93
ғасырдың 80-жылдары бұл арада ферманың 3 мың сиырын бір сәтте қатар тұрып
сіміргенде әлгі құдықтың суы бір еліге төмен түспепті.
«Қиғаш»
-өзен және ауыл атауы. Түркіше қиғаш сөзі. «қисық», бұралып,
теріс ағатын өзен. Қиғаш өзенінің бойында бірнеше елді мекен орналасқан,
олардың біреуі «Қиғаш» есімімен аталады.
Кадырка -
жер, өзен атауы. Жердің атауы Қадыр есімді беделді адамның
атымен байланысты. «Оспантерек» атауы осы адамның баласының жұрты деген
сөз бар. Оспан-егіншілік, бағбандық кәсіппен айналысуына байланысты қоныс
«Оспантерек» аталған.
Фриедеман Гебель 1794жылы 21 ақпанда Германияның Вейлер қаласының
маңында дүниеге келіп, 1828 жылдан өмірінің ақырына дейін (мамыр, 1851ж)
Эстониядағы Дерпт (қазіргі Тарту) университетінде химия және фармация
профессоры міндетін атқарады. Ресейдегі тұңғыш фармация институтының
негізін қалған ғалым. Ф.Гебель Ресей Ғылым академиясының тапсыруымен
төменгі Еділ Жайық аралығындағы далалықты зерттеу мақсатымен ғылыми
экпедицияны бастап 1834ж 21 қаңтарда Дерптен аттанады. [1,15 бет]
Ф.Гебель экспедециясы мүшелері Қара және Каспий теңіздері ежелде
бөлініп кеткенбе біртұтас теңіз болдыма жоқ о бастан бөлек пайда болған ба
деген сұраққа жауап табу мәселесін қойды. Іргелес аймақтардың
Геология,
рельфін зерттеп суларын салыстыру, химиялық анализ жасау қажеттігін жақсы
түсінді. Теңіздер маңындағы тұзды көлдердің құрғап қалған тұз қабаттарын,
вулкандық балшықтарды, газ тәріздес буларды флорасы мен фауналарын
зерттеуге тиіс болды. 15 сәуірде Камышин қаласы тұсынан Еділ сол жағалығына
өтіп, сахаралықтарына жетеді.
Эльтон тұзды көліне зерттеу жүргізеді. 23 сәуірде қазақ ждаласына келіп
Жәңгірдің қабылдауында болады. Ханнан сыйлыққа сабына оның есімі ойылып
жазылған қанжарын, ауқатты қазақтардың өмірінен алынып, салынған бірнеше
сурет көріністерін алады, инженер Тафаев сызған Бөкей қандығының картасымен
танысады. Дарынды ғалым аса шеберлікпен осы картаның көшірмесін қағазға
дәлдеп түсіріп алады. [16-17 -бет]
Индер тауының тұзды көліне соғып, зерттейді, тұзды судың анализін алып
өсімдіктерін жинайды. Мамыр айының бас кезінде Гурьев қаласына жетіп, бір
аптадай Каспий теңізіне шығып, Пешной аралында екі тәулік бойына теңіз суына
химиялық анализ жасап жайықтың жағасын картаға түсіреді. Атыраудан
батысқа-Астраханьға келе жатып, жолшыбай зерттеу барлау жұмыстарын
тоқтатпайды. Ф.Гебель Жаманқала, Махамбет, Исатай аудандарының сол кездегі
уездік қала Красный-Яр арқылы Астранаьға келеді, біраз демалып қазіргі
Құрманғазы ауданына қарасты Кордуан деп аталатын 17 тұзды көлдерге күрделі
зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сулары, балшықтарына химиялық
анализ
нәтижесінде Ф.Гебель Кіші Кордуан көлінің қышқылды тұзынан сода өндіруге
болатынын дәлелдеп, сол кездегі Астрахань дәріханаларының қожасы
94
К.И.Оссенің 1839-1860 жылдар бойына өндірістік әдіспен осы көлдің тұзынан
сода шығаруына жол ашады.
Кордуан шығу тегіне назар аударып, оның этимологиясын татар тілінен
туындатуы және мағынасын түсіндіруге тырысуы таңданарлық. Ғалым Кордуан
тұлғасы «Қар және дуан» болып екіге бөлініп, олар татарша «қар ериді», яғни
биік далалықта қар ұзақ жатпайтындықтан, «қарсыз дала» деген мағына береді
деп пікір айтқан. [1, 17 бет]
Осы атаудың этимологиясын ХVI ғасырдағы (1627ж) «Үлкен сызық»
кітабынан анықтап, оның Ф.Гебель түсінігіндегідей Кордуан да,
Тіл білімі
институтының професорынан келген «Хордобун»-да (монғ «Қара төбе») емес,
түрікше «Карадубан» немесе «Карадубин» тұлғасында болып шықты. Сөйтіп бұл
атау түркі тілдеріндегі «дуван», туван, тойн, дуен» деген сөздер негізінде
туындаған «емдік қасиеті бар», «қара балшық, лай» көлі немесе осындай
«балшықты тоған» болып шықты. [1,18 бет]
Кордуан көлдерін зерттеп болған соң Ф.Гебель Қазақстанның батыс шекарасына
таяу жатқан Азғыр (моңғ «арзағыр», арызғыр-«арсиған», «ойлы-қырлы»), Богдо
(монғ, «қасиетті» және Чапчачи (монғ «Шабылған») тауларына барып, ондағы
тас тұздар мен тұзды көлдердің суын зертеп, Владимировка селосының тұсынан
Еділден батысқа өтеді де Дон-Қырым далалықтарында болып Дерптке қайтып
оралады. [1,18 -19 бет]
Құрамында Гесс, Бэр, Ленц және Бонгорд сынды әйгілі ғалымдар енген Ресей
ғылым академиясының жоғарғы комиссиясы Ф.Гебельдің осы еңбегін Демидов
сыйлығына ұсынған.
Азғыр
- елді мекен, ауданға қарасты Ресейдің Астрахань губерниясымен
шекаралас ауыл, осы ауылдың маңында Азғыр ядролық сынақ
полигон
орналасқан. Атау туралы түрлі пікірлер бар. Е.Қойшыбаев
Do'stlaringiz bilan baham: