290
байланыстырады. Баба Түктінің зайыбы Шашты Әзіз өзінің жолдасына үш шарт
қояды:біріншісі, басын жуғанда басына қарамау , екіншісі қолтығының астына
қарамау, үшіншісі яғына қарамау.Баба Түкті әулие алғашқыда келіскенімен ,
қызығушылықпен бір күні жасырын сығалап қараса , Шашты Әзіз басын қолына
алып жуып отыр екен, қолтығынан өкпесі көрініп тұрады екен, ал аяқтарының
башпайлары теріс қарап тұрған пері қызы екен дейді. Баба Түктінің қарап
тұрғанын көрген пері қызы енді мен саған жоқпын , сен уәдеңде тұрмадың деп
аққу болып ұшып кеткен екен дейді. Содан Алатаудан ба , Қап тауынан ба,
болмаса Алтайдан ба немесе Арқадан ба жеткен жерлері Сағыз өзенінің екі
жағынан екеуі мәңгілік орын тепкен деген аңыз бар. Бір деректерде Баба түкті
Шашты Әзіз - қазақ ауыз әдебиетінде жиі кездесетін бейне. Ол
туралы
аңыздардың бірінде шын есімі Баба Туклас деп көрсетілген. Әкесі – Керемет Әзіз.
Баба. Үшінші аңыз бойынша, Баба Тукластың баласы Еділ–Жайыққа дейін
келген, оның Құтлубек атты ұлынан Едіге батыр туған. Ал «Едіге батыр»
жырында Баба түкті Шашты Әзіз – сол батырдың тікелей әкесі ретінде
суреттеледі. Қазақ шежірелерінің кейбір нұсқаларында ол Маңғыт руынан деп
айтылады, Едігенің осы рудан шыққандығы негіз етіледі. Баба түкті Шашты Әзіз
нақты болған адам деген бұлтартпайтын дерек жоқ. Сондықтан ғылымда ол
мифтік бейне ретінде қабылданған. Қазақ фольклорында ол әулие кейпінде
суреттеледі.Батырлар жырында бас кейіпкерлер қиналған
кезде демеуші, аян
беруші аруақ тұлғасында бейнеленеді.Мысалы, «Алпамыс батырда» Байбөрінің
түсіне Баба түкті Шашты Әзіз кіріп, әйелінің бір ұл, бір қыз табатыны туралы аян
береді, кейін Алпамыстың демеушісі болады. Басына қиындық түскенде Баба
Түкті Шашты Әзізге сыйынып, жалбарыну дәстүрі халық арасында күні бүгінге
дейін сақталған. Күш атасы Қажымұхан додаға түскенде: -«Уа аруақ, Баба түкті
Шашты Әзіздің рухы қолдай гөр» - деп сыйынған. Баба түкті Шашты Әзіздің
есемі «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Шора батыр» жырларында жиі
айтылады. Алтын ордаға билік жүргізген Едіге би Шашты Әзіз әулиені өзінің түп
атасы санаған. Сондай-ақ тарихи деректерде Баба түкті Шашты Әзіздің есімі
Орта Азия, Қазақстан жеріне Ислам дінін уағыздаушы болып саналатын Ысқақ
бабтың замандасы, үзенгілес серігі ретінде жиі айтылады. Тағы бір дерекке назар
салсақ, «Қыз Жібек» жырында Төлеген Ақ Жайыққа аттанарда анасы жалғызын
жаратқанға, онан соң осы Шашты Әзіз әулиеге тапсырған деседі. Сөйтіп, Баба
Түкті Шашты Әзіз әулие халық жадында ел қорғаған батырлардың демеушісі,
қиналған-қысылған шақта сүйеніші, баласы жоқтарға бала сұрап әперуші,
жарылқаушы, ақ тілеулі аналардың жалбарынғанда медет қылар пірі ретінде
танымал.
Түкті атаның баласы Едіге деп деректерде бар. Ел қамын жеген Ер Едіге
жайлы Едіге бізді екі рет құрып кетуден сақтады.Алтын Орда басындағы қиын
жағдайды пайдаланып қалмақ болған, әскербасылығы жер жүзіне мәшһүр
Литваның ұлы князьы Витовт үлкен дайындықтан соң , 1399 жылы Литва,
291
Польша әскерін, Батыс орыс князьдарының әскерін, Тевтон орденді рыцарларын
бастап келіп, басып кірді.Жасанған жауды Едіге өзінің дарынды қолбасылығы
арқасында Борсықты түбінде 12 тамыз күні талқандайды. Сөйтіп, күллі түркі
халқын көрініп келген апаттан сақтап қалады. «Мұндай» жеңісті Шыңғыс та,
Батуда көрген емес»- деп жазады орыстың атақты тарихшысы Н.М.Карамзин
өзінің «История государства Российского» деген әлемге әйгілі тарих кітабында.
Едігенің ең басты еңбегі- бізді Ақсақ Темірден сақтап қалды. Едіге
болмағанда түрік тектес халықтардың жер бетінен жоқ болып кетуі кәдік еді. Сол
заман тарихшыларының жазуынша, Едіге билік басына келген соң, Ордада
Темірге қарсы 200мың атты әскеді тұрақты түрде ұстаған.Әлденеше
оқталғанымен Темір батпаған.Бұл жөнінде сол замандағы Европа оқымыстысы
Г.Клавихо: «...один, служивший Тамурбеку по имени Едегуй, заметив, что между
татарами
начались несогласия, сговорился с ними, что пойдет на Тамурбека и
против всех тех, кто будет (их врагами).И они сделали его сеньором; а он восстал
против Тамурбека и стал искать случая его убить; (тогда) и его земли, и Тарталия
перешли бы к нему и стали бы его (владениями).У
этого Едигуя постоянно
имеется в Орде более 200000 всадников»,- деп жазады. /Клавихо Г.История
великого Тамерлана.Властелин Евразии Тамерлан.-Алматы: ТОО Издательский
Дом «Кочевники, 2003, с 209».Едігенің тарихын зерттеуге академиктер
В.М.Жирмунский, Ш.Уәлиханов, Қ.Сәтбаев, Ә.Марғұлан зор үлес қосты.Бәрі де
оң бағасын берді. «Едіге» атты қаһармандық эпос бар. Оның 50-ге тарта нұсқасы
бар. Барлығына ортақ сарын: «Едіге деген ер еді, елдің қамын жер еді» болып
келеді. Яғни, Едіге- халық сүйіктісі. «Едіге» тарихи-қаһармандық эпосы
бойынша тәуелсіздік тұсында түркі тектес халықтар арасында екі кандидаттық,
екі докторлық диссертация қорғалды. Монографиялар жазылды.
Тәуелсіздікке қолы жетпей қалса да Татарстан Едіге туралы жыр-
дастандардың өз тіліндегі 12 нұсқасын жарияға алып шықты.
Орыс тіліне
аударған адамға бірден «Татарстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері»
атағын берді. Өзбекке тәуелді қарақалпақтар 2001жылы Едігеге арнап
халықаралық конференция өткізді. Оған Жапония мен Германиядан танымал
ғалымдар келді. Нөкіс қаласына Едегенің ескерткішін орнатты.Жоғарғы оқу
орындары бағдарламасына енгізді.Ресейге тәуелді 70 мың ноғай да осындай ірі
шараларды жүзеге асырғандығы туралы дерек бар.
Едіге-қазақ жерінің перзенті.Бұған мынадай тарихи дәлелдеріміз бар:
1.Ақтөбе облысы, Байғанин ауданында «Едігенің жалы» деген атауы бар.
(Едгенің жалы/ «Ақтөбе» газеті, 30.09.2010ж.)
2.
«Едігенің жалынан» он шақырымдай жерде, Сағыз өзені бойында
Едігенің әке-шешесінің бейіті тұр.(«Алып ана» қорымы.// «Ана тілі» газеті,
02.03.2016ж.)
3.
Ноғайты өзені мен Сағыз өзені аралығында «Едіге» деген жер атауы бар.
292
4.
Едігенің өлген жері де Ақтөбе территориясында, Мәртөк ауданында.
1420 жылы Қырымнан батыс қаржыландырған ауыр қолмен келіп, басып кірген
Қадырберді ханмен соғыста өлген (Қадырғали бек Жалайыри.Шежірелер
жинағы.-Алматы, 1997ж., 119-б)
5.
«Едіге» атты тарихи-қаһармандық эпос та жоғарыда айтылғандарды
жоққа шығармайды, эпостың атақты Қияс жырау нұсқасында әкесі Едігені іздеп
Ақсақ Темір еліне барған Нұраддин балаға хан қайдан келдің дегенде:
«Жерім жырақ үш айшылық шөл майдан,
Шыққан жерім-Қарғалы, Елек, Кеңсайдан» -дейтіні бар («Едіге» эпосының Қияс
нұсқасы, 1990ж. 289-бет). Бұл өзендер Ақтөбе қаласын айқыш-ұйқыш тіліп өтіп
жатыр.
6.
Едігенің моласы Ақтөбе территориясында, Байғанин ауданында.
7.Ақтөбе облысының территориясында тұратын Қарақойлы табындар,
Назар, Шүрен, Жекейден тарайтын ұрпақтар, Тілеу-Қабақ ұрпақтары өздерінің
арғы атасын Едіге деп есептейді. Яғни, әрідегі Тілеу батыр, Көтібар батыр, Мөңке
би, Асау мен Барақ берідегі ағайынды Жұбановтар тегіс Едіге ұрпақтары (Мұхтар
Құл-Мұхаммед. Мөңке би //Егемен Қазақстан, 18-21.11.2003ж.).
Do'stlaringiz bilan baham: