Өзбекстан республикасы жо­­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi низами атындағ­­­Ы



Download 208,36 Kb.
bet34/53
Sana30.05.2022
Hajmi208,36 Kb.
#619997
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   53
Bog'liq
3.03 Абайшунослик 3 курс (2)

Әдістемелік нұсқау: Қаламыздағы кітапханалардағы әдеби қорымызда сақталған газет, журналдарды қарастырып, саралау. Сондай-ақ осы тақырыпқа байланысты «Абай » журналының сандарын қарау.
Әдебиеттер тізімі
1.Абай Құнанбаев: Библиографиялық көрсеткіш (екі тілде). – Алматы: ҚР-ның Ұлттық кітапханасы, 1995. – 302 б.
2. Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны // Абай. – 1992. - №3. – 23 – 28 б.
14-семинар. Абайдың ақындық мектебі. Ақынның 100 жылдық, 150 жылдық мерекелер тұсындағы абайтану ғылымына қосқан үлестері
Cабақтың мақсаты: Абайдың ақындық мектебінен нәр алған ақындарды жете тану, абайтанудың қалыптасуына қосқан ғылыми еңбектері туралы мәлімет беру.
Сабақтың жоспары:
1.Абайдың ақындық мектебі.
2.Ақынның 100 жылдық, 150 жылдық мерекелер тұсындағы абайтану ғылымына қосқан үлестері
Ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетімізді, рухани өмірімізді тас қамауда, шынжыр қоршауда қадағалап ұстап келген коммунистік саясаттың қанды торының үзілуі елімізге тың серпіліс әкелді. Өткен тарихымызға, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің ойы мен қырына, даму тарихына ұлттық көзқараспен жіті көз тігіп, әдебиетіміздегі орны ойсырап тұрған тұлғаларды түгендей бастадық. Кешегі кеңестік империяның дәуіріндегі идеологияның ықпалынан толыққанды түрде айтылмай келген төл әдебиетіміздің қатпарларына ұлттық көзқараспен жаңаша пайымдаулар жасауға мүмкіндік туды.
1951 жылғы Абай мұрасын талқылауға арналған ғылыми айтыстан кейін буржуазиялық – объективтік концепция делініп, енді ғана қанатын кең жайып келе жатқан кезде тоқырауға түскен Абайдың әдебиет мектебі қаншама жылдардан кейін қайта шаңырағын көтеруде. Ұлы Абайдың ақындық мектебінің талантты шәкірттері де өздерінің әділ бағаларын алып, халықпен қайта табысты.
Абайдың ақындық тәрбиесін көрген шәкірттердің ішінде ұлы ақынның қасында ширек ғасырдай жүріп, іні-досы болған Көкбайдың алар тұғыры өте жоғары. ХIХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында, төңкерістерге толы заманда өмір кешкен, ұлы Абайдай қазақ поэзиясының асқар шыңының ақындық тәлімін алған, артына мол әдеби мұралар қалдырған, ел ортасынан медресе, мешіт ашып, ұстаздық қылып, молда атанған, қажы Көкбай Жанатайұлының әдебиет тарихындағы алар тұғыры биік болғанымен, күні бүгінге дейін шығармалар жинағы жарық көрген жоқ еді. Соның сәті бүгін түскендей. Бұл күнді аңсап өткен жандар қаншама. Солардың ішінен Көкбай шығармаларын тірнектей жинаған Сейітқали Қарамендинді айрықша атап өткіміз келеді. Осы жинақты алғаш құрастырушылардың бірі де – С.Қарамендин. Оның болашақ Көкбай мұраларын жинап, зерттеушілерге айтып кеткен Аманаты бүгін орындалды деп білеміз.
Өз халқымыздың хандары туралы айту ұлтшылдық, «өзімдікі» деп таныған «өзгенің» хан-патшасын марапаттау ұлы достық болып табылған, соған лайықты стандартты коммунистік идеология кезінде Абылай хан, Кенесары мен Наурызбай ерліктеріне ыстық ықыласын білдіре отырып жырға қосқан Көкбай Жанатайұлының эпикалық шығармалары жарық көру, зерттелу түгіл, тар қапасқа қамалды. Ақынның жеке өмірі де саяси кінәлаулардан құр қалған жоқ. Сол заманда Көкбайдың діни бағыттағы өлеңдері ақын мұрасының зерттелуіне кедергі болды десек те, Ленин жөнінде жазған өлеңі ақынға еш көмегін тигізе алмады. Ақынның бай әдеби мұрасы: өлеңдері мен айтыстары, дастан-жырлары қаншама уақыт бойы зерттелусіз қала берді. Көкбайдың бай мұрасының өз алдына жеке жинақ болып жарыққа шықпауының өзі, ақын мұрасының зерттелу, жариялануының, халыққа кең тарамауының мөлшерін танытады.
Көкбай Жанатайұлының қолжазбалары қазіргі таңға толық жеткен жоқ. Ақын шығармалары шәкірттерінің, ағайындарының, жекелеген жинаушылардың орасан зор еңбегінің нәтижесінде сақталды. Көкбай ақын туралы алғашқы там-тұмдаған пікірлер 1933 жылдан бастап көріне бастады. К.Жанатайұлының Абай тәлімін алған талантты шәкірті екендігіне, ұлы ақынның дәстүрін жалғастырушы болғандығына тұңғыш ғылыми тұрғыда анықтама берген М.О.Әуезов еді. М.Әуезов 1934 жылғы «Абай ақындығының айналасы» мақаласында Абайдың төрт ақын шәкіртінің бірі деп Көкбайды атайды.
Мұхтар Әуезовтің 1933 жылдан бастап Көкбайға жанашырлықпен қарауы, ақын мұрасын зерттеп, жақсы баға беруі басқа әдебиетшілерге үлкен әсерін, ықпалын тигізеді. Отызыншы жылдардың аяғы мен қырқыншы жылдардың басынан бастап Көкбайдың өлеңдері мен поэмалары жинала бастайды. Ертелі – кеш ел аузынан жиналған ақын шығармаларының қолжазба нұсқалары Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Орталық Ғылыми кітапхана қорында және Әдебиет және өнер институтының қолжазба бөлімінде сақтаулы. Көкбай шығармаларын осы кезден бастап жинаушылар деп Садық Қасиманов, Ермұхамбет Жексембаев, Есентай Бердин, Кенжебаев Қасен, Күсембек Байғұттыұлы, Абдулғафар Шайх әл-Рази сияқты адамдарды атаймыз.
М.О.Әуезовтің К.Жанатайұлының өмірі мен әдеби мұрасына арналған Абай монографиясының жеке бөлімі «Көкбайдың ақындығы» атты мақаласы алғаш рет 1988 жылы шыққан «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» кітабында жарық көрді. «Көкбайдың ақындығы» деп аталатын бұл қолжазба К.Жанатайұлының ғұмырнамасы мен әдеби мұрасына қысқаша ғана тұжырымдама жасаған мақала болғанымен, Көкбай ақын турасында жазылған ең алғашқы толық еңбек. Елуінші жылдардағы Көкбайтанудағы қомақты еңбек деп Қ.Мұхамедханұлының «Абайдың әдебиет мектебі» атты кандидаттық диссертациясын атаймыз. Ғалым Көкбайды Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушылар, дамытушылар, артына әдеби мұра қалдырған ақын шәкірттер қатарында қарастырады.
Қазақ әдебиетінде Қайым Мұхамедханұлының «Абайдың әдебиет мектебі» атты кандидаттық диссертациясының қорғалуымен қатар, осы тақырыпта айтыс өршіп кетеді. 1951 жылдың маусымның он бесінен бастап ҚазССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институты мен Қазақстан Жазушылар Одағы бірлесіп өткізген «Абайдың әдеби мұрасы» мәселесін талқылауға арналған ғылыми айтыс дейтін үш күнге созылған үлкен жиналыс болды. Оның қорытындысы былай болып шығады: «Абай мұрасын зерттеу» жөніндегі жақында өткізілген айтыста «Абайдың ақындық мектебі» деген концепцияның ғылымға қарсы екендігі және саяси зияндылығы әшкереленді. Айтыстың материалдарын зерттеп және қорыта келіп, ҚазССР Ғылым Академиясының Президиумы былай деп табады: «Абай мектебі» дейтін концепция тарихи шындыққа ешбір қатысы жоқ және буржуазиялық-объективтік жалған концепция болып айыпталады. Сонымен Көкбай сияқты Абай дәстүрін жалғастырушы ақын шығармаларының аузына қара құлып қойылды.
Сол бір қуғындау, қудалау заманында «саяси беті теріс, кертартпа ақын» атанса да Көкбай ел есінде жақсы сақталған. Сексенінші жылдардың басынан бастау алатын Көкбай жөнінде жаңаша ойлаудың майда қоңыр, самал желі ескен кезде, бұл жайлылыққа ақынды сүйер қауым бірден ықыластарын танытып жатты. Көкбай мұрасымен оқушылар қауымы алғаш «ХIХ ғасырдағы қазақ поэзиясы», «Бес ғасыр жырлайды» сияқты жинақтар арқылы таныса бастады.
К.Жанатайұлының өмірі мен шығармашылығын зерттеуде ғалым Болатжан Абылқасымовтың алар орны ерекше. Көкбай ғұмырнамасы мен әдеби мұрасын жаңа көзқараспен тыңғылықты түрде қарап шыққан ғалымның «Көкбай Жанатайұлы» атты мақаласы 1988 жылы жарық көрді. 1990 жылдардың ішіндегі Абайтанудағы, Көкбайтануда ең үлкен жеңіс – Қ.Мұхамедхановтың 1951 жылдары қуғындауға ұшыраған, енді кітап болып шыққалы тұрғанда қатты сынға алынып, жарық көрмей қалған еңбегінің қайта жарық көруі. Араға 43 жыл салып қайта оралған Абайтанудың білгір маманы Қ.Мұхамедханұлының «Абайдың ақын шәкірттері» атты ғылыми еңбегі Көкбай мұрасын тағы бір белеске көтерді. 1999 жылы «Көкбай Жанатайұлының әдеби мұрасы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғалды. Диссертация Көкбай мұрасын алғаш монографиялық дәрежеде қарастырып шықты.
Х х х
Өткір тілді, ұшқыр ойлы, импровизатор ақын К.Жанатайұлы 1861 жылы 26 маусымда Шыңғыстаудың етегінде, Тақыр өзенінің бойында, қазіргі Абай ауданының Көкбай аулында дүниеге келген. Көкбай Тобықты ішінде Көкше руынан. Ақын өзі туралы:

Download 208,36 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   53




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish