«сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы атырау облысы білім беру басқармасының Әдістемелік орталығЫ



Download 3,74 Mb.
Pdf ko'rish
bet158/162
Sana26.06.2022
Hajmi3,74 Mb.
#705534
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   162
Bog'liq
Jinaq123

А. Тұрарұлы 
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, 
ғылыми қызметкері 
 
 
САРАЙШЫҚ СЫРЛАРЫ 
 
Туған жерді сүю, оның тарихына аса мән беріп қарау – адамзат баласының 
басты борышы. «Тірлікте мен сүйген бір нәрсе ол – туған ана, тірлікте мен білген 
бір нәрсе ол – ғылым, ілім, тірлікте мен сезген ойға түйген бір нәрсе ол – туған 
жер ел, мекен. Бұлардан асқақ, бұлардан күшті ұғымдарды мен ешқайдан іздеп 
таба алмадым ғой. Нағыз азамат осылардан ажырамас болар» деген екен 
халқымыздың көрнекті тұлғасы, жерлесіміз Халел Досмұхамедұлы. Өзің тұрған 
жердің тарихы зерттеулермен үнемі толығып отыратыны белгілі. 
Құт қонып, қыдыр дарыған қасиетті өлкеміз Атыраудың тарихи-мәдени 
бірегей ескерткіші әрине - Сарайшық. Сарайшықтың тарихы - қазақ халқының 
құрылу, бірігу тарихы екендігі күмәнсіз. Сондықтан Сарайшықтың әрбір тасын, 
әрбір кірпішін, қыш ыдыстары мен мыс тиынын ықылас қойып зерттеу, 
қастерлеп жас ұрпақтың санасына сіңіру біздің адамгершілік парызымыз. 
Әлемдік мәдениетке, тарихқа әр ұлт өз қадірінше үлес қосады. Ол туралы 
Мұхтар Әуезов «Әлем мәдениеті – ұлттар мәдениетінің жиынтық қосындысы. 
Әлем мәдениетіне италяндықтар әсем сазды музыкасымен, француздар сурет 
өнерімен, египеттіктер атақты пирамидасымен, қытайлықтар фарфор 
бұйымдарымен үлес қосса, көшпелі қазақ халқы бай ауыз әдебиетімен, 
тарихымен үлес қосты» деген пікір айтады. Олай болса біз әр дерекке мән бере 
қарап, зерттеп өз тарихымыздың бетіне үлес қосуымыз қажет. 
Шежіре қала – Сарайшық туралы деректі әңгімелер айтылып та, жазылып 
та жүр. Соның бірі Сарайшықта хандық құрған Жәнібек ханның маңдайына 


317 
басқан жалғыз қызы туралы аңыз. Сүйікті қызы үшін сарай алдына қолдан көл 
жасап, жасанды көлдің суы екі аптада бір ауыстырылып тұрған екен деп 
баяндалады. Аққулардың көлді жайлауы үшін көлге 40 атанмен шекер төгілген 
көрінеді. Сол себепті көлді «Секер көлі» деп атайтын болған. Ханшайым он бесте 
толғанда, кенеттен қайтыс болып, хан қызын алтын табытқа салып, алтын 
қайығымен қосып жасырын жерлеген-мыс. 
Енді мына қызықты қараңыз, 1861 жылы әскери топограф А.Алексеев 
қолмен сызған Сарайшық құландысының картасы бар. Бұл карта «План развалин 
древней мусулманской крепости Сараиль-Джадить и части нынышних построек 
Сарайчиковской крепости» деп аталады. Картада қала орнынан басқа, осы аңызда 
айтылатын Секер көлінің орыны бар, «Ханской ильмен» деп атау беріпті. Одан 
басқа әулие орыны да көрсетілген. Демек бұл дерек Сарайшықта расында да 
Алтын Орда ханы Жәнібектің ордасы (резиденциясы) болғанына дәлел бола 
алады. 
Әулие орны туралы түрлі жорамалдар жасауға болады. Соның ішінде, 
біздің ойымызша, шындыққа жақыны Қасым хан жерленген жер болуы әбден 
мүмкін. Ораз Мұхамедтің шежіресінде «Олардың әрқайсысы (Жәнібек ханның 
балалары мен немерелері) өз руын құрды, өз алдына билік жүргізді және аттарын 
шығара алды. Олардың есімдері әлі күнге шейін ауыздан түспейді. Алғашқысы 
Жақанбикеден туған Қасым хан. Ол өз әкесінің ұлысында бірталай уақыт 
патшылық етті және көптеген көрші елдерді бағындырды, оның аты қазірдің 
өзінде барлық жерде ұмыт болған жоқ. Сарайшықта қайтыс болды, сонда 
жерленді, оның зираты күні бүгінге шейін сол жерде» деп айтылады. Тарихи 
әдебиеттерде Қасым ханның мазары ХVІІІ ғасырдың ортасында да ел-жұрт тәу 
ететін орын болған. Сондай-ақ Едіге билік жүргізген Сарайшықта 1406 жылы 
Түмен қаласының маңында өлтірілген Алтын Орданың соңғы ханы, ұлы тұлға 
Тоқтамыстың басы ғана жерленіпті деген де болжам бар екенін ескерген жөн. 
Осы көне карталарға қарап отырсақ, бұрын қаланың мәдени қабаттарын 
Жайық өзенінің шайып кетуі қазіргі кездегідей солтүстік жағынан емес, шығыс 
жағынан болғанын байқаймыз. Жергілікті ақсақалдардың айтуынша, 1944 жылғы 
Жайық өзенінің тасуы қатты болып өз арнасын өзгертіп жіберді. Сол кезден 
бастап өзен қала орнының солтүстік жағымен ағып, мәдени қабаттарын құлата 
бастаған. 
Болашақта Сарайшықтың сақталған бірқатар бөліктерін музейлендіру, 
қазіргі заман талаптарына сай келетін туристік инфрақұрылым құру жұмыстары 
басталмақ. Сондықтан, біздің алдымызда, археологиялық зерделеу, ашылған 
бөліктерді консервациялау және қалпына келтіру жұмыстары тұр. Қаланың 
қорғау аймағын анықтай отырып, музейлендіру жұмыстарының ең қолайлы 
нұсқаларын құрау мәселесі де күн тәртібінен түспек емес. 
1999 жылы көне қала орнына өткен тарихтың даңқты символы ретінде 
«Хан ордалы – Сарайшық» мемориалды кешені тұрғызылды. 6552 шаршы метр 


320 
жерді алып жатқан кешенде музей, мешіт және биіктігі 14 метрлік «Хандар 
кесенесі» орналасты. Музей қорында 4242 жәдігер жинақталған. 
Осы уақыт аралығында музей тек қана атыраулықтардың емес, бүкіл қазақ 
халқының, тіпті шет ел азаматтарының да сүйікті орнына айнала білді. Мұнда 
алыс-жақыннан ат ізін салмаған көрермен аз шығар. Қазақтың белгілі мемлекет 
және өнер қайраткерлері, басқа да зиялы қауым өкілдері Сарайшыққа арнайы ат 
басын бұрып тәу етуі дәстүрге айналды десек ешкім таласа қоймас. Жылына 
Сарайшық музейіне ондаған, жүздеген мың көрермен келіп, халқымыздың өткен 
тарихынан қызықты мағлұматтармен қанығуда. 
Музей ашылғаннан бері бірнеше рет қайта жасақталды. Жәдігерлер саны, 
мәліметтер базасының көбеюі музей экспозициясының үздіксіз дамуын талап 
ететіні заңдылық. Қазіргі музей ғимаратындағы жалғыз экспозициялық зал 
таршылық етіп, көрермендердің қажеттілігін толық өтей алмайтыны анықталған. 
Сондықтан қазіргі заманауи орынның қажеттігі ескеріліп, келушілерге кең 
көлемді қызмет көрсететін орталық салу қолға алынуда. Мұнда келушілер үшін 
барлық жайлылықпен қатар, зертханалық және қалпына келтіру үй-жайы да 
ескерілген. Демек, болашақта Сарайшықта ғылым дамып, үлкен ғылыми орта 
қалыптасады деп сенеміз. Тарихшылармен қатар сәулетшілер, қолөнер және 
құрылыс шеберлерін осы орталықтан кездестіреміз деп ойлаймын. Сарайшықтың 
көне зергерлік бұйымдары үлгісінде жұмыс жасағысы келетін зергерлер үшін 
қазірдің өзінде көп материалдар музейде жинақталған. Сарайшықтың қыш 
бұйымдары, нумизматикасы туралы арнайы баспа өнімдері жарыққа көрді. 
Болашақта көне қаланың сәулеттік өнері, әшекей бұйымдары туралы 
зерттеулерде болатынына сенімдімін. 
Қала құрылыс ғимараттары туралы айтқанда, Тоқтамыс билік құрған 
тұстан біздің кезімізге дейін жеткен алтынорда сәулет өнерінің сирек кездесетін 
нысанының бірі кешенді сарай ғимараты бірінші боп еске түседі. 40-тың үстінде 
бөлмелерден тұратын бұл ғимаратқа елімізде тең келер қазба орны болған жоқ. 
Бір өкініштісі, кезінде жеткіліксіз назар аударылмағаны кесірінен бұл нысанның 
үштен бірі бөлігі жойылып кетті. Қазіргі күні қалпына келтіру жұмыстары қолға 
алынуда. 
Сарайшықта ноғайлы кезеңінде Астрахань хандығының көмегімен әскери 
қорғаныс мақсатындағы құрылыс салынғаны белгілі, оның құландылары 
А.Алексеевтің жаңағы айтылған картасында көрсетілген. Дуал қабырғасы деп 
есептелген ұзына бойы созылған үйіндінің үстіне 2017 жылы салынған 
археологиялық қазбада осы әскери құрылысқа қатысы болуы мүмкін мұнара 
іргесі мен оның алдынан қазылған терең ор анықталды. Бұл жердегі қазба орны 
қазір консервацияланды, алдағы жылдары қазба-зерттеу жұмыстары жалғасын 
табады. 
Сәндік бұйымдардағы шыны, ақық тастардан оймышталған әшекейлер, 
жүзіктің көзіне орнатылатын тастар Иран мен Орта Азиядан әкелініп жергілікті 


321 
жерде жасалынған. Каури деп аталатын ғажайып теңіз қабыршақтары 
Үндістаннан, тропикалық жылы теңіздерден әкелінген. Халцедон моншақтар да 
Үндістаннан келсе, қызғылт түсті маржандар Қызыл теңіз жағалауларынан 
жеткізілген. Сарайшық музейі қорындағы 2003 жылы қазбадан табылған киімнің 
алтын жапсырмалары жергілікті зергерлердің нәзік әрі көркем бұйымдарды өте 
жоғары шеберлікпен жасағанын көрсетеді. Бедерлі сәндік композициядан 
құрылған 18 жапсырма Сарайшық аруларының киіміне ерекше сән-салтанат 
бергені сөзсіз. Сонымен бірге алтын жиынтығына кіретін 2 сырғаның да өте 
күрделі элементтерден құралуы зергердің шеберлігі өте жоғары болғанына куә. 
Былтырғы зерттеу жұмыстары барысында қала аумағынан табылған 
нумизматикалық материалдардан ең ерте тиын 1310 жылдар шамасында Сарай 
қаласында Өзбек ханның тұсында соғылған болса, ең кейінгісі XV ғасырда 
Сарайшықтың өзінде соғылған тиын. Сарайшықтың өз тиындарын айналымға 
шығаруы Жошы Ұлысындағы сауда-экономикалық қатынастарда қаланың 
үдемелі артып келе жатқан ролін және оның саяси тәуелсіздікке ұмтылуын 
көрсетеді. Тиындар соғылған орындар қатарында Баржын, Сарай-әл-Жәдид, 
Хорезм және Самарқан қалалары бар. Ең көп кездесетін тиындар Өзбек хан мен 
Жәнібек хан соғылымдары. Сондай-ақ Тоқтамыс билігі тұсындағы тиындар, Әмір 
Темір, Тұлынбике ханым, Қызыр, Барақ, Орыс хандардың тиындары кездесті. 
Ұлы Жібек жолы жалғастырған Батыс пен Шығыс мәдениеттерінің 
Сарайшықта тоғысуы қыш бұйымдары өнеріне айтарлықтай даму беріп, бай да 
мазмұнды қыш бұйымдар коллекциясын құрайды. Олар - жергілікті көзешілер 
жасаған қыш құмыралар, құтылар, құмандар және қазандар. Кашин балшығынан 
жасалып жылтыр көк түсті сырмен қапталған құмыралар коллекцияны 
толықтыраған. Осы ыдыстар жиынтығын Хорезмнен әкелінген тас қазандар, Еділ 
бойындағы қалалардан әкелінген кашинді түрлі-түсті жылтыр кеселер, сондай-ақ 
жергілікті бай адамдар өте жоғары бағалаған қымбат қытайлық селадон кесе, 
тостағандар байытып тұр. Өте жоғары бағаланатын ирандық қыш түрлері: люстр, 
минай деп аталатын алтын бояулы ыдыс сынықтары да жиі кездесіп тұрады. 
Сарайшық қазбасында көп кездесетін тағы бір материал - малдың 
сүйектері, бұл қаланың даму кезеңінде малдың есепсіз көп болғанының белгісі. 
Адамдар ежелгі кезден-ақ сүйекті өңдеп, одан құрал-жабдықтар жасап 
пайдаланған. Сарайшық қазбасында табылған сүйектердің түгелдей дерлік 
өңделуден өткенін байқауға болады. Осыған байланысты, шеберлікпен ойылып 
жасалған сүйек бұйымдардан, балалар ойнаған асықтардан Сарайшықтың сүйек 
бұйымдар коллекциясы біршама жинақталды. Жалпы бұл Сарайшықтың сүйек 
материалдары бөлек зерттеулерді қажет етіп тұр. 
«Қазақстанның киелі жерлер географиясы» ұлттық жобасының 
республикалық тізіміне енген Сарайшық қаласының орнында ғылыми 
зерттеулер, қалпына келтіру, музейлендіру, туризмді дамыту жүйесі бойынша 
жемісті жұмыстардың жүруі ұлттық ерекшелігіміздің көрінісіне айналып, қазіргі 


322 
кездегі жаһандану процесіне жұтылмай ұлттық кодымызды сақтап қалуымызға 
күшті серпін береді деп санаймын. Ұлы табиғат біз үшін сақтаған, табан ет, 
маңдай термен жиналған әрбір жәдігер - мейлі олар көркем керамика, ою-өрнекті 
немесе кескінді бұйым бөлшегі болсын, әлде сәндік әшекей, мыс тиындар 
болсын, бәрі де біздің ата-бабаларымыздың аса бай рухани әлемін көрсетеді, біз 
әлі танып үлгермеген сол бір дәуірдің дерегін сыйлайды. 

Download 3,74 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   162




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish