«сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы атырау облысы білім беру басқармасының Әдістемелік орталығЫ



Download 3,74 Mb.
Pdf ko'rish
bet152/162
Sana26.06.2022
Hajmi3,74 Mb.
#705534
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   162
Bog'liq
Jinaq123

Пайдаланған әдебиеттер: 
1.
Төлеуішов Ә. Сағыздың бой ен жайлау «Арыс» баспасы Алматы 2009ж 
2.
Көшербаев Қ. Е. Адай көтерілісі «Нұрлы Әлем» баспасы 2010ж 
3.
Серікқалиева С.Қызылқоға- құт мекен «Өлке» баспасы 2005ж 
4.
Нәутиев Ә.И. Қызылқоға энциклопедиясы «Үш қиян» баспасы 2002ж 


303 
А.Саламатқызы 
Махамбет ауданы Есбол орта мектебі, 
9-сынып оқушысы 
 
 
ӨЛКЕМІЗДЕГІ - ЕЛАМАН АТА МАЗАРЫ 
 
 
Бұл жаңғыру – өрге бастау Ұлтымды, 
Бұл жаңғыру – төрге бастау Ғұрпымды. 
Ұлттық дәстүр – менің ұлттық құлпым, 
Кім көрінген қолды етпесін кілтімді. 
Бұл жаңғыру – ұлыларды ұлықтау, 
Ұлы Абайдың даналығын ұмытпау. 
Қазақстан Республикасының тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы 
Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел 
дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы 
пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы 
жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік 
құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат- 
мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан 
үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен 
экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа 
қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде 
алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі. [ 1 ] 
«Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен 
кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады»- деп тұңғыш 
президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай тарихымызға көз жүгіртіп, қасиетті 
орындарды және аса қастерлі жерлерді сақтауға, әрі елдегі туристтік 
инфрақұрылымды дамыту мақсатында өлкемізде орналасқан Еламан ата мазарын 
зерттеп, ол туралы аңыз-әңгімелер мен мағлұматтарды жинадық. Кейінгі ұрпаққа 
бұл мазардың маңызы мен тарихын жеткізу үшін, ұлттық сананы жаңғырту 
мақсатында көптеген мәліметтерді ауыл тұрғындары, Еламан әулие басындағы 
шырақшыдан жинадық . 
Бұл мазар Атырау облысы Махамбет ауданы Есбол ауылынан солтүстік батысқа 
қарай 4 шақырым жердегі Сарытоғай деген жерде орналасқан. Басындағы 
шырақшының айтуынша Еламан Өтетілеуұлы шамамен 1789-1790 жылдары 
осы өңірде дүниеге келген. Әулиенің руы Беріш –Қаратоқай- Бөкен руының 
ақсары бөлімі. Әулиенің дүниеге келген жылы туралы еш мәлімет болмаған. Бұл 


304 
әулие кезінде «Әз ата» деп аталған. Еламан ата жөнінде мынандай дерек бар: 
Иманғали деген ауыл ақсақалының айтуынша, « Еламан әулие Жаппарұлы 
Оразәлі деген кісіден екі жас үлкен болған және Үпік деген жерде жерленгені» 
туралы айтқан. Деректерде Жаппарұлы Оразәлі 1885 жылы 93 жасында деп 
жазылған, олай болса 93 жасында қайтса ол кісі 1792 жылы туылған, Еламан ата 
1789-1790 жылдары дүниеге келуі мүмкін. 
Еламан ата мазарындағы Қармыс атты шырақшымыз әулие туралы көп 
мәліметтер жинаған, ізденген. Үпік деген жерге 2 барып, атаның туған жылын 
анықтаған. Оразәлі деген адамның мәйіті құлап, бүлінгенін көріп, сол жерде 
шашылып қалған тастарды жинау барысында ұзынша тастан жазу байқап қалады. 
Бірінші барған сапарында арабша танитын жолдасын ертіп апарған-ды. Алайда 
бұл тастағы жазуларды танысы оқи алмаған. Бірінші сапары нәтижесіз аяқталды. 
Бірнеше жыл салып екінші қайтара барғанда, араб тілін білетін танысын ерте 
барады. Ол танысыда жазуды оқи алмаған, шырақшының айтуынша ол кез ұялы 
телефонның жаңа шыққан кезі екен. жазуы бар тастарды суретке түсіріп алған. 
Суретті Атырау қаласындағы танысына жіберіп оқыттырған. ол жазудың парсы 
әліпбиі екені анықтап, деректерді оқып берген. Сол таста Жаппарұлы Оразәлі 
және ол кісінің өмірден өткен уақыты жазылған. Міне, осылайша шырақшы 
ағамыз ұзақ еңбектену нәтижесінде Еламан әулиенің туған жылын анықтаған. 
Қармыс шырақшы туған жылын анықтап қана қоймай ата туралы деректер 
жинауға кіріскен. Жарылқап деген ауыл ақсақалының аузынан естіген аңызын 
бізбен бөлісті. Атырау облысы Құрманғазы ауданында Мәтен қожа деген әулие 
кісі болған. Балға жайла жер іздеп, Тайсойған өңіріне кетіп бара жатып, жолда 
Еламан атаға сәлемдесуге барған. Бір қызығы екі әулиеде бұрын кездеспеген, бір 
– бірін танымайды. Бірі әулиенің малға шұрайлы жер іздеп бара жатқан 
сапарында өзіне амандасуға келетінін сезсе, екінші осы өңірде Еламан атты 
әулиені бар екенін біліп, амандасуға бет бұрады. Осы аңызға дұрыстап мән 
берсек екі әулиенің де ерекше тылсым қасиетке ие екендігін, бір – біріне тілеулес 
екендігін байқауға болады. Еламан ата Мәтен қожа әулиені құрметті қонақ ету 
мақсатында Жайықтың арғы бетінде орналасқан Ақ қанатты киіз үйді өзінің 
тылсым қасиетімен Жайықтың бергі бетіне өткізген. 
Халық арасында Еламан ата туралы жоғары да көрсетілген аңыздың келесі 
бір нұсқасын зерттеу барысында анықтадым. Осы аңызды мектебіміздің ардагер 
ұстазы, ауылымыздың ақжаулықты анасы, өзімнің Ақсұлу әжемнен естіп, 
бөлісуді жөн көрдім. Әжемнің айтуынша осы екі әулие кездесіп, танысып 
біліскеннен соң, бір – бірімен бәс тіккен. Ол мынадай еді: «Бұл киіз үйді 
Жайықтың арғы бетіне кім қалай өткізеді?» . Бірінші Мәтен қожа Жайықтың 
үстімен киіз үйді ешқандай суға тигізбей өткізіп шығарса, Еламан ата өткізген 
кезде киіз үйдің етегі бір елі суға тиіпті. Осыдан кейін Мәтен қожа сенің атағың 
Жайық бойына жайылып, бүкіл елге белгілі әулие боласың» деп жорамалдаған. 
Айтқандай Еламан ата тек Жайық өңіріне емес, Қазақстанға белгілі әулие атанды. 


305 
Әжемнің айтуынша Айкөркем есімді әпкеміз өте қатты науқастанып, 
атаның басына барғанда айыққандығын айтып өтті. Әжем түсінде Әулие ата аян 
беріп, аурудың сол түнектің босағасында бір ыдыстың ішінде қалып 
қойғандығын көрген. Осыдан әжем Айкөркемнің құлан таза айығып кетеді деп 
пайымдаған. Әрине ол солай болған екен. Бірнеше жылдар өткеннен кейін әжем 
ұзақ жылдар бойы құрсақ көтере алмай жүрген келіні Гүлнар жеңешемді атаның 
басына түнекке алып барған. Осыдан кейін жеңгеміз құрсақ көтеріп, қыз бала 
дүниеге келген. Әжем немересінің есімін Әз атаның берген кені деп Әзікен 
атауды жөн көрген, алайда балалары басқа ат таңдап қойғандығын айтқан. 
Әжеміз даналыққа салынып, ортаға әркім өзі ұсынған есімді жазып, жеребе 
тастауға шақырған. Сол жеребені есі білмейтін немересіне суыртқан. Міне тағы 
да атаның қасиетін осы жерден көрінді.Жеребеге Әзікен есімі түсіп, апамның 
есімі осылайша қойылған екен дейді әжем. 
Шырақшы Қармыс ағай Еламан ата мазарынан әріректе орналасқан екі 
төмпешік орналасқан жерде дүниегеи келген. Балалық шағы осы жерде өткен. 
Ағай балалық шағын еске ала отырып, ол кезде мазар болмағанын, орнында 
шүберектер байланып тұрған үлкен жыңғыл өсіп тұратынын, оған адамдар келіп 
ақтық байлап, түнейтін болғандығын айтып өтті. 1967-1968 жылдар Тыныс 
Орынбасар атты кісі ауырып ем іздей келген. Ауырынан құлан таза айыққан ол 
осы жыңғылды қоршап, шардақ орнатқан. Кейін келе 1996 жылы Жалмұқанов 
Сарсен ағайдың ұйымдастыруымен шағын үй салынған. Кейін келе адамдар үйге 
түнеп, әулиеге сыйынатын. 2000 жылы Қармыс шырақшының өзі қоршау қойған. 
Осы әулиенің қасиеттерін көре отырып, емделіп жазылғандар саны көп екендігін 
ескеріп 11 ауыл тұрғындары 2001 жылы ақша жинап, қазіргі тұрған үлкен әдемі 
мазарды тұрғызған. Осы мазарды салу кезінде Селбаев Амангелді атты атаның 
ұрпағы қолдап , Ақтау қаласына әйгілі Елдос атты сәулетшіні алдырып, еңбегіне 
2 млн тенге төлеп, мазарды салған. Бұл мазар іргетасынан бастап мұқият 
қаланып, ыждағаттылықпен салынған. Мазардың ашылу салтанаты 2008 жылы 
жоғары деңгейде өтті. Оған дәлел Тасқынбаев, Төкен Танаевич, Селбаев 
Амангелді, елімізге танымал болған ақын Сағадат Нұғманов сынды белгілі 
тұлғалардың қатысқан. 
«Туған жер» бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы 
тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі 
болмақ.Туған өлкеміздегі тарихы сыр шертер осындай мұраларымызды өзіміздің 
қарашығындай сақтап, кейінгі ұрпаққа аманат ету біздің азаматтық борышымыз 
деп білемін. 
Программа "Туған жер" станет залогом патриотического воспитания, 
национализма, способного противостоять мировым, региональным, внутренне- 
внешним рискам нового века.Я считаю, что наш гражданский долг сохранить 
наше наследие и передать его потомкам. 


306 
Осы баяндаманы жазу барысында жетекшім Самал апаймен атаның мазарына 
барып , фотоға түсіруді жоспарладық. Сол кезде шырақшы Қармыс ағай 
қызықты оқиғасымен бөлісті. Ертеректе атаның аруағына сыйынып келген бір 
кісі білдірмей мазарды суретке түсіріп алған екен. Шырақшы байқап қалып, 
күліп жіберіп, ұялы телефонын қарауға кеңес берген , сөйтсе телефонның барлық 
фотолары күйіп кеткен екен 
Пайдаланылған әдебеиттер. 
1.
Егемен Қазақстан 2017 ж 
2.
Шырақшы ағайдың жазба деректері 

Download 3,74 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   162




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish