«сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы атырау облысы білім беру басқармасының Әдістемелік орталығЫ



Download 3,74 Mb.
Pdf ko'rish
bet150/162
Sana26.06.2022
Hajmi3,74 Mb.
#705534
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   162
Bog'liq
Jinaq123

Жанұзақ қажы түнек үйі
-Жанұзақ қажы Қалнияз ұлы 
1863жылы Сағыз өңірінде дүниеге келген.Аты кіші жүзге кең тараған Абдолла 
Хазіреттің шәкірті, Бұхардағы діни мектептерде дәріс алған. Меккеге қажылыққа 
барған көзі ашық , өз заманындағы алғыр адам болған.Кейіннен Былқыдақты 
ауылында мешіт салдырып, сол төңіректегі балардың діни сауатын ашқан. Кеңес 
үкіметінің алғашқы жылдары мешіт ғимараты құлатып, оның құрылыс 
жабдықтары қора салуға пайдаланылды.Соңғы жылдары жергілікті халық, 
қажының шөбере-шөпшектері оның зиратының орнына көпшілік түнеп, зират 
ететін кесене тұрғызды. 
Қалмаққырылған 
Сағыз ауылынан 23 шақырымдай, 
Былқылдақты елді мекенінен 2 шақырымдай қашықтықта орналақан қырат.Үсті 
толы қазақ-қалмақ соғысында қаза тапқан жауынгерлер жерленген қорым.ХVI- 
XVIIғасырлар 
ескерткішіне 
жатады.Әлі 
терең 
зерттелсмеген. 
Зират 
айналысынан әр кезеңде түрлі қару – жарақтар табылып жатыр. Біраз тарихтың 
осы жерде көміліп жатқанына дау жоқ. 
Тарихтан мәлім, Былқылдақты өңірі 1928-1933 жылдары қазақ тарихына 
енген әйгілі Адай көтерілісі бастау алған ошақтардың бірі. Әрине, бұл жерде тек 
қана Адай руының азаматтары ғана жиналып, кеңес құрған жоқ, барлық он екі 
ата байұлы мен әлім руларының да «Елім, жерім» дейтін арда азаматтары бас 
қосып, келелі кеңес өткізді. «Адай көтерілісі» деген кітаптағы деректерге 
сүйенсек, Қайнар, одан әрі Боздақ деген жерде 1931 жылдың наурызында Боқмаш 
Шоланұлының қарауындағы 600-700-дей отбасы және сол маңдағы Доссор 
ауданының №19, 34, 43,45 ауылдары, №42 Жылыой ауданының, №22 Ойыл 
ауданының, №9 Қызылқоға ауданының Адай руы, Мұңал тайпасының 
Жарысынан, Майлан, Тастемір бөлімшелерінен, Бәйімбет тайпасының Абыз, 
Байпақ бөлімшелерінен және Түрікмен Адай (Қосай) тұқымдарынан құрылған 
ауылдардың басы қосылып, шоғырланды. Осы жылы көктемде Боқмаш 
Шоланұлы Маңғыстау округінің терістік бетіндегі Адай руының арасына барып, 
үкіметтің жөнсіз озбырлығынан қалай құтылу жөнінде ел ақсақалдарымен 
ақылдасады. Онда Түрікменстан жаққа көшу талқыланады. Егер Түркменстанға 
қоныс аудармаған күнде Маңғыстау түбегінде тәуелсіз, дербес Адай хандығын 
құру туралы да ұсыныс жасайды. Қалай болғанда да Түбектегі халықтың басын 
қосып, көшуді тездету керектігі шешіледі. Бірақ, жазғытұрғы Жем өзенінің тасып 
кетуіне байланысты түстікке қарай жылдам көшу жоспары кейінге қалдырылады. 
Олар енді сол кездегі өкімет белсенділерінің салық жинау, мал дайындау 
науқанынан бас сауғалаудың әдісі, қанша қиын болғанымен, Жем мен Сағыз 


297 
өзендерінің арасындағы Иманқара, Қойқара, Ханқожа, Қырықмылтық, Дәулетәлі 
өңірінде, бір шеті Тайсойған құмына дейін көшіп-қонып жүруге мәжбүр болды. 
Ал, 20 наурызда осы Былқылдақты елдімекенінде отырған бұрынғы бай, 
тәркілеуге ұшыраған Баянқұл Көптілеуұлының үйінде Боқмаш Шоланұлының 
ұсынысымен, ауыл ақсақалдарының мәжілісі болып, онда жоғарыдағыдай мәселе 
талқыланып, ауыл ақсақалдары бірауыздан Боқмаш Шоланұлын хан сайлап, 
көтеріліске басшылық етуді тапсырады. Сондай-ақ, төрт кісіден тұратын хан 
кеңесінің мүшелері де осы мәжілісте тағайындалады. Демек, 
«Бір нәубет түсті біздің басымызға, 
Қасірет әкеп кәрі, жасымызға. 
Қосақтап ортақ қосқа қуып жатыр, 
Қол салып қазан-ошақ асымызға. 
Тіріге бұл бір үлкен зорлық болды, 
Тізесінің батқаны қорлық болды. 
Балшабектің айтқаны закон деген, 
Мәскеуден күнде келген жарлық болды, - деп келетін ел аузындағы жыр жолдары 
отызыншы нәубетті жылдардағы қазақ халқының зары мен мұңын бейнелейді. 
Өлеңнің негізінде осы ұжымдастыруға деген халықтың сол кездегі көзқарасы ХХ 
ғасырдың 20-шы жылдарының аяғында басталған күштеп ұжымдастыруға, 
зорлық-зомбылыққа қазақ халқының төзбегені, үкіметке қарсы шыққаны белгілі. 
Тек Қазақстан емес, көршілес, іргелес түрікмен, өзбек, тәжік, грузин, орыс тағы 
да басқа елдерде де бас көтеру орын алған-ды. Осы орайда, Адай елі үшін аса 
мәнді тарихи зерттеу мисссиясының көшін бастаған Талас Омарбеков 
(«Зобалаң», Алматы, «Санат» 1994ж), Ізтұрған Сариев, Мұқаш Омаровтардың 
(«Ойрандалған Адай даласы», Алматы, «Атамұра», 1995 ж., Ізтұрған Сариев 
«Қанды қырғын», Алматы, «Жазушы» баспасы, 2005 ж.) ғылыми еңбектерінің 
құндылығы жоғары екендігін айта кеткен орынды. Ендеше, тарихи тағылымы 
мол жерге ескерткіш орнатып, оны бүгінгі және кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге етсе 
керемет емес пе?! Осыған орай, «
Былқылдақты өңірі 1928-1933 жылдары қазақ 
тарихына енген әйгілі Адай көтерілісі бастау алған ошақтардың бірі. Жауға 
айбат, елге медет батыр бабалардың тұғыры биік, рухтары шат болғай!» деген 
жалынды тілекті мәрмәр тасқа қашап жазған Қазақстан бизнесінің көшбасшысы, 
меценат, Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы Жауғашты Нәбиев бастаған ел 
азаматтары тәуелсіз ел атану жолында басын қатерге тігіп, жазықсыз жапа 
шеккен жампоздар: Тобанияз Әлниязұлы, Көбеген Құрманұлы, Мамай 
Салғараұлы, Құныскерей Қожахметұлы, Құрмаш Қосжанұлы, Боқымаш 
Шоланұлы, Қарамырза Ембердіұлы, Рахмет Боқымашұлы, Демеген Айтжанұлы, 
Қоғабай Алдасүгірұлы, Өтебай Жанасұлы, Қойшығұл Жантілеуұлы, 
Демепберген Ембердіұлы, Талпақ Жұбанұлы, Зәкария Сағындықұлы, Қойсары 
Қайдағұлұлы, Әмір Нысанұлы, Қосай Нәбиұлы, Ыстамғазы Мақатұлы, Қазақ 
Шиенұлы, Көбейсін Қуантырұлы, Жұмабай Үсенұлы, Лұқпан Сарқұлұлы,


298 
Баянқұл Көптілеуұлы, Дәулетбай, Қайрош, Жұмағали Омарұлдары, Мырзағали 
Дәулетбаев сынды алаштың аяулы азаматтарының есімдерін тізімдеп, оны әлгі 
тілектің астына енгізіпті. 
Бұл осы қасіретті жылдарды терең сезініп, зерделеген 
ел азаматтарының игі ісі. «Адай көтерілісін» үкіметтік деңгейде терең зерттеу, 
зерделеу қажет. Ақиқатты халық санасына жеткізу керек. 1931 жылғы Адай 
көтерілістері ежелден бостандық аңсаған қазақтың Сталиннің, Голощекиннің 
тағылық ісіне қарсы ірі қарсылығы. «Адай банды» деп негізсіз бағаланған. Сол 
кездегі Үкімет құжатының күшін жоятын мезгіл болды». Тарихта өзіндік орны 
бар Адай көтерілісіне бейжай қарамай, оны әлі де зерттеп, зерделей түскеніміз 
абзал. «Елім, жерім» деп күрескен алаш азаматтарын жас ұрпаққа үлгі-өнеге ету 
біздің міндетіміз. 
Елбасы Нұрсұлан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты 
бағдарламалық мақаласы аясында өлкеміздегі тарихи жер –су атауларын 
зерттеп ұрпақтан ұрпаққа жеткізу әрбір Қазақстан азаматының ааматтық 
борышы. 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.Сағыздың бой ен жайлау «Арыс» баспасы Алматы 2009ж Төлеуішов Әбілхан 
2.Адай көтерілісі «Нұрлы Әлем» баспасы 2010ж Көшербаев Қырымбек Елеуұлы 
3.Қызылқоға- құт мекен «Өлке» баспасы 2005ж С.Серікқалиева 
4.Қызылқоға энциклопедиясы «Үш қиян» баспасы 2002ж Ә.И.Нәутиев 

Download 3,74 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   162




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish