Өзбекстан республикасы жо­­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi низами атындағ­­­Ы



Download 208,36 Kb.
bet35/53
Sana30.05.2022
Hajmi208,36 Kb.
#619997
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   53
Bog'liq
3.03 Абайшунослик 3 курс (2)

Тобықты арғы тегім,затым-Көкше,
Жасым кіші болса да, сөзім кексе.
Жанатай – әкем аты, атым – Көкбай
Сеңгірдей тасқа шыққан еп-ерекше,- дейді.
Көкбай алғашқы сауатын ауылда Төлетай деген молдадан ашады. Баласының тек өлең-жырға ғана емес, өнерге, оқуға бейім екендігін, зеректігін, ұғымталдығын байқаған әкесі оны Семей қаласына жібереді. Көкбай қалаға келіп, мешіт жанындағы медреседе Қамали Қазіреттен мұсылманша дәріс алады. К.Жанатайұлы мұсылманша оқумен тоқталмай 1878 жылы үш сыныптық уездік училищеге түсіп оқиды. Орысша оқуға деген құштарлығы зор, әрі зейінді Көкбай училищеге түскеннен кейін өзінің зеректігін байқатады. Орыс тілі, арифметика, география, геометрия, сызу және татар тілі сияқты сабақтардан жақсы деген бағалар алған. Ауылдан, қырдан келіп орыс мектебінде оқу жылының бірі нші жартысының өзінде сабаққа үлгеруі, тіпті жақсы бағалар алуы үлкен жетістік еді. Сөйтіп, Семейдің уездік училищесінде, Қамали медресесінде оқыған Көкбай елге келген соң үнемі Абай жанында болады.
Көкбай 1901 жылы Мұқыр болысына молда болып сайланады. «Семей облысы. Бұйрық N81.1901.10 сентябрь. Семей уезі Мұқыр болысына Көкбай Жанатайұлының молда сайлануы туралы бұйрық». Сонымен, Көкбай ұстазы Абайдың ақыл-кеңесімен, рұқсатымен 40 жасынан бастап Тақыр өзенінің бойындағы қорасының қасынан медресе салып, бала оқытуға кіріседі. Көкбай Жанатайұлы ел ортасында медресе ашып, ағартушылық іспен айналысуымен қатар, мұсылманға үлкен сауап болатын құдайдың үйі-мешіт салдырады. Мешіт 1908 жылы Абай қайтыс болғанына төрт жыл болған кезде толық салынып бітеді.
Көкбай ақын 1913 жылы Мекке, Мәдинеге барып өзінің мұсылмандық парызын өтеп қайтады. К.Жанатайұлы Тақырдағы медресесінде әрі ұстаз бола жүріп, сол кезде құрылып жатқан уездік земствоның мүшесі болған. 1920 жылдардан ауырып-сырқай бастаған Көкбай замана талабы сол болғандықтан, кеңес өкіметінің саясатымен өзге жолмен оқытатын оқу әдісіне, жүйесіне қарсылығын білдірмей, өзінің қаншама жыл ұстаздық еткен, маңдай тері, адал еңбегімен салынған медресесін жаңаша дәріс беретін мұғалімдерге босатып береді. Көкбай медресесі 1901 жылдан 1921 жылға дейін ескіше жұмыс істеген. 1921 жылы оны жаңа оқу жүйесімен оқытатын мұғалімге босатып береді. Онда 1928 жылға дейін мектеп болады.
К.Жанатайұлының денсаулығы жиырмасыншы жылдардың басынан бастап бұзыла бастайды. Көкбай дертінің бет алысынан секем алып, қорқып, жақсы дәрігерлерге қаралғанды жөн көреді. Сондықтан да ол 1922 жылы Омбы қаласына, 1923 жылы Мәскеуге барып емделіп қайтады. Ленинградта болады.Алайда К.Жанатайұлы меңдеп алған ауруынан оңала қоймайды. Сонда да ол ауруға мойымай, емделуді, мықты мамандарға барып қарала беруді жөн көреді. Ақырында К.Жанатайұлы ел-жұртымен қоштасып, бақұлдасып, 1925 жылдың қазан айының басында Мәскеуге бармақ болып жолға шығады. Бірақ бұл ақынның соңғы сапары болды. 1925 жылы Күшікбай кезеңінде ақын дүниеден қайтады.

Х х х
Көкбай-Абай мектебінің адал ұлы. Өйткені ол-Абайдың ұлағатты принципін мықты ұстанған ақиқатшыл, шыншыл тұлға. Ол құдай берген табиғи дарынының, жаратылыс болмыс бітімінің арқасында Абай салған даңғыл жолдан таймаған ақын. К.Жанатайұлының ақындық талантының ұшталуына, дүниетанымдық көзқарасының кеңеюіне Абайдың, Абай мектебінің зор ықпалы болғаны белгілі. М.Әуезовтің өзі Көкбайдың ақындығы туралы сөз қозғағанда: «Ол кезде Абай айналасындағы бар ақынның ішінде суырып салма, импровизацияға ең жүйрік ақын Көкбай болғаны даусыз. Сол талантын бағалап, Абай бұны өзі жазып жүрген алғашқы өлеңдеріне ие ғып шығарады», - деп, Көкбайдың жай ақындардың бірі емес, талантты ақын екендігіне назар аудартады.


Көкбай, біріншіден, импровизатор ақын. Ақынның «Оспанға» , «Мұсажанға», «Молдабайға», «Төребайға», «Сараңбайға», «Зағипаға» сияқты өлеңдерінің көпшілігі табан астында дүниеге келген. Ал, олардың көпшілігі бірқақпайлар болып келеді. Олар табан астында шығарылған бір, не болмаса екі шумақ көлеміндегі өлеңдер тобы. Бірқақпайлар көбінесе адам мінез-құлқындағы, не кереғар ісіндегі кемшіліктерді әжуалауға, яки болмаса әзіл-оспақпен келемеждеуге арналған. Көкбай өзі ұнатқан адамы болса пір тұтып, асқақтата, мақтауын асыра жырлаған.
Абайдың өз тәрбиесінде болған және оның ақылы мен сыны бойынша тақырыптар таңдап, көлемді шығармалар жазған «анық шәкірт ақындар» ішінде ұлы ұстазының өлеңдеріне аты кірген де жалғыз ақын Көкбай болатын. «Ал, кейін Көкбай шығарған өлеңдерді алсақ, бұл жағынан да Абайды үнемі өзіне ұстаз, аға тұтқан Көкбай барын айқын танып отырамыз» ,- деп М.Әуезов айтқандай, Көкбай өлеңдерінен Абай бейнесін үнемі кездестіріп отырамыз. «Семейге Абай келсе, бізге думан», «Абайдан сабақ алдым бала жастан» деп басталатын өлеңдерімен қатар, көптеген шығармаларында Абай ұлылығын жыр етуден таймаған.

Download 208,36 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   53




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish