден болады. [2]Қазақ хандығы кезіндегі Сарайшық: Алтын
Орданың ыдырауы — Қазақ халқының бірігуіне жол ашса, Әбілхайыр
хандығының ыдырауы мен Моғолстанның әлсіреуі — Қазақ халқының қалыптасу
процесін біржолата аяқтауды шапшаңдатып, халықтың саяси бірлігінің негізі -
мемлекеттілігінің де құрылуын тездете түсті. Өйткені, бұған дейін-ақ көшпелі
мал шаруашылығы мен отырықшы-егіншілік және қала шаруашылықтары
111
қалыптасқан аумақтардың өзара экономикалық байланыстарының қоғамдық
өмірде тұрақты орнығуы қазақ тайпаларының бір тұтас саяси құрылымға
бірігуіне мемлекет қана халықтың этникалық бірігу барысындағы әртурлі
ықпалдардың әсерін жойып, халықтың этнос ретіндегі мәдени, шаруашылық
дамуын қамтамасыз ете алар еді. Мысалы, «Қазақ қоғамы дамуының бүкіл
барысындағы ұзаққа созылған ішкі соғыстар мен талас-тартыстар және қазақ
билеушілерінің көршілес Орта Азия, Шығыс Түркістан, Сібір, Жоңғария
аумақтарындағы
ерікті-еріксіз
жүргізген
сыртқы
соғыстары
сияқты
факторлардың да теріс ықпал жасағаны аз болған жоқ. Бұл факторлар объективті
түрде пайда болған шаруашылық, мәдени және этникалық байланыстарды қайта-
қайта үзіп отырды».Осыған орай XV ғасырдың екінші жартысында
көшпелілердің, яғни, бүгінгі Қазақстан аумақтарындағы ру-тайпалардың
мемлекеттілігі туралы мәселе — болашақтың кепілі ретіндегі мәнге ие бола
бастады. Өйткені, бұл кезең- Қазақтың жаны мен Ұлттық мінезінің және
Рухының қалыптасу дәуірі болды. Себебі, қазақ халқының біртұтас саяси
құрылымға ұмтылуына сол кезеңдегі Шығыс Дешті-Қыпшақ пен оған іргелес
аймақтардағы геосаяси ахуалдар да айтарлықтай ықпал ете бастады. Мысалы,
қалыптасқан қазақхалқының онан әрмен қалыпты дамуына моңғол ұлыстарының
күйреген орындарында пайда болған бірнеше саяси құрылым-мемлекеттерге —
Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай Ордасы және Сібір хандығы
бөлшектенуі — халық санының азайып, экономикалық құлдырауға ең бастысы
—
туыстас этникалық топтардың өзара алшақтай түсуіне, саяси және
шаруашылық байланыстарының үзілуіне әкеп соқтырған дұшпандық әрекеттері
үздіксіз созылған соғыстарға ұласа бастады. [3]
Қазақ халқы қашаннан өзінің ұшы-қиырсыз кең даласының табиғи-
географиялық жағдайына байланысты орналасып, көшпелі, жартылай көшпелі,
отырықшы ғұмыр кешті. Экономикалық жайы, салт-дәстүрі, әдебиеті мен
мәдениетін дамытты. Оны осы ықылым заманнан бері табан тіреген қасиетті
жерінен табылған және сақталған археологиялық және архитектуралық,
фольклорлық, кейбір жазба деректері мен жәдігерлері айқын дәлелдейді. Сайып
келгенде, әлгі айтқан археологиялық мұралар – жазу-сызуы аз, жылнамасы жоқ
халқымыздың сыр-сипатын бүкпесіз ашып беретін бірегей құжат. Ондай
ескерткіштер ұзыны – Атыраудан Алтайға, көлденеңі Арқадан Алатауға дейін
созылып жатқан кең байтақ өлкемізде жетерлік. Олар әрдайым өзге ел
ғалымдарымен қатар өз қандастарымызды да қызықтырып отырған. Ал әділіне
бақсақ, бұл үрдіс әлемдік ілім-ғылыммен терең қаруланған қазіргі кезеңде тіптен
өсті. Өткені бар, осы күнгісі тағы жетерлік – солардың азды-көпті зерттеулерін
түйіндеу арқылы қазіргі туған халқымыз мәдениетінің қалыптасу кезеңдерін
айқындауға, тереңірек түсінуге мүмкіндік алды. Ұлы жібек жолындағы көне
қала:ХІІІ-ХVІ ғасырларда Батыс пен Шығысты байланыстырған Ұлы Жібек
жолының бойындағы маңызды бекеттің бірі, Хан Ордасы болған ортағасырлық
112
қала Сарайшықтың айналасы кезінде сулы, көлді, тоғайлы, қалың ну болған. Қала
Қара теңіздің солтүстігінен Алтын Орданың ұлы қаласы Сарай Беркенің үстімен
Қытайға, Хорезмге асатын үлкен керуен жолының үстінде болған. Екі
континенттің шекараларында орналасқан Сарайшық арқылы Еуропа мен
Азиядан тауарлары тиелген көптеген керуендер, көпестер, саяхатшылар өткен.
Керуен жолы бірнеше тармақтар бойынша тоғысқан. Жібек жолы, әсіресе,
Сарайшықтың өркендеуіне тікелей әсерін тигізген. Күн-түні ағылған керуен қала
үшін байлықтың көзі болған, тез өсіп, байи түскен. Онда сол заманғы шығыстық
сәулет өнерінің озық үлгілерімен салынған ғимараттар болған. Кезінде орыс
патшасы өзінің Мәскеуінде Қызыл Алаңды салдырарда оның жоба-үлгісін
Сарайшықтан, Кремль қорғанының жоба-үлгісін Бату Сарайынан алған.
Сарайшық Алтын Орданың рухани астанасы болған. Берке хан мемлекет
қазынасынан әдейі қаржы бөлдіріп, көгілдір күмбезді мешіттер салдырған,
діндарларды, дәруіштерді, қайыршыларды тегін тамақтандырған. Онда сондай-
ақ Алтын орда хандарының резиденциясы,сәулетті ғимараттар мен медреселер,
қолөнершілер шеберханасы болғандығы да айтылады. Ұлы өзеннің (Жайық)
үстінде желкенді қайықтар жүзіп жүрген, Еуропа мен Азияны байланыстырған
аспалы көпір де болған деген деректер бар. Өзеннен қаланың әрбір үйлеріне су
кәріздері тартылған. «Аққу көл» аңызы
:
Сарайшықтағы «Аққу көлі», «Алтын
қайық», «Көмілген мол қазына» туралы халық аузында аңыздар көп. Сол
аңыздың бірі былайша айтылады. Алтын Орда ханы Жәнібек (Әз Жәнібек 1341-
1357 ж.ж. билік еткен) Сарайшыққа хан сарайын салғызып, жылдың біраз
мезгілін осында өткізеді екен. Сол Жәнібек ханның өзге балаларынан артық
көрген бір сұлу қызы болыпты. Осы сұлу қызына арнап көл жасатыпты. Көлде су
періштесі - аққу жүзіп жүріпті. Сұлулыққа сұқтанған хан аққуларды айдыннан
ұшырмас үшін қырық атанға жүк болар секер төктіріпті. Содан көл «Секер көлі»
немесе «Аққу көлі» атаныпты.Хан сондай-ақ қызына арнап «алтыннан қайық»
жасатқан. «Алтын қайық» мінген ару қыз серуенге көлге шыққанда, аққудың
көптігінен кәнизактар оларды қолымен жасқап, жол ашады екен. Сұлулық пен
байлыққа тамсанған қала тұрғындары да, керуеншілер де осы ғажайыпты
тамашалап, көл жағасынан кете алмаса керек.Аяқ астынан хан қызы дүние салып,
қызын қатты жақсы көрген әке қапаланғаннан қызын күллі қалалықтың көзінше
арулап, тірі күнінде ұстаған асыл бұйымдарымен, алтын қайығымен бірге
жерлетпекші болады. Алайда сабасына түсе келе, қара жүректі қарақшылар
қазына іздеймін деп, қызының бейітін тонап, сүйегін қорлап жүрер, одан да өзім
де білместей құпия жерлетейін деп шешеді. Ол жалдап алған бірнеше адам қызды
түн кезінде жерлеп, үстінен ерсілі-қарсылы үйір-үйір жылқы айдайды,
тапсырылған жұмыстарды аяқтап, келісілген уәде бойынша, тиесілі алтындарын
алмақ боп сарайға келгенде, оларды күтіп тұрған жендеттер ауыз ашуларына
мұрша берместен, бастарын алған екен. Жәнібек ханның қызының «алтын
қайығы» қай жерге жерленгені құпия күйінде қалып қойыпты. Сонымен бірге сол
113
жерге хан қызының мол қазынасы бірге көмілген екен. Содан бері Сарайшықта
«алтын қайықтар жатыр» деген сөз де қалған. [4] Мақаламды түйіндей
келе:Қазақстан тарихында ортағасырлық Сарайшық қаласының алатын орны
ерекше. Еліміздің оңтүстігі мен Жетісу өңіріндегі қалалық мәдениеттің көрінісін
ортағасырлық үлкенді-кішілі қалалар, қамалдар, бекіністер, елді мекендерден
көре алсақ, ал батыс өңірінен бұл кереметтің бәріне Сарайшық қаласы арқылы
тәнті болуға болады.
Описание:
В 50 км от современного города Атырау, на
правом берегу Жайык сохранились руины некогда величественного и
знаменитого города Сарайджука (нынешнее название-Сарайчик), согласно
исторической версии, изложенной Абулгази Бахадур-ханом (1644-1664),
основанного Батыем (годы правления 1227-1255), братом Берке (1257-1266).
Әдебиеттер тізімі:
1.
Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. №7 том, 554 бет.
2.
Жанұзақ Ғ. «Сарайшық-астана қала». Ақтөбе, 2004 ж.
3.
Жұмабаева К., Қипиев Қ. «Сарайшық –бабалар мұрасы».. Атырау, 2015 ж.
4.
Тасмагамбетов И., Самашев З. «Сарайшық».
Do'stlaringiz bilan baham: |