Әдістемелік нұсқау: Абай энциклопедиясы және «Қазақ тілі мен әдебиеті»журналын, Шәкәрімтану мәселелері еңбегін қарастыру.
Әдебиеттер тізімі:
1.Д.Омаров «Абайтану курсы»-Алматы 1998 жыл
2.М.Мырзахметов «Абайтану»- Алматы 1994 жыл
3.\\ «Қазақ тілі мен әдебиет» №12 2005 жыл
4.Шәкәрім шығармалар жинағы
5.«Абай» энциклопедиясы.
6.\\ Абай журналы - № 7-9
7.\\ Қазақ тілі мен әдебиеті журналы «Абайдың поэмалары»№ 12 -2001жыл.
12-семинар. Абайдың Крыловтан аударған мысалдары
Сабақтың мақсаты: Абай аудармаларының негізгі ойын, мәнін, мағынасын жете түсінідіріп, аударманың негізгі идеясын ашу.
Сабақтың жоспары:
1.Абай аудармалары
2.Абайдың аударма саласын дамыту жөніндегі еңбектері
90 – шы жылдардың аяқ кезінде Абай Крылов мысалдарын көбірек аударумен шұғылданған.Ол «Емен мен шілік», «Қазаға ұшыраған қара шекпен», «Жарлы бай», «Есек пен бұлбұл», «Бүркіт пен қарға», «Шегіртке мен құмырсқа», «Әншілер», «Алақойлар», «Түлкі мен қарға», «Есек », «Бақа мен өгіз», «Піл мен қанден» мысалдарын аударған.
Крыловқа қол созуына Абайдың өз айналасына сыншылдықпен қарауы зор себеп болған. Ол өз шығармаларында аяусыз әшкерелеген ұнамсыз құбылыстарды енді мысалдың үлгісімен сынап көруге бел байлайды.Сол үлгімен адам бойындағы қулық – сұмдықты, тойымсыздықты, жауыздық пен зорлық – зомбылықты , ашқарақтықты, әлін білмегеннің әлегін аяусыз шенейді.Крылов суреттеген бұл тәрізді мінез – құлық , іс – әрекеттер орыс қауымына ғана емес, қазақ шындығына да тән еді. Абай осыны көре білді. Осы жерде орыс – қазақ ақындарының ойлары түйісті. Екеуі бірігіп жалпы адам баласына ортақ әр алуан сұрқиялықтарға соққы береді.
«Түлкі мен қарға» мысалында мақтан сүйгіш даңғойлардың түлкі мінездес қуларға мазақ болуын көрсетсе, «Шырылдауық шегірткеде» ертеңгісін ойламайтын жалқауларды күлккі етеді. Шегірткені әкеліп, онан әлде қайда кіші жәндік , бірақ еңбекшіл құмырсқаға бас игізеді. Мұның бәрінде адамдық намыс, әділдік үшін күрес идеясы көрінеді.
Сондықтан Абай Крылов мысалдарын өз оқушысына оңай, ұғымды боларлық өлең үлгісінде аударған.
Ю.М.Лермонтовтың өмір сүрген дәуірі декабристер қозғалысының басылып, Ресейде патшалық кертартпа күштердің өктемдік алған кезі болатын.Соған орай ұлы ақынның шығармалары өз қоғамы мен оның әкімдеріне деген ашу-ызаға, кекке толы келеді.Ақын өлеңдерінің кейіпкері – күресті аңсаған, заманының сырына қанық және оған қарсы, батыл адам.Өмір сүрудің мақсаты мен мән – мағынасы , тағдырына наразылық, достарының тұрақсыздығы мен адамдардың екі жүзділігі ақын шығармаларының негізгі тақырыбына айналады.Ол ұнамсыз адамдар мен патшашыл көзқарастарды аяусыз сынап- шенеді.Осы жолдағы ізденіс үстінде ол Лермонтовеңбектерімен танысты да, оны өзіне өлмес серік етті.Абайдың 80- жылдардың орта кезінен бастап, заман мен оның адамдары туралы ойланғанда («Қалың елім, қазағым», «Адасқанның алды жөн», «Сегіз аяқ»), Лермонтовқа көп жағынан жақын келуінің де сыры осында болатын.
90- жылдардың басынан бастап Абай өмірінде көңіл құлазытар бірқатар келеңсіз оқиғалар болды.Көп жылдар айтысып- тартысып, бір жақындап , бір алыстап жүрген ескі достары (Жиренше, Оразбай т.б.) біржолата ат құйрығын кесісіп кетті. Және жай кетпейді, жауласып кетеді.Құнанбай заманынан қалған ескі кектерін еске түсіріп, ақынға қарсы айбат көссетушілер тобы өсе түседі. 1891 жылы жақсы көретін інісі Оспан, 1895 жылы сүйікті ұлы Әбдірахман қайтыс болады.Осылардың бәрі ақынды өмірден түңілдіріп, жалғыздық азабына салды.Осындай тұстарда ол Лермонтовпен көбірек сырласты.Бұрын ара-кідік бірер шығармасын («Бородино») ғана аударған Абайдың 90- жылдар ішінде Лермонтов өлеңдерін көп аудаурының да себебі осында еді.
Абай Лермонтовтан жалпы саны 27 шығарма аударған.Олардың ішінде «Демоннан», «Боярин Оршадан», «Измаил – Бейден», «Вадимнен» үзінділер бар.Ал, лирикаларынан ол «Теректің сыйы», «Қарасам, қайғырар жұрт бұл заманғы», «Тұтқындағы батыр», «Жолға шықтым жым – жырт түнде жалғыз», «Жалғыз жалау», «Жартас», «Дұға», «Альбомнан», «Менің сырым, жігіттер , емес оңай», «Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда», «Қараңғы түнде тау қалғып». (Лермонтов оны Гетеден аударған), т.б. аударған.Бірқатар өлеңдерін ( «Өзіңе сенбе, жас ойшыл», «Ауру жүрек ақырын соғады жай», «Әм жабықтым, әм жалықтым» т.б.) Абай Лермонтовтан бастап, өз күйін айтуға ауысып кетеді.
Мұның бәрі 90- жылдың ішінде Абайдың Лермонтовпен тіпті мұндас болып, қазақ ортасының ұнамсыз жақтарын сынауда, өз басының көңіл – күйін танытуда көп тереңдегенін аңғартады. Оның сыншылдығы өткірленіп, күшейе түседі.
Do'stlaringiz bilan baham: |