Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі



Download 1,46 Mb.
Pdf ko'rish
bet19/188
Sana13.03.2022
Hajmi1,46 Mb.
#492502
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   188
Bog'liq
2 5307809992731005381

 
Жеке адамның дамуы –
бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын және бас-
қарылмайтын факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу 
процесі. 
1.3.2. Педагогиканың ғылым ретінде пайда болуы және 
дамуы. 
Қандай ғылым болса да қоғамның өмірлік мұқтаж-талабынан туады. Пе-
дагогиканың жарыққа шығуы, пайда болуы қоғамның жас ұрпақты тәрбие-
леудің тиімді жолын табу мақсатынан туған. Жинақталған тәжірибенің келесі 
ұрпаққа берілуі қоғамның ілгері дамуының кепілі болып саналады. Педагоги-
ка ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті.
Алғашқы педагогикалық ой-пікірлер ертедігі Шығыс елдерінің (Египет, 
Азия, Yндi, Қытай) философиялық жүйесінде дамыды. Бұл елдерде жрец, са-


25 
рай және әскерилер мектептері болды. Вавилондағы жрец мектептерінде оқу, 
жазу, санауға үйретуден басқа астрология, медицина және діни пәндер оқы-
тылды.
«Педагогика» терминінің көне Грециядан бастау алатынын айтып өттік. 
Ежелгі Грецияда көптеген қоғам қайраткерлері, ойшылдар оқыту мен тәрбие 
адам баласының дамуында айрықша роль атқарады деп есептеген. Сократ (469-
399), Платон (427-347), Аристотель (384-222), т.б. шығармаларында тәр-бие 
туралы құнды пікірлер айтылған. Ортағасырлық отандастарымыз әл-Фа-раби, 
ибн Сино, Беруни сияқты ғұламалар да өздерінің шығармаларында тәр-бие, 
оқыту мәселелеріне көп тоқталған. Әсіресе, eң алғашқы болып Абу Али ибн 
Синоның балаға берілетін тәрбиенің түрлерін анықтауы, балаларды 
коллективті түрде оқыту керек деген шешімі педагогика тарихындағы құнды 
педагогикалық идеялар еді.
Педагогика туралы теориялардың жедел дамуына қарамастан, ол ХVII ға-
сырға дейін философия ғылымының бір бөлігі ретінде қала берді.
Педагогика тек XVII ғасыр басынан бастап жеке ғылым ретінде таныла 
бастады. Ағылшын философы Фрэнсис Бекон (1561-1626) 1623 жылы жазған 
«О достоинстве увеличении наук» деген еңбегінде педагогиканы жеке ғылым 
ретінде қарастырды. Оны «Оқуды басқару» деп ұқты. Осы ғасырда өмір сүрген 
Я.А.Коменский еңбектерінде педагогика жеке ғылым ретіндегі статусқа ие 
болды. Ол «Ұлы дидактика» атты ұлы шығармасында тәрбие, оқыту, оқытуды 
ұйымдастыру мәселелерін көтеріп, өзінің педагогикалық теориясын ұсынды.
XVII-XIX ғасырлар арасында педагогика ғылымы жан-жақты дамыды. 
Оның дамуына Батыс Европа ғалымдары Джон Локк (1632-1704) тәрбиенің 
психологиялық негіздері, Жан Жак Руссо (1712-1778) «еркін тәрбие» идеясы, 
Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827) балалар мекемесінде тәрбиелеу, тәр-
биенің гуманистік сипаты, Иоганн Гербарт (1776-1841) оқыту мен тәрбиелеу-
дің психологиялық негізі, Адольф Дистерверг оқушылардың белсенділігiн 
арттыру, мұғалімді даярлау идеяларымен салмақты үлес қосты.


26 
Ал орыс педагогтары К.Д.Ушинский мен Л.Н. Толстойлар ана тілінде 
білім берудің маңызын көрсетуі, халықтық мектептерде оқыту мен тәрбиелеу 
теориялары арқылы педагогика ғылымын әpi қарай дамытты.
Педагогика ғылымының дамуына ұлы қазақ педагогы Ы.Алтынсарин әр-
бір бала өзінің ана тілiнде оқуы керек деген идеясымен, қазақ даласында дү-
ниелiк ілім үйрететiн қазақ мектептерiн ашқан ағартушылық қызметiмен, басқа 
тілді оқушыларға үйретудің методикасын iстеп шығуымен елеулi үлес қосты.
Дүниелік ілім үйрететiн мұсылман мектептерiн ашып, онда берілетін бі-
лімдердің мазмұнын анықтап, оқыту теориясын ұсынған ХХ ғасырдың басын-
дағы Түркістан жадидшілері де педагогиканың дамуында заңды орын алады.
Балалар коллективінің тәрбиелiк ықпалын ашқан А.С.Макаренко (1888-
1939) және оқушы жеке басының, дара ерекшелiктерiнің, қабілетінің, қызы-
ғушылығының жетілуiне бағытталған оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ме-
тодикасын iстеп шыққан В.А. Сухомлинский (1918-1970) сияқты кеңестiк 
дәуірде өмір сүрген көрнекті педагогтар да педагогика ғылымының дамуын-да 
өзiндiк орын алады.
Міне осылай, педагогика ғылымы жан-жақты, салаларға бөлініп дамы-ды. 
Педагогикалық ой-пiкiрлердің мол қазынасы жиналды. 

Download 1,46 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   188




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish