«сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы атырау облысы білім беру басқармасының Әдістемелік орталығЫ



Download 3,74 Mb.
Pdf ko'rish
bet160/162
Sana26.06.2022
Hajmi3,74 Mb.
#705534
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   162
Bog'liq
Jinaq123

Әдебиеттер тізімі: 
1. 
Қылыш 2 қорғанына 2012 жылы жүргізілген археологиялық қазба 
жұмысының ғылыми есебі. Атырау. 2013 ж. 
2. 
Қылыш 4 қорғанына 2013 жылы жүргізілген археологиялық қазба 
жұмысының ғылыми есебі. Атырау. 2013 ж. 
3. 
Қылыш 3 қорғанына 2014 жылы жүргізілген археологиялық қазба 
жұмысының ғылыми есебі. Атырау. 2014 ж. 
 
 
Ж. Байгалиев 
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 
 
 
КӨРМЕЛЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨЛКЕТАНУДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ 
 
Ортағасырлық Сарайшық қаласы қазіргі Батыс Қазақстан аймағында бой 
түзеген Алтын Орда, Ноғай Ордасы және Қазақ Хандығының астанасы, мәдени 
орталығы болған тарихи мекен. Қала қирандыға айналғаннан кейін бірқанша 


327 
уақыт өткеннен соң бұл жерде көптеген зерттеу жұмыстары басталды. 1963 жылы 
қаланың сақталған орындары және Жайық өзені жағалауынан жиналған 
жәдігерлері арқалы мектеп музейі қалыптасты. 1999 жылға келіп бұл Мектеп 
музейі «Хан Ордалы Сарайшық» музей қорығына айналды. 
Музей-қорық 1999 жылғы 19 қазанда Атырау облысы әкімінің № 209 
шешімімен «Хан ордалы Сарайшық» облыстық мұражай-қорығы болып 
құрылған болатын. Кейін, 2018 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің № 162 қаулысымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт 
министрлігінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 
республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды. 
Кәсіпорынның қызметінің мәні мәдениет саласындағы қызметті жүзеге асыру 
болып табылады. Қызметінің мақсаты – мәдениет саласындағы ғылыми-зерттеу, 
мәдени-білім беру және танымдық-туристік қызметті, оның ішінде тарихи- 
мәдени мұраны сақтауды, оны танымал етуді жүзеге асыру. 
Қазіргі күнде музей-қорықтың алға қойған негізгі мақсаты Сарайшықты 
дамыту, оны туристік орталыққа айналдыру. Әрине бұл мақсатқа бірден жеті өте 
қиын. Қазіргі күндегі музейлердің алдындағы негізгі проблемалардың бірі 
музейге келушілердің санының аздығы. «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени 
музей-қорыққа айналды. Бірақ осы қысқа уақыт аралығында халықтың назарына 
музейдің, жәдігерлердің және Сарайшық қаласын тарихын насихаттау 
мақсатында «Ортағасырлық Сарайшық: Қазақ Елінің астанасы» тақырыбында 
бірнеше жылжымалы көрмелер ұйымдастырылды. Осы арқалы халықпын тығыз 
байланыс орнатылып, оларға атқарылып жатырған жұмыстар және болашақтағы 
жоспарлары туралы айтылып, олардың бұл істер туралы пікірін білу, сонымен 
қатар өскелең жас ұрпақ санасына өлкенің тарихын терең түсінуіне жағдай жасау. 
Қазіргі күнде музей қызметкерлері Махамбет, Индер аудандары, Назарбаев 
зияткерлік мектебі және №4 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 
болды. Көрмелерден орын алған жәдігерлер туралы айтар болсақ. Олар XIV-XV 
ғасырларға тиісті құмыралар, сырлы ыдыстар, су шығару құрылмасы – 
шығырдың арнайы құмырасы, құрылыс материалдары және ортағасырлық мыс 
пен жезден жасалған тиындар мен патшалық Ресей дәуіріне тиісті ақшалар, қыш- 
құмыралар, құрылыс тастары мен сүйектен жасалған бұйымдар халықтың 
назарына ұсынылды. Сонымен қатар көрмеден жәдігерлерден бөлек 5 стендте 
орын алды. 
1.
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы тарихы – 1963 жылы 
өлкетану үйірмесі ретінде өз жұмысын бастап, 2018 жылы мемлекеттік қорыққы 
айналу кезеңіне дейінгі тарихы баяндалады. 
2.
«Сарайшықты зерттеген ғалымдар» – бұл стендте қаланың орында 
археологиялық зерттеу жұмыстарын алып барған тарихшы-ғалымдардың 
пікірлері орын алған. Олар: И.Гербер, А.Лоскутов, А.Е.Алексеев, Н.К.Арзютов, 
Ә.Х.Марғұлан, З.Самашев т.б. 


328 
3.
«Сарайшық – Қасым ханның ордасы» – бұнда Қасым ханның өмірі сонымен 
бірге, ел билеген кезеңдегі оның құдіреті сол дәуірде өмір сүрген тарихи 
тұлғалардың еңбектерінде жарық көрген. Солардың бірі Үндістанды билеген 
Бабыр Қасым хан туралы былай дейді: «Қасым хан бүкіл Дешті-Қыпшақтың 
падишахы болды. Ол ұлы істер жасау үшін туған адам еді. Қасым ханның 
қисапсыз әскері қазақтар мен ноғайлардан құралған еді»- деп жазған. 
4.
«Сарайшық жәдігерлері» – стендте қала орнынан табылған басқада 
жәдігерлердің суреті бейнеленген. Ол суреттерде селадонды ыдыстар, сырлы 
ыдыстар, сырланған және қарапайын құмыралар, биіктігі 80 см келетін үлкен 
һумдар көрсетілген. 
5.
«Әлем тарихындағы – Сарайшық» – бұл жерде қала тарихы жайлы жазылған 
еңбектер жинақталған. 
Осы уақытқа дейін 4 жерге көрме ұйымдастырылған болса, көрме 
барысында 700 астам адамға Сарайшық тарихы, бүгіні және болашағы туралы 
көптеген мәліметтер берілді. Көрме барысында ардагерлер, ұстаздар және 
оқушы-студенттер мен сұхбаттар жүргізіліп, өлке тарихы және оның 
болашақтағы келбеті туралы пікір алмасылды. Сарайшық қаласының туризм 
орталықтарының біріне айналу өлкенің дамуына септігін тигізері анық. Ең 
бастысы болашақ жастардың санасына Сарайшық қаласының ұлылығын 
дәріптей отырып, олардың бойында отансүйгіштікті тәрбиелеу. Олардың 
бойында өз елі, туған жеріне деген мақтаныш сезім нығайту. Туып өскен жерінде 
осындай дамыған, көркем қала, қайталанбас мәдени орталықтың болғандығын 
сезіну, олардың бойындағы ерік-жігер арта түспек. 


329 

Download 3,74 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   162




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish