Адамгершілік сенім
адамның білімiнің негізінде туындайды. Жеке
адамның адамгершілік сенімін қалыптастыру үшін адамгершілік ереже, нор-
малар, мінез-құлық қасиеттері туралы арнайы ағарту жұмысы болуы керек.
Адамгершілік ағарту жұмысы адам баласының ең парасатты қасиеттері,
адам өмірiнің адамгершілікке негізделген салт-санасы туралы кең, жан-жақ-ты
түсінiк беpeді.
Мінез-құлықтың пайдалы дағдылары мен әдеттерін
қалыптастыру
адамгершiлікке тәрбиелеудің тиiмдi жолы болып табылады. Бірақ, бұл күр-делi
әpi көп қырлы процесс. Ол
оқушылардың сана-сезімiнe ықпал етуді, оларда
жақсы әдет пен мінез-құлықты, адамгершілік сезім мен қасиеттерді
қалыптастыруды талап өтедi.
3.7.3. Адамгершілікке тәрбиелеудің методтары.
Адамгершілік қасиеті баланың мұғаліммен және құрбы-құрдастармен
ұдайы қарым-қатынасында қалыптасады.
Сабақ процесінде адамгершілік тәрбиесінің тиiмділігін қамтамасыз ете-тiн
нәрсе – сабақ мазмұнының ғылымилығы мен жоғары идеялылығы, мұ-ғалім
жұмысының әдістерi мен тәсілдерінің адамгершiлiк эмоциялық қуаты, сабақ
140
үстінде мұғалім мен балалар арасында қалыптасатын өзара қарым-қа-тынас
стилі, мұғалiмнің адамгершiлiк бaғыты, жалпыадамзаттық iзгiлiктi тү-сіндіре
білуi.
Оқулықтардан, кітаптардан мақалалар, әңгімелер, өлеңдер, ертегілер оқу
және талдау балалардың адамдардағы адамгершілік іс-қимылдарын түсінуiне
көмектеседi.
Әдебиет және басқа оқу пәндері де адамгершілік сезімдерді және сенімді
қалыптастыруға көмектеседi.
Адамгершілік – адамның рухани байлығы. Ғасырлар бойы адамдар ара-
сындағы қарым-қатынасты суреттеу, сол арқылы жастарға өнегелі тәрбие бе-
ру, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру – ауыз әдебиетiнің негізгі прин-
циптері. Сондықтан ауыз әдебиетінің үлгілерi адамгершілік тәрбиесінің ар-
қауы болады.
Мысалы, «Кішіпейілдіктен кiшiрмейсің» деген мақал әдепті, кішіпейіл,
сыпайы болуға баулиды.
Сабақ, үстінде адамгершілікке тәрбиелеу жолдары үнемі күнделiктi
өмірден алынған мысалдармен толықтырылып отырылуы керек. Кластастары-
ның жағымды қылықтарын бағалауға, жағымсыздарын сынауға және өз ойла-
рын жасырмай ортаға салуға үйрету, мектеп оқушыларына сай мінез-құлық
дағдысын қалыптастыру – адамгершiлiкке тәрбиелеудің ең тиiмдi жолы.
Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық салт-дәстүр-лер
мен әдет-ғұрыптар үлкен роль атқарады. Мәселен, үлкенге iзетпен сәлем беру,
еркек кісінің алдын кесіп өтпеу, әке-шешенің төсегін баспау, келіншек-тің
тұңғыш баласының атын атамауы, дастарханға алдымен нанды қою т.б.
Қазақтың ырымдары да адамгершілік туралы түсінік береді. Мысалы:
«Керегені керме», «Үйде ысқырма». «Қоқысты үйiп қойма». «Kipдің суын аяқ
астына төкпе». «Азалы үйге кіріп шығып, басқа бiреудің үйіне кірме» т.б.
Ислам дінінде көрсетілген мұсылмандардың парыздары да адамгерші-
лікке жетелейдi.
141
Ислам дінінің алдына қойған мақсаттардың бipi – иманды, жан-жақты
жетілген, ешкімге зияны тимейтін адамды тәрбиелеу. Исламда моралдық нор-
малар шариғат заңдылықтарымен басқарылады. Шариғатта адамның қимыл-
әрекеті, адамгершiлiк қызметi 5 категорияда белгіленген. Бұлар: 1)
Do'stlaringiz bilan baham: |