Өзбекстан республикасы жо­­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi низами атындағ­­­Ы



Download 208,36 Kb.
bet37/53
Sana30.05.2022
Hajmi208,36 Kb.
#619997
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   53
Bog'liq
3.03 Абайшунослик 3 курс (2)

Бір бала үсті-басы далба-дұлба,
Күрсініп дем алады анда-санда.
Жылтыр көз тікірейген, сұрғылт сары
Жаратқан ерекше ғып алла тағала.
Қой жүні, жыртық күпі, сеңсең тымақ,
Көзіне шашы түсіп кеткен тым – ақ.
Сұңқардың отырысы баласындай
Нәсілі Төле биге кетті ұнап.
Болашақта ел билер Абылайдың сыртқы кескін – келбеті де, қарапайым бейнесі де, тектік қасиеті де осында сыйдырылған. Халық арасында кең тараған Сабалақ мінездерін Көкбай өз жырында шебер пайдаланады. Ақын баланың аяқ- қолын төрт жаққа соза жатуы мен Төле би қалдырған малдың басын жалғыз жемей үлестіруі сияқты детальдар арқылы болашақта ел билейтін адамның белгілерін көрсетеді. Көкбай көлемді жырларында өзі жырлап отырған кезеңнің шынайы шындығын көрсетуге тырысады. Ол осы шығармасына халық арасында аңызға айналған элементтерді енгізе отырып, өзінің идеясын, ақындық нысанасын алып шығу барысында тарихи дәлдікті, нақты деректерді көркемдік деталь ретінде пайдаланып, шынайы оқиғалар жүйесінен ауытқымай оны тарихи жыр дәрежесіне жеткізген. Көкбайдың Абылай ерліктеріне арналған осы шығармасы сюжеттік, композициялық құрылысы жағынан аса күрделі болмаса да, Абылайдың ел билігіне жеткенге дейінгі өмір тарихын жан – жақты сомдап бере алған. Ақынның Абайдан естіген әңгімесі де Абылай өмірінің жас шағы еді.
Кенесары мен Наурызбай, олардың төңірегіндегі батыр туыстары жөнінде жазылған шығармасы- «Төрт төре» атты тарихи дастан. «Сабалақ» жырының заңды жалғасы болып табылатын бұл шығарма Абылайдың бір топ ұрпақтарына арналған. «Бекташ нұсқасында Абылай туралы әңгіменің жалғасы түрінде берілген, ал басқа бір қолжазбаларда дербес жыр ретінде ұсынылған «Ер Наурызбайдан» Кенесары қозғалысы туралы, ол қозғалыстың себеп-салдары, тірек-күші, бағыт-бағдары, мақсат-мұраты туралы ешқандай дерек ала алмаймын», - деп М.Мағауин айтқандай, Көкбай жырында Кенесары бастаған көтеріліс кеңінен суреттелмейді. Жырдың негізгі бағыты қазақ жерінің, халқының бостандығы, еркіндігі үшін жанын салып жүрген ерлердің күресін, қысылған шақтағы амалсыз әрекеттерін көрсету болған. Ақынның елдің еркіндігіне осы мұнарадан қарағандығын оқиғалар жүйесінен аңғару қиын емес. Бірінен кейін бірі туындап отыратын оқиғалардың әлеуметтік астарына ақын аса мән берген. Соны негізгі нысана етіп алған. Қазақ жеріне жан-жағынан көз алартып қызыға қараған, басып алуды ойлаған үлкен державалар, шұрайлы жерлерін тартып алып, бекіністер сала бастаған отаршылдар, бір мұсылманбыз, қиянат жасамас дегенде алдап соққан сарт, түрікпендер әрекеттерінің, ойларының түпкі тамырына ақын терең үңілген. К.Жанатайұлы Абылай, Кенесары, Наурызбайларды қоршаған әлеуметтік орта, сол кездегі қоғамдық-саяси жағдай, солардың заманының шындығын шерте отырып, тарихи тақырыптың бүгінгілік мәнін, актуалдық маңызын басты назарға ұстаған. Көкбай Жанатайұлының Абылай хан, оның қайсар ұрпағы хақында жазған « Сабалақ» жырының заңды жалғасы – « Наурызбай-Фатима» дастаны.
« Наурызбай-Фатима» - ғашықтық дастан. Сондықтан да онда махаббат, ерлік, ел арасындағы татулық басты орын алған. Фатиманың Науанға деген сүйіспеншілігі де осы идеяға бағынған. Жеке жыр ретінде тануға болатын « Наурызбай – Фатима» ғашықтық дастаны « Сабалақ» жырының көрнекті де, көлемді бөлігі. К.Жанатайұлы осы жырды:
Сабалақ деген атпен өзін жырлап,
Әулетін өлең қылдым Абылайдың.
Шәкірті-Абай ақын, атым- Көкбай
Еркесі ем Тобықтыда Жанатайдың,- деп аяқтайды.
К.Жанатайұлының «Сабалақ» жырынан өзге де көлемді ауыз толтырып айтарлықтай мұралары бар екендігін жоғарыда келтірдік. Олардың бірі – «Құлынды даласы» атты дастан. Бірақ бұл поэма қазіргі таңға дейін табылмай келеді. Көкбай ақынның тағы да бір көлемді дастаны, өмірінің соңғы шағында жазған « Қандыжап» атты тарихи шығарма. Онда Абылай ел тыныштығын, азаттығын ойлап, халқының болашағы үшін уайымдаған, халқының адал перзенті ретінде суреттеледі. Өмірдегі шындықтан алыс кетпеген К.Жанатайұлы Абай айтқандай «қазақтың мақтан қылар ерлерінің бірі» Абылайды қолынан келгенше ірі тұлға ретінде бейнелеуге тырысқан. Оның басындағы кездесетін жекелеген кемшіліктерін де жасырмайды. Тарихи шындықты негізге алып, Абылайдың ерлік істерінің бір қырын баяндауды мақсат тұтады.
Дастанның идеялық мазмұндағы бір құндылық – қаншама жылдарға созылған қазақ-қалмақ соғысының Абылай хан арқасында бітім табуын, осы жолдағы қазақ хандары мен ерліктерін суреттеу. К. Жанатайұлының рухани нәр салған алтын бастауларының бірі-шығыс әдебиеті. Оның шығыс мәдениетін тереңдеп оқып үйренуіне орасан зор ықпал еткен адамның бірі, өзінің ұстазы – Абай Құнанбайұлы. Шығыстық қисса-дастандардың, оқиғалы әңгімелердің көпшілігі Абай айтуы бойынша, сол ортада кеңірек таралып, мол өріс жаяды.
Көкбай Жанатайұлы «Мың бір түн» ертегісінің негізінде екі қисса жазады. Оның алғашқысы «Ғаділ патша қиссасы» болса, екіншісі – «һарун Рашид қиссасың деп аталады. Екі қиссаны да С.Қарамендин ел ортасынан тауып, 1927 жылы хатқа түсірген. Олар архив қорларында сақталғанымен күні бүгінге дейін жарық көрген жоқ. Қиссаларды жазудағы ақынның басты нысанасы – адам баласын адамшылыққа, адалдыққа, шынайы махаббат пен алғырлыққа, тапқырлық пен әділеттілікке шақыру. Екі қиссаның да тәрбиелік маңызы аса жоғары.
Х х х
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу, ояну, даму кезеңдеріне көз жүгірткенде, ұлттық ғылыми-зерттеушілік, әдеби-теориялық ой-пікірдің басты нысанында болып, классикалық мұраны игеруде жан-жақты, ғылыми тұрғыда зерттеле бастаған ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы екендігін байқаймыз. Абайды тану-халқымыздың тарихын тану деп білсек, осы жолда үлкен жұмыстар атқарылып келеді. 1924 жылы Абайдың дүниеден өткеніне 20 жыл толуына орай Семей қаласында әдеби кеш өтеді. Көкбай осы кеште Абайдың мінез ерекшеліктерін, өзі білген ұстазы жайлы әңгімелерді, Абайдың ақындық тұлғасын сипаттап шығады. Көкбайдың осы пікірлері Абай мұрасы мен ақындық ерекшеліктерін танып бағалауға үлкен көмегін тигізген. Көкбай әңгімесінің аса құндылығына М.Әуезов жоғары баға берген.
Абайдың ерекше мырзалығы, жомарттығы, дүниеқор еместігі, малшысына адалдығы, ақшаға да сараң болмағандығы, қонақшылдығы мен тоғызқұмалақты қызығып ойнайтындығы, жас кезіндегі аңшылығы- барлығы- Көкбай естелігінде көрініс тапқан. К.Жанатайұлының Абайдың мінез көріністері туралы айтқан естелік-әңгімесі Абайтануға қосылған құнды деректің бірі деп білеміз. Мұхтар жазған Абай өмірбаянына бұл еңбектің тигізген үлесі ерекше мол. «Онан соң Абайдың өмірбаянын толық етіп жазуда да Көкбай айтып берген материалдар аса көп еді. Олар құнды деректер болатын. Тек Көкбайдың Абай тұсында айтқан естелігі толық жазылмады. Бірақ 1933 жылы біз құрастырып жазатын алғашқы толық өмірбаянның көп фактылары Көкбайдың аузынан алынған»,-дейді М.Әуезов. Абай шығармаларының жинағы толық болып шығуына да Көкбайдың еңбегі зор болғанын атап айтуымыз керек. Яғни Көкбайдың қазақ әдебиетіне қосқан үлкен үлесі – Абайдың асыл мұрасын аман сақтап, оны кейінгі ұрпаққа жеткізу. Бұл бағыттағы Көкбай еңбегі туралы М.Әуезов былай деп жазады: «1924 жылдан бастап Абайдың өмірбаянын жазушыларға және барлық толық жинағын құрастыруға Көкбай барынша зор көмек еткен еді. Абайдан қалған мұраның қазақ оқушыларына толық жинақ боп құралып шығуына анық еңбек сіңірген кісінің бірі – Көкбай. …1909 жылы Кәкітай бастырып шыққан жинақ Абай еңбектерінің жарым көлеміндей ғана еді. Көкбай қолжазбада сақталған шығармалар ғана емес, өзінің жадында жүрген, біршама жоғалып кетуге мүмкін болған Абай өлеңдері мен кейбір шумақтар, жолдарды хатқа түсіртіп, ұлы ақынның өзге мұраларының қатарына қостық.
М.Әуезов жоғары бағалағандай Абай мұрасының толыққанды түрде сақталуына, ғұмырнамалық дәлді деректердің бізге жетуіне Көкбай теңдессіз еңбек сіңірген. Ұстазы алдындағы, келешектің алдындағы парызын ұға біліп, борышынан құтылды. Дана ақынның дара шәкіртінің кемеңгерлігі де осында.
Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық мұражайы–ақынның туғанына 95 жыл толуы қарсаңында Халық Комиссарлар Кеңесінің 1940 жылғы 1-сәуірдегі қаулысы бойынша ұйымдастырылды.
Оның негізгі қорын 1885 жылы өлкетану мұражайына Абай тапсырған заттар құрайды. Аталмыш заттардың 30-ға жуығы мұражай қорында сақтаулы.
Алғашқы жылдары мұражай Абай ақын Семейге келгенде ат басын тіреп, түсіп жүрген Бекбай Байысов пен Әнияр Молдабаевтың үйлеріне орналасқан болатын. 1967 жылдан бастап, мұражай көпес Ершовтың (Ленин көшесі, 12) үйіне орын тепті.
1995 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай Абай мұражайы мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық «Жидебай-Бөрілі» қорық-мұражайы болып қайта құрылды.
Қорық-мұражайдың құрамына қалалық кешен, Бөрілідегі М.Әуезовтің музей-үйі, Жидебайдағы Абайдың әдеби-мемориалдық музейі, қорық аймағына кіретін 16 тарихи орындар, Абай ауданы Құндызды ауылындағы халық ақыны Шәкір Әбеновтың мұражайы және Мақаншыдағы Әсет Найманбаевтың мұражайы кіреді.
Қалалық кешенге Ахмет Риза медресесі мен мешіті, «Алаш арыстары және М.Әуезов» музейі кіреді. Мұнда ақын пайдаланған кітаптардың түпнұсқалары қойылған. Мұражайда ұлы ақын өміріне қатысты бірнеше бөлімдер бар. Осының бәрі қосыла келгенде Абай дәуіріне, оның шығармашылығына терең бойлауға жол ашады.
Бас мұражай экспозициясы келесі залдардан тұрады: «Абай және оның дәуірі», «Абай шығармашылығы», «Абай шығармашылығының қайнар бұлақтары», «Абай аудармалары мен музыкалық мұрасы», «Шығыс поэмалары», «Ескендір поэмасы», «Күмбезді зал», «Жыл мезгілдері», «Жаз өлеңіне арналған панорамалық заң», «Тақырыптық көрмелер залы», «Ақындық айналасы», «Абай халық жүрегінде», «Сыйлықтар залы».
1855-1859 жылдары Ахмет Риза медресе экспозициясы, медресе тарихы, Абай және Шығыс бөлімдерінен тұрады. Медреседе жас шәкірт Абай (Ибраһим) пайдаланған түпнұсқа кітаптар қойылған. Бұлар әдеби оқулықтар, шығыс ғұламаларының еңбектері.
Абай қорық-мұражайы қорында 20 мыңнан астам жәдігері, 12 950 кітабы бар ғылыми кітапхана және көшірме жасайтын ғылыми-техникалық бөлім бар.
1997 жылы Семейдегі Әнияр Молдабаевтың үйінде «Алаш арыстары – М.Әуезов» мұражайы ашылды. Ол М.Әуезовтің Семейдегі өмірі мен қызметіне, сондай-ақ алашорда қайраткерлеріне арналған.
Абай ауданының аймағында орналасқан Бөрілі-Мұхтардың балалық, жастық шағы өткен жер. Сондықтан мұнда жазушының өмірі мен шығармашылығын қамтиды.
Жидебай – Абайдың әкесі Құнанбай әулетінің ата қонысы. Мұнда ақынның әдеби мұралары: қарасөздері, өлеңдері, аудармалары жазылды.
Ақын мұражайын кезінде өркендетуге үлес қосқан жазушы, ғалым, қайраткерлер Қ.Туғанбаев, Қ.Мұхамедханұлы болды. Мұражайда жазушы М.Әуезовтың өз қолымен сыйға тартқан ақынның көзі тірісінде түскен фотосуреттері және Абай үйінің дүниелері асылдың көзіндей сақтаулы.
Сонымен қатар, қаланың музыка, өнер саласындағы өнерпаздарының жиі бас қосатын жері.
Белгілі жазушы-сыншы, әдебиет және өнер зерттеушісі, абайтанушы Төкен Смайылұлы Ибрагимов 1976 жылдан осы Абай қорық мұражайын басқарады.



Download 208,36 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   53




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish