«сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы атырау облысы білім беру басқармасының Әдістемелік орталығЫ



Download 3,74 Mb.
Pdf ko'rish
bet159/162
Sana26.06.2022
Hajmi3,74 Mb.
#705534
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   162
Bog'liq
Jinaq123

М. Әбдіғалиев 
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы, 
ғылыми қызметкері 
 
 
ҚЫЛЫШ ҚОРҒАНДАРЫ 
 
Резюме: 
В этой статье говорится о проведенных раскопках на группе сарматских курганов 
Кылыш. Расматриваются особенности найденных находков. Целью настоящей статьи является 
предоставление возможности ознакомления широкой аудитории с раскопками курганов 
Атырауской области. 
Summary: 
In this article it is said about conducted excavations in a set of sarmat grave mounds 
Kylysh. The pecularities of findings are examined. The aim of present article is to give opportunity 
for wide audience to get acquainted with excavations of grave mounds from Atyrau region. 
Сармат қорғандары Батыс Қазақстан өңірінде көп кездеседі. Б.з.д. ІІІ ғасыр 
мен б.з. ІV ғасыры аралығында көшпенді өмір салтын ұстанып, негізгі мал 
шаруашылығымен айналысқан сармат тайпалары жауынгер халық болған. Үнемі 
әскери жорықтарға қатысып Батыс Еуропа, Қара теңіз маңын жаулап алып 
отырған. Осылайша түрлі халықтармен араласуы арқасында, сарматтардың да 
мәдениеті дамып, белгілі бір дәрежеде өнер мен мәдениеттің жоғарғы сатысына 
жеткен. Қара теңіз жағалауындағы қалаларды жаулап алғанынан кейбір сармат 
отбасылары отырықшылық өмірге де бой ұрады. Осылайша қолөнер, сауда, 
егіншілікпен де шұғылданған. Еділ мен Жайық өзені бойында өмір сүрген сармат 
тайпалары да егіншілікпен айналысқан болуы мүмкін. Ол кезде Орталық Азия 
мен Батыс Еуропа арасын байланыстырушы қызметін сармат мәдениеті 
атқарғаны белгілі. Хроникалық жағынан сармат мәдениеті үшке бөлінеді: ерте 
сармат (прохоров мәдениеті), орта сармат (суслов мәдениеті) және кейінгі сармат 
мәдениеті деп аталады. 


323 
Сармат обаларында әйелдердің жерленуі кездесіп тұрады. Бұл сармат 
қоғамында патриархалдық құрылыс болса да, әйелдердің қоғамда ерекше орын 
алғанын білдіреді. 
Б.з.д. ІІІ ғасыр мен б.з. ІV ғасырларының аралығында Арал және Каспий 
аймағында көшпенді өмір сүрген cармат тайпасының ескерткіштерінің бірі - 
Қылыш қорғандары. Қылыш қорғандарын 2008 жылы Атырау облысы тарих 
және археология орталығының барлау экспедициясы анықтаған болатын. 
Ескерткіш Атырау облысы, Индер ауданы, Жарсуат ауылынан оңтүстік-шығысқа 
22 км қашықтықта орналасқан. Қорғандар топырақтан үйілген. 
Қылыш қорғандар тобы құрамына төрт қорған кіреді. Оның ішіндегі ең ірісі 
Қылыш І қорғаны, патшалық қорғандар қатарына жатады. Көлемі: диаметрі 145 
м, биіктігі 3 м. Айналдыра ені 14-15 м, тереңдігі 80 см болатын ормен қоршалған. 
Бұл қорғанның оңтүстік-шығысына таман Қылыш ІІ, Қылыш ІІІ 
қорғандары қатар орналасқан. Олардың бір-бірімен арасы 15 м болады. Ал 
оңтүстігінде Қылыш ІV қорғаны орналасқан. 
Қылыш ІІ қорғанының пішіні сопақша келген, солтүстік-батыс оңтүстік- 
шығыс бағытында созыла орналасқан. Көлемі 40×20 м, биіктігі 60 см. Қорғанның 
сыртында оры бар, ені 6-11 м аралығында, тереңдігі 0,30 м. 
Қылыш ІІІ қорғанының да пішіні сопақша, солтүстік-батыс оңтүстік- 
шығыс бағытында созыла орналасқан. Көлемі 35×18 м, биіктігі 65 см. Сыртқы 
орының ені 7 м, тереңдігі 30 см болады. 
Қылыш ІV қорғанының пішіні дөңгелек келген, диаметрі 22 м, биіктігі 40 
см. Сыртқы орының ені 4 м, тереңдігі 10 см. 
Ерте темір дәуіріне жататын Қылыш қорғандар тобына алғашқы 
археологиялық қазба жұмысын 2012 жылы Атырау облысы тарихи – өлкетану 
музейі жүргізді. Қазба барысында қорғандар тобындағы №2 оба қазылды. 
Қорған топырақтан аршылып, тазаланып онда жерленген әйел адамның 
қабірі табылды. Әйелдің тірі кезінде пайдаланған сәндік әшекейлері болу керек 
оның қабір шұңқырынан күміс белбеу тоғалары, қоладан жасалып алтын 
жалатылған киім жапсырмалары, асыл тасты жүзік, тұмар, моншақтар, дөңгелек 
қола айна табылды. Бұл адамның жаны ол өлгеннен кейін де өмір сүре береді 
деген наным-сенімнің болғанын айғақтайды. 
Қола айна сырты безендірілген суретпен көңіл аудартады. Айнаның сырт 
бетінде шетін ала, иіріліп жатқан айдаһар бейнесі салынған. Айдаһардың 
басында қос айдары, үлкен көзін байқауға болады. Денесінің төрт жерінде қос- 
қостан, барлығы сегіз аяқ салынған. Аяқтары бүгілген және екі-үшеуден 
бармақтары бар. Денесін мойнынан бастап бірінші мен екінші аяқтарының 
ортасына дейінгі бөлігін бұдырлы-қабыршақты етіп бейнелеген. Айдаһардың 
тұмсығының төменгі жағында свастиканың белгісі салынған. Дәл ортасына 
айнаның тұтқасы ілгіш түрінде жасалған, тұтқа айнамен тұтас құйылған. Айна 
бетіне айдаһар бейнесі – император билігінің символы ретінде, күн белгісі - 


324 
свастика бейнеленуі, оның қытай айналарына еліктеуден жасалғанын байқатады. 
Неге қытай деген сауал туындауы мүмкін? Ерте темір кезеңінде бұл өнер 
Қытайда керемет жақсы дамыған, қытай айналары өте шебер жасалатын (әсіресе 
Хань империясы кезеңінде). Басқа тайпалар болса, сол қытай қола айналарына 
қол жеткізуге тырысқан. Әрі сол айналарға еліктеп, ұқсастырып өз айналарын 
жасайтын болған. 
Көне сәндік әшекейлер ғұрыптық мән-мағынаға да ие. Олар дүлей 
күштерден сақтану мақсатында, наным-сенім бойынша адам бойын көптеген 
ауыртпалықтан қорғайтын бұйым ретінде қаралған. Ерте кезден бағалы 
бұйымдар адамды пәле-жаладан, тіл-көзден сақтайды деп сенген. Көзіне мөлдір 
қызыл ақық (сердолик) тасы орнатылған күміс жүзік әсемдігімен көздің жауын 
алады. Қызыл түс – от пен өмірдің белгісі. Халық арасында қызыл ақық адамды 
өміріндегі қауіпті сәттерден: жазатайым оқиғалар, табиғи апат, мезгілсіз өлімнен 
қорғайды деп саналған. Емдік қасиеттері туралы әңгіме бір бөлек. 
Бойтұмар жұқа күміс тұғырға жануардың қос тісін бекітіп жасаған. Тістерді 
қатарластырып тұғыры кигізілетін жерін өңдеп, тесіп, сол тесіктен жіңішке сым 
өткізу арқылы тұғырға ұстатқан. Тұғырдың үстіне ілгіш жасалған. Бұл ерекше 
тұмар адамға бақ пен құт әкеледі, әрі ерлердің алдында күшті әсер ететін сиқырға 
ие деп саналады. 
Қара моншақтар пішіні биконусты, жылтыр гагаттан істелген. Гагат тасы 
гишер деп те аталады. Оны пәле-жәледен аластаушы, көз тию, қарғыстан 
қорғайды деген сенім болған. 
Пішіні «табан» өрнегіне ұқсастырып жасалған алтын жалатылған киім 
жапсырмалары. Жапсырманың ортасына шеңбер соғылып, шеттеріне шынжыр 
тәріздес тізбекті әшекейлеп соққан. Беті алтынмен апталған. Артқы жағында 
қайырылған екі бекіткіш түйреуіші бар. 
Номадтар арасында алтын үлкен маңызға ие. Сарматтар алтынға бағалы 
метал ретінде ғана емес, олардың түсінігінде, алтын құдайлар мен аруақтарды 
руымен, туыстарымен байланыстырушы қызметін жүзеге асырады деген сенім 
болған. Сондықтан сармат көсемдері мен ақсүйектерінің қабірлерінде күн түсті - 
сары металдың міндетті түрде болуы, қаруда болсын, ыдыста болсын немесе 
әшекейлерінде болсын осы сенімге байланысты. 
Күміс белбеу тоғаларының көлемі әртүрлі, 2 данасы табылды. Біріншісінің 
көлемі үлкендеу келген. Тоғаның тілі қоладан үшкірленіп жасалған. Тоғаның 
артқы жағында белбеуге бекітетін үш тойтарма шеге дәнекерленген. Оларға қола 
пластинкалар кигізілген. Екінші тоғаның көлемі кішірек. Оның да тілі қоладан 
жасалған. Тоғаның бетіне өрнек салынған. 
Тойтарма шегелер - қалпағы дөңес, ақ түсті металдан істелген. Арт жағына 
бекіткіш тойтармасы дәнекерленген. Барлығы 9 данасы табылды. 


325 
Ұсақ тойтарма шегелердің. көлемдері әртүрлі, ақ түсті металдан жасалған. 
Шағын дөңес қалпақтары бар. Тойтарма бекіткішіне қола пластинкалар кигізіліп 
ұстатылатын болған. 
Осындай әсем әшекей бұйымдардың қабірге жерленген әйелдің 
қолданысында болғаны, оның ауқатты, беделді әулет мүшесі екенін білдіреді. 
Сонымен қатар, қабір шұңқыры жанына қоладан құйылып жасалған төрт 
тұтқасы бар қола қазан төңкеріліп қойылған. Бұл жәдігер рәсімдік қызмет үшін 
пайдаланылған болса керек. Қазан сарғыш түсті қоладан құйылған. Қазанның 
жартышар пішінді тостағаны бар, конус пішінді биік тұғырға орнатылған. 
Қазанның тостағаны қосымша ернеу бөлігімен жалғанған. Осы қосылған жері 
шиыршықталған жіп тәрізді, шығыңқы етіп соғылыпты. Тостағанды құю 
барысында түп жағында үш жерде жарықтар пайда болып оны жөндеп бітеген 
тәрізді. Осы жерлерінің ұзынша бұдырлы боп келуі солай ойлауымызға себепші 
болды. Жалғанған жерінен жоғары қарама-қарсы ілмек тәрізді екі құлағы 
орналасқан, осы құлақтарының ортасына тағы қарама-қарсы тігінен екі ілгіш 
соғылған. Қазанның ішкі жағы тегіс, сыртқы беті бұдырлы келген. Сыртында 
қара күйенің іздері бар, ал іш жағын көк түсті тот басқан. Шамасы қазанның әр 
бөлігі бөлек құйылған болуы керек, яғни тұғыры, тостағаны, құлақтары бөлек- 
бөлек құйылып, кейіннен дәнекерленген. 


326 
Өкініштісі, мұражайдың кейінгі жылдары осы ескерткіштегі №3 және №4 
қорғандарға жүргізген қазба жұмыстары олжасыз болды. Қорғандар бос болып 
шықты. Дегенмен де бұл экспедиция нәтижесіз емес, керісінше көптеген 
болжамдарға, ізденістерге негіз бола алады. Мысалға, олар құрбандық шалу 
орны, басқа да рәсімдік орын болуы мүмкін. Өйткені қазба кезінде белгісіз 
жыртқыш аңның қаңқасы табылып, 70 см тереңдікте күл іздері анықталды. 
Немесе кенотаф болуы да мүмкін. Кенотаф –археологиялық ескерткіштердің бір 
түрі, ішінде адам мәйіті жоқ жерлеу орны. Түрлі себептермен денесі жерленбеген 
адамдарға арнап символикалық мәндегі бос жерлеу орындарын салу дүниежүзі 
халықтарының көпшілігінде бар ғұрып. Осындай нәтижелер мен зерттеулер 
жұмбағы көп сұрақтармен қызықтырып, археологтарды терең ойға тарта түсуде. 
Қылыш қорғандарының қазба жұмысы музей археологтарын ғылыми 
бағыттағы ізденістерге машықтандырып, тәжірибелі археологтармен тәжірибе 
алмасуға мұрындық болды. 
Атырау аумағында көне обалар мен патша қорғандары бірнеше жүздеп 
саналатынын ескерсек археологиялық қазба, барлау жұмыстарын жүйелі жүргізіп 
отыруға мүмкіндік мол. Осыншама мәдени мұраны зерттеп, зерделеу еншімізге 
жазылып отыр. 

Download 3,74 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   162




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish