«сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы атырау облысы білім беру басқармасының Әдістемелік орталығЫ



Download 3,74 Mb.
Pdf ko'rish
bet54/162
Sana26.06.2022
Hajmi3,74 Mb.
#705534
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   162
Bog'liq
Jinaq123

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
 
1.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы: «Қазақстан жолы-2050: Бір 
мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 17.01.2014ж. 
2.
Сарайшық аңыздары // Ана тілі газеті.1993 
3.
Жақсығалиев Ж.Ж. «Қазақстан журналы» 2010-116 б 
4.
Тасмағамбетов И. Сарайшық. Алматы, 2004-320 
5.
«Қазақстан тарихы»: әдістемелік журнал 3.2016 
Н. Ж. Жасұланова 
Ф.Досымова атындағы орта мектебі 
11-сынып оқушысы 
 
ТУҒАН ӨЛКЕ АТАУЫ ТҰНҒАН ТАРИХ 
 
Бүгінгі шағын ғана бұл баяндамада, өз туған өлкемнің тарихы туралы 
айтқалы отырмын. Менің туған өлкем, туып өскен жерім – Атырау. Қарап 
отырсақ, әр жердің өзіндік бір тарихы бар. Атырау – бірден Атырау болып кеткен 
жоқ. Оның да тарихы бар. Менің білуімше, Атырау бастапқы кезде Гурьев деп 
аталған. Бірақ оның да бірден Гурьев деп аталып кетпегенін білдім. «Тамыры 
«Үйшіктен» басталды, Атырау қаласына 376 жыл толды» деген айдармен өткен 
жылы бұқаралық ақпарат құралдары отарлау заманында әдейі құлағымызға 
сіңірілген тіркесті тағы қайталады. Сайып келгенде мұның өзі өткен 
тарихымызды терең сезінбеуден туындаған тұжырымдар екені бүгінде айтпаса да 
түсінікті. Өйткені қазақ тарихын Ресей көзқарасымен зерделеу санамызда әбден 
орнықты. Сонда қазақтың сан ғасырлы тарихы қайда, бүгінгі Атырау қаласы 
тарихы 1640 жылы көпес Гурии Назаров ұлдары Михаил, Иван және Андреймен 
бірге Жайық бойына келіп қоныстанып, Жайық өзенінен балық аулауымен 
бастала ма? Жалпы әлемдік тарихта қала бір күнде, негізі жоқ елді мекенде пайда 
болмайды. Мәселен Украина Республикасының И.И. Мечников атындағы 
Одесса 
мемлекеттік 
университеті 
тарих 
факультеті 
ғалымдарының 
Днепропетровск, Запорожья, Киев, Одесса, Чернигов қалаларының жасын 
анықтауды қайта қолға алуы және өткен ғасырларда оларды саралауда түрлі 
империялық және кеңестік ұстанымдардың негіз болғанын алға тартуы қала 
тарихында да біржақты идеологиялық көзқарастың үстем болғанын айғақтайды. 
Оған күні кешеге дейін тарихын 1854 жылдан бастаған Алматы қаласының өз 
бастауын мың жыл бұрын, Астана қаласының 1830 жылдан емес VІІІ ғасырда 


84 
өмір сүрген Бозоқ қаласынан бастауын атасақ көп нәрсе түсінікті болады. 
Бүгінде Семей қаласы әкімияты да қала негізінің 1718 жылы қаланған әскери 
бекіністен басталу мәселесін ғалымдарға мұқият тапсырды. Өйткені 
тарихшылар 840-940 жылдары көне Семейдің Қимақия мемлекетінің астанасы 
болғанын бірнеше рет көтерді. Өзімізбен көршілес Батыс Қазақстан облысының 
сол кездегі әкімі Н.Ноғаевтың бастауымен 2012 жылдың 21-22 қыркүйегінде 
«Орал өзені алқабындағы ортағасырлық қала мәдениеті және көшпенділер 
өркениеті» атты халықаралық конференция ұйымдастырып, Орал қаласының 
тарихы 1613 жылдан емес, қала тарихы ХІІІ ғасырдан бастау алатыны ғылыми 
фактілермен дәлелденді. Содан бері Орал тарихын 400 жылдан асыра казак- 
орыстар қалаған Жайық қалашығынан бастап тойлау датасы тоқтатылды. Мұның 
өзі кешегі кеңестік заманда Қазақстандағы қалалардың дені орыстардың жаулап 
алуымен салынды деген тұжырымын жоққа шығарды және тарихи шындықтың 
орнығуына жол ашты. Өйткені ұлан-байтақ қазақ жерінде ата-бабамыз тек көшіп 
қана қоймады, оны қорғап шағын сауда-саттыққа қажетті елді-мекендер салды. 
Олар Алтын Орда тұсында саяси-экономикалық маңызды орталықтар ретінде 
танылды. 
Сонымен Атырау қаласы тарихы қай кезеңнен бастау алады? Өлкетанушы 
В.Афанасьев: «1950 жылдардың аяғында геология институтының ғылыми 
қызметкері Сапар Қарымсақов маған Гурьев қаласының шығысына қарай 18 км. 
жердегі Сақол (деректе осылай жазылған – Ә.М.) мекені маңында ежелгі калмақ 
қалашығы туралы терілген қағазды ұстатты. Содан Сапар екеуіміз оны іздеп 
таптық. Осы ескерткішті алғаш рет 1965 жылы археолог М.С. Мерщиевке 
көрсеттім. 1960 жылдар соңында ескерткішпен КСРО ҒА Археология 
институтының ғылыми қызметкері Л.Галкин танысты. Қорытындысында 
бірлесіп, табылған ескерткіш материалдары негізінде қоныстың ХІІІ-ХІҮ 
ғасырларда болғанын дәлелдеп мақала жарияладық. Содан Л.Галкин 1977 жылы 
«Археологические открытия 1977 года» еңбегінде Алтын орда қалашығын 
Пицигани картасына сүйеніп Лаэти қаласы деп атады. Сонымен жаңадан Лаэти 
атауы пайда болды» деп жазады (Афанасьев В.К. Реестр Археологических 
памятников области. – Атырау: Типография АО «Алмаз Инжиниринг», 1996. - 
С.56-57). Өлкетанушы «Лаэти» атауын түркі сөздеріндегі «лай» немесе 
«лайланған» сөздерімен түсіндіреді. Ал Ақтөбе-Лаэти қаласының осы күнге 
дейін сақталмай жойылуы жөнінде бүгінде екі пікір қалыптасқан. Оның бірі, 
Ақсақ Темірдің 1396 жылы жаулап алуымен, екіншісі, Каспий теңізінің көтеріліп 
айналаны басуы әсерімен байланыстырылады. Яғни, Ақтөбе-Лаэти қалашығы 
бүгінгі Атырау қаласының аумағында орналасып, ХҮ ғасырда қала қиратылған, 
я жойылған деуімізге әбден болады. Оны белгілі археолог К.Байпақовтың 
«Жайықтың төменгі жағында тағы бір ірі қалашық табылып зерттелді. Ақтөбе 
қалашығындағы 
қазба 
жұмыстар 
тұрғын 
үйлердің 
кан 
жүйесімен 
жылытылатынын анықтады» дей келе, Ақтөбеден бидай сақтайтын ыдыстар 


85 
кездесті, ал табылған керамика мен тиындар қалашықтың ХІІІ-ХҮ ғасырда өмір 
сүргенін айғақтайды дегені дәлелдей түседі (Байпаков К.М. Города Казахстана 
ХІІІ-ХҮ вв. // Средневековая городская культура и кочевая цивилизация бассейна 
реки Урал / Материалы международной конференции. / Под общей редакцией 
профессора Сдыкова М.Н. –Уральск, 2012. -С.37). 
Ендігі қызықты материалды 2015 жылы Татарстан ғалымы нумизматик 
Р.Ю. Рева ұсынды. Р.Ю. Рева 2006 жылы Саратов қаласынан табылған Алтын 
ордалық тиынды оқып, оны Құтлукент қаласында соғылғанын анықтады. Оның 
есебінше Құтлукент Жайық бойында Атыраудан қашық емес жерде орналасқан 
екен. Атыраулық археолог М.Қасенов Р.Ю.Реваның жаңалығымен танысып «Ол 
өкінішке орай Ақтөбе-Лаэти қаласын білмейді. Оның Құтлукент қаласы Ақтөбе- 
Лаэти қаласы болуы да мүмкін» деген ой білдіреді. Дегенмен татар ғалымының 
жаңалығы назар аударуға тұрарлық. Ол 1348 жылы қайтыс болған Ибн 
Фадлаллах әл Омаридің жазбасын пайдаланған Ресейлік шығыстанушы В.Г. 
Тизенгаузеннің аудармасындағы «Хорезм мен Сарай арасында Хиуа және 
Құтлукент қалалары бар» деген жолдарды тұпнұсқамен қайта саралайды. 
Нәтижесінде зерттеуші Хорезмнің астанасы Үргеніш қаласы, сондықтан Үргеніш 
пен Сарай арасындағы керуен жолын Хиуа жалғамайды, өйткені, Хиуа керуен 
жолында болғанымен ол Сарайды Мавреннахрмен немесе Үргенішті Бұхарамен 
байланыстырады, ал Хорезм мен Сарайды жалғауы мүмкін емес деген тоқтамға 
келеді. Р.Ю.Рева зерттеуі соңында Әл Омари еңбегіндегі жолдарды «Хорезм мен 
Сарай арасында Учик (Үйшік бүгінгі Атырау қаласы) және Құтлукент қалалары 
бар» деп оқуды ұсынады. Ол Құтлукент қаласы Сарайшық қаласының алғашқы 
атауы, ия болмаса, әлі табылмаған қала болуы мүмкін деген қорытынды жасайды. 
Ғалымның пікірі ғылым әлемінде кеңірек насихаттала қоймаса да тың тұжырым 
екені белгілі. Оның үстіне ХІҮ ғасырдағы Әл Омаридың зерттеуін жаңаша 
саралауы, сөз жоқ, біраз мәселеге өзгеше қарау қажеттігін айғақтайды. Оны 
назарға алсақ сонда Үйшік атауы Алтын орда заманынан бері келе жатқанын 
байқаймыз. Олай болса Л.Галкин, Р.Ю. Рева зерттеулеріндегі Ақтөбе - Лаэти – 
Үйшік – Құтлукент қалалары бүгінгі Атырау қаласының бастауында тұрды 
деуімізге толық құқығымыз бар. Ал олардың орнында кейінірек жаңа 
қалашықтың салынуы тікелей Москва патшалығының Азия бағытындағы 
отарлау тарихымен тікелей байланысты. 1580-1581 жылдары Сарайшық 
қаласының талқандалуы, казак-орыстардың Москваның қолдауымен Жайық 
бойларын басып алуы, оның ықпалымен Гурий Назаровтың Жайық тармағына 
орналасуы Атырау қаласының жаңа даму кезеңін құрады. Соңында көне қалашық 
орны Жайық өзеніндегі қалашық, кейін бүгінгі Орал қаласы орнында Верхний 
Яицкий (Жоғары Жайық) қалашығының пайда болуына байланысты Нижний 
Яицкий (Төменгі Жайық) қалашығы атауын иеленеді. Араға уақыт сала Усть- 
Яицк қалашығы болып өзгереді. 1848 жылы В.Юматов «Оренбургские 
губернские ведомости» газетінде осы мәселені арнайы көтеріп, қала 1708 


86 
жылдан бастап Гурьев деп атала бастағанын жариялады. Мұны байқаған В.Фосс 
1868 жылғы «Очерки Гурьева-городка» еңбегінде: «Қала ертеде, ХҮІІІ ғасырға 
дейін Жайық қалашығы немесе Жайық өзені сағасындағы қалашық, кей кезде тас 
қалашық аталды. Қалашық ХҮІІ ғасырдың алғашқы жартысында (1640-1645 
жылдар аралығында) қаланды» деп жазады. Орыс патшасының 1708 жылғы 18 
желтоқсандағы жарлығында Қазан губерниясына бағынатын Астрахан қаласы 
қарамағына «Гурьев, Яицкий (бүгінгі Орал – Ә.М.), Красный и Черный Яр» 
қалалары берілген. 1732 жылы Астраханнан Хиуа мен Бұхараға барып қайтқан 
И.Г.Гербер өз жазбасында Гурьев қалашығында болып қаланың патшаға 
бағынуы үшін салынғанын растайды. Сонымен орыс патшасының Қазақстанды 
отарлауы барысында Атырау қаласы Жайық – Төменгі Жайық - тас Жайық - 
Усть-Яицк – Гурьев қалашығы болып өзгертіледі. Қазан төңкерісінен соң орнаған 
Кеңестік билік тұсында 1920 жылы Гурьев қаласы қызыл командир В. Чапаев 
есіміне берілгенімен, жарты жылдан соң Гурьев атауы кері қайтарылады. Бұл 
арада большевиктік биліктің отарлаушылар қалыптастырған атаудан аса 
алмағаны байқалады. Ал 1991 жылы 4 қазанда ел тәуелсіздігі қарсаңында Гурьев 
қаласы халық депутаттары кеңесі Гурьевті Атырау атауына ауыстырып тарихи 
ақиқатты қалпына келтірді. Сонымен бүгінгі Атырау қаласы тарихы ХІІІ 
ғасырдағы Ақтөбе-Лаэти – Үйшік – Құтлукент - Жайық - Төменгі Жайық - Усть- 
Яицк – Гурьев – Чапаев - Гурьев қалаларынан бастау алады. Олай болса қала 
тарихын ХІІІ ғасырдан бастауды ұсынамыз. Мұның өзі Атыраудың бай тарихын 
дәлелдеп 
қана 
қоймайды, 
сонымен 
бірге 
сан-ғасырлық 
ұрпақтар 
сабақтастығының еш үзілмегенін айғақтайды. Ал қала күні бұрынғысынша 
үйреншікті қазан айында атап өтіле берсе болады. Меніңше, қаламыздың Рухани 
жаңғыруы осыдан басталмақ. 

Download 3,74 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   162




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish