Ф. Р. Байдәулетов
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы,
Бас инспектор
МАХАМБЕТ АУДАНЫНЫҢ ҚАСИЕТТІ ЖЕРЛЕРІ
Еліміздегі қасиетті орындарды бірнеше түрге бөліп қарауға болады. Атап
айтса, 1) Ерекше саналатын табиғи мұра ескерткіштері; 2) Археологиялық және
сәулет ескерткіштері; 3) Қазақ хандығының астаналары мен ірі ортағасырлық
қала орталықтары; 4) Зиярат ету орындары болып есептелетін діни және
табынушылық нысандар; 5) Тарихи тұлғалармен байланысты қасиетті орындар;
6)
Тарихи және саяси оқиғаларға байланысты қасиетті орындар. Қазіргі таңда,
«Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру
» атты бағдарламалық мақаласы аясында
республика төңірегіндегі қасиетті нысандардың тізімі жасақталып, оларды сақтау
және насихаттау бағытында көлемді шаралар жүргізілуде. Бағдарлама аясында,
Атырау облысы бойынша 7 киелі жер республикалық (жалпыұлттық) маңызы бар
нысандар тізімен алынды. Олардың қатарында, Махамбет ауданынан
ортағасырылық Сарайшық қаласы, Индер ауданынан халық батыры
М.Өтемісұлының жерленген жері, Жылыой ауданы бойынша Бекет атаның туған
жеріндегі Ақмешіт, Ұшқан-ата, Құлшан ата қорымдары, алтын адам табылған
Аралтөбе қорғаны, Иманқара табиғи кешені бар. Сонымен қатар, жергілікті
маңызы бар қасиетті орындар тізімі бекітіліп, оның құрамына Махамбет ауданы
бойынша Ақын Бала Ораз Өтебайұлының жерленген жері, Исатай мен
Махамбеттің Жайықтан өткен жері, сәулеттік маңызы бар ХІХ-ХХ ғасырдың бас
кезіне жататын құлпытастар мен құрылыстар шоғырланған Алтын, Баймөңке,
Битенмола, Жаналы, Жангелді қорымдары және Шойтас Бөдікұлының жерленген
жері енді. Әрине, осындай маңыздылығы жоғары киелі жерлер аудан төңірегінде
жетіп артылады. Қазіргі таңда оларды қасиетті нысандар тізімен енгізу
жұмыстары әлі де жалғасуда.
Бүгінгі күні анықталған Махамбет ауданы аймағында тарихи-мәдени
маңыздылығы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің саны 157-ні құрайды.
Оның ішінде, археологиялық нысандардың саны – 56, сәулет ескерткіштерінің
саны – 28, ансамбльдердің саны – 73.
Аудандағы тарихи-мәдени маңызы жоғары нысандардың бірі – Сарайшық
қаласының тарихи орны. Бүгінгі күні еліміздегі туристердің қызығушылық
танытып, көп келетін бірден-бірі ошағы. 2017 жылы, «Рухани жаңғыру»
бағдарламасы аясында қалаға кешенді археологиялық қазба жұмыстары
жанданды. Туристік мақсатта пайдалану үшін ашық аспан астындағы музейге
айналдыру жұмыстары қолға алынып, 2018 жылы Жайық өзені ағысынан қорғау
315
мақсатында жағаны бетонмен бекіту жұмыстары аяқталып, үлкен мәселе
шешілді. Сонымен бірге, қалашық аумағын темір шарбақпен қоршау үшін
жобалық-смета құжаттары әзірленіп, алдағы уақытта оны жүзеге асыру үшін
шаралар ұйымдастырылуда. «Хан ордалы Сарайшық» музейінің жұмыс бағытын
кеңейту мақсатында аталмыш музей ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне
қарасты республикалық «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы
болып қайта құрылды. Музей-қорыққа археологиялық қазба мен реставрация
жұмыстарына арналған лицензия алынып, жұмыс жасау ауқымы кеңейтілді.
Ғылыми зерттеу жұмыстарымен шұғылданатын кәсіби мамандар тартылды.
1519-1520 жылдары Қасым хан Еділ және Жайық бойларын хандықтың құрамына
қосып, Ноғай мырзалары қолында болған Сарайшық қаласын қайтадан Қазақ
хандығының құрамына алып, хандықтың астанасы еткен болатын. Міне биылғы
жылы Сарайшықтың қазақ хандығының алғашқы астанасы болғанына 500 жыл
толып отыр. Бүгінгі күні аласапыран заманда қазақ мемлекетін сақтап қалған,
қазақтың жерін жиып, атағын асқақтатқан қазақтың хандары мен сұлтандарына,
билері мен батырларына тиісті адал баға беру біздің азаматтық парызымыз. Осы
орайда, Сарайшықтың ортағасырлардағы астанасы болғанына 500 жыл толуына
орай Сарайшықта Қасым ханға арналған еңселі ескерткіш тұрғызу жөнінде
Атырау облысы әкімдігіне ұсыныс беріліп, қолдау тапты. Сонымен қатар,
туристерге жағдай жасау мақсатында жаңа музей залы, қонақ үй, асхана, кеңсе
орны мен конференция залымен қамтылған Сапар орталығының ғимараты
салыну жоспарлануда.
Әрине, Махамбет ауданы территориясында Сарайшықтан өзге туристер
тамашалай алатын нысандар жетерлік. Мысалы, облысымыздың туристік
маршрутына Ортақшыл ауылының шығысындағы ХІХ ғасырлық атақты Беріш-
Себек руының биі Айтуар және Есет билер жерленген Алтын қорымын, Таңдай
ауылынан солтүстік-батысқа қарай 30 км жердегі халық ақыны Бала Ораз
Өтебайұлының жерленген жерін, Сарытоғай ауылының солтүстігіндегі Исатай
мен Махамбет батырларымыздың Жайықтан өткен жерін, Алға ауылынан
солтүстік-батысқа қарай 21 км жердегі төре-сұлтандардың, соның ішінде Нұралы
ханның ұрпақтары жерленген Жаналы қорымын, Еңбекшіл ауылынан солтүстік-
шығысқа қарай 35 км жердегі Өскенбай қорымын, Ақжайық ауылы төңірегіндегі
алғашқы қазақ мектептерінің бірі болған Қызылүй мектебінің орнын және т.б.
объектілерді енгізуге болады.
Қорыта келе, «Қазақстанның сакралдық белдеуі» объектілерін зерделеу
және дәріптеу, олардың туристік қызмет объектілері ретінде тартымдылығын
арттыру жөніндегі шаралар кешені ретінде жоғарыда аталған нысандарды
жаңғырту, қалпына келтіру және туризм маршрутына енгізуді қолға алу
шараларын атқару қажет деп есептеймін.
Қазіргі таңда, «Сарайшық» музей-қорығы мамандары тарапынан өскелең
ұрпақтың бойына өлке тарихын сіңіру бағытында сакралды орындарға
316
экскурцияға апару, лекциялар оқу, жас археологтар үйірмесін және т.с.с іс-
шараларды ұйымдастыруды жоспарлауда.
Do'stlaringiz bilan baham: |