.
# 11 (353)
.
March 2021
255
Young scientist Kazakhstan
себебі: Зұлфұқар — діни аңыздарда Мұхамбет пайғамбардың
батыры Ғалидың қылышын солай деп атаған. Кейін асыл бо-
латтан соққан қылышты осылай атап кеткен (Жанындағы
зұлфұқар) [2, 301б]., — деп Қазақ халық әдебиеті »Батырлар
жыры« кітабында жазылған анықтама Мерлиннің Артурға
қылышты табыстау сюжетімен өте ұқсас келетінін көрсе-
теді. Әрине, бұл ой көптеген адамдардың ашуын, тіпті на-
мысын шақырып, даулы мәселе тудыры мүмкін. Сондықтан,
біз алдын ала үстіртін шешім қабылдағанымызды мойындап,
кешірім сұраймыз. Аталмыш пікірдің »талион» шақырмасына
сенеміз.
Ғаламтордың ресми ақпараттарында: Сұр Гэндальф — хоб-
биттер әлеміндегі маңызды тұлға. Оның сиқырлы аса таяғы
және бойында таусылмас күш бар. Бойы шамамен 168 см, көзі
көмірдей қара, ақ қасы қалың, кең жауырынды Гэндальф —
басқа сиқыршылардан әлсіздерге көмектесу, көріпкелдік қа-
сиетімен ерекшеленеді, — делінген. Тұтас эпопепияның басты
қаһарманына айналған Гэндальфтің образына қазақ фолькло-
рынан бір емес, бірнеше кейіпкерді сәйкестендіре қарасты-
руға болады. Мәселен, Ұлыс жырларының субстанциясы сана-
латын — Қыдыр (Қызыр) ата бейнесі сыртқы бітімі мен ішкі жан
дүниесі жағынан Гэндальфтің синонимдік тұлғасы іспеттес.
Сіздерде «Логомахия» (Логомахия — пікірталас кезінде оған
қатысушылардың, талас тудырған ұғымды анықтай алмаула-
рына байланысты, бір түйінге келе алмауы) қалыптастырмас
үшін Қыдыр атаға біраз шолу жасап өтерлік: Қыдыр ата — ын-
тымақ пен бақытты дарытушы мифтік бейне. Қазақтың ұлыс
жырларында Қыдыр атаның аса таяғы, ақ шапаны бар делінеді.
Бұның барлығы Гэндальфтің архитипі — Қыдыр ата екендігін
танытады.
Зерттеу жұмысы кезінде Джоан Роулингтің «Гарри Поттер»
көркем туындысындағы кейбір образдардың қазақ мифологи-
ясында барын білдік. Мәселен, өлім себуші — Волан-Де-Морт
мифтік тұрғыда қазақтың көне эпостық аңыздарындағы Ер-
ліктің (Еркіліктің) бейнесін танытады. Риза Әлмұханова ай-
тқандай, Еркілік — антикалық мифологиядағы Аидтың көшір-
месі. Яғни, ол да Аид сықылды жанды алады, я болмаса, жасаған
әрекеттерінің жазасы ретінде қинайды. Алайда антикалық ми-
фологиялық сарындар мен фэнтези туындылар арасындағы
байланысты ескере келе, біз Еркілікті қазіргі еуропалық фэн-
тезидегі — Волен-Де-Мортың өзі болмаса дағы, оның прогрес-
сивті (өңделген, жаңарған, дамыған) нұсқасы деген шешімге
келдік. Сонымен қатар, Джоан Роулингтің туындысындағы:
Альбус Дамблдор, Рубеус Хагрид, Феникс, жылан (Василиск),
су перісі және тағы басқа кейіпкерлердің қазақ халық ауыз әде-
биетіндегі мифтік қаһармандармен ұқсас белгілерін таптық.
Мәселен, Вейла (Veela) тұқымынан шыққан Флёр Делакурдың
ата-тегі қазақ фольклорындағы «Пері», «Перизат» сынды
мифтік кейіпкерлердің прототипі болып табылатындығын
дәлелдейді. Ал дәу Грохх (Хагридтің бауыры) түр-тұлғасы
жағынан қазақтың төбекөздеріне ұқсас.
Бұнымен зерттеу жұмысымыз бітпейді. Өздеріңіз
білетіндей, ғылым — еркіндік пен уақытты аса қажет етеді.
Сондықтан, зор қимастықпен талдауымызды аяқтай отыра,
ғылыми жұмысыңыздың келешекте жалғасы табарына нық
сенім мен үміт білдіреміз.
Әдебиет
:
1.
Қазақ фольклорындағы антикалық сарындар / Риза Әлмұқанова. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2009. — 320 бет.
2.
Қазақ халық әдебиеті: Көп томдық / Құрастырып, түсініктерін жазған М. Құмарова. — Алматы: Жазушы. — Тақырып ал-
дында: Қазақ ССР Ғылым академиясы М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты. Т. З: Батырлар жыры / Жау-
апты шығарушы Ж. Әбішев. — 1987. — 304 бет., суретті.
3.
Шоко әлем / Рүстем Сауытбай. — Алматы: «CD print» баспасы, 2019. — 264 бет.
4.
Шоко әлем және Тылсым Элипсаһар / Рүстем Сауытбай. — Алматы: «Алматы» баспасы, 2020. — 362 бет.
5.
Таңғажайып автобус / Алтыншаш Курманаева. — Ресей, Екатеринбург қаласы: «Ридеро» баспасы, 2020. — 56 бет.
6.
Хәрри Поттер және пәлсапалық тас / Д. К. Роулинг. — Алматы: «Steppe&World Publishing» баспасы, 2020. — 324 бет.
Do'stlaringiz bilan baham: |