.
# 11 (353)
.
March 2021
253
Young scientist Kazakhstan
М ОЛ ОД О Й У Ч Е Н Ы Й
Қ
А З А
Қ
С ТА Н
Фэнтези жанрының қазақ фольклорындағы байырғы көріністері
Курманаева Алтыншаш Жанарбекқызы, студент;
Баятұлы Ерболат, PhD докторы
Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті (Қазақстан)
Мақалада қазақ фольклорының еуропалық фэнтезимен ортақ антикалық сарындары қарастырылған. Еуропалық фэнтезидегі
мифтік образдардың қазақ халық ауыз әдебиетінде прототиптері бар екендігі нақты мысалдармен келтірілген. Сонымен қатар,
бүгінгі Еуропа мен Азияда кеңінен тараған фэнтезидің субстанциясы — фольклордан тарайтындығы айқын дәлелденіп, түрлі
ғылыми гипотезалар аксиома ретінде ұсынылды.
Кілт сөздер
: фэнтези, антикалық, мифтік, прогресс, фольклор.
Древние проявления жанра фэнтези в казахском фольклоре
Курманаева Алтыншаш Жанарбековна, студент;
Баятулы Ерболат, PhD
Кокшетауский государственный университет имени Ш. Уалиханова (Казахстан)
В статье рассмотрены античные мотивы казахского фольклора, общие с Европейским фэнтези. На конкретных примерах по-
казано, что мифические образы в Европейском фэнтези имеют прототипы в устном казахском языке. Кроме того, в качестве ак-
сиомы были выдвинуты различные научные гипотезы, наглядно доказавшие, что фольклор — субстанция фэнтези, широко рас-
пространенной сегодня в Европе и Азии.
Ключевые слова:
фэнтези, античность, миф, прогресс, фольклор.
Фэнтези — фольклорлық дүниетанымның прогрессивті
жалғасы ретінде
Ұлы жібек жолындай өзінің жауһар туындысын тасыған
қазақ әдебиеті ешқашан да әлем оқырмандарын жалықтырған
емес. Оның асыл керуені тар да тайғақ жолдарға тап болғанымен,
уақыттың сынағынан мүдірмей өтетін еді. «Судың да сұрауы
бар», — деп халық бекер айтпағандай, өзге жұрт ат арбаны пой-
ызға ауыстырғанда, біздің әдебиет көшпелі өмірдің жан раха-
тынан бас тартуға асықпады. Ол бар ғұмырын көшпелік салтқа
арнауды жөн көрді. Алайда уақыт бұны құптамады. Бір ғана
ұстаныммен, яки, калокагатиямен өмір сүрудің мәнісі түптің
түбінде жоғалатынын, катарсистік идеяның үстемдігі зор бо-
латынын ескертті. Осылайша, сахара шөлін һәм оңтүстіктің
қаһарлы аязын кешкен қазақ әдебиеті — еуропалық фэнте-
зиге мимесис (грек тілінде «мимесис» еліктеу) жасап, әлем әде-
биеті сахнасында жаңа қырынан көріне бастады. Мұқым әлемді
дүр сілкіндірген «Ренессанстік» (Қайта өрлеу) дәуір қазақ әде-
биетіне орнағандай болды. Бұрын сонды құлақ естіп, көз көр-
меген «кілембус» (Рүстем Сауытбайдың «Шоко әлем және
Тылсым Элипсаһар» туындысындағы ұшатын кілем), «Шо-
кокент», «шокохан» және т.б (Рүстем Сауытбайдың «Шоко
әлем» көркем шығармасындағы топонимикалық, антропо-
нимикалық атаулар) жаңа әдеби терминдер қазақ әдебиетінде
көрініс тапты. Сонымен қатар, өзімнің де еуропалық сарынмен
жазылған «Таңғажайып автобус» атты көркем шығармамда
сиқыршы сөзінің баламасы ретінде «Жаду» ұғымын, «жан кол-
лекционері» тіркесін қолданғанымды атап өткенім жөн болар.
Фэнтезидің алтын шашағы өзге әдебиеттану салаларына қа-
рағанда әлдеқайда кең. Оның түп тамыры біз ойлағанан да те-
реңде жатыр. Ал фэнтези дегеніміз не? Фэнтези — фольклори-
стика ғылымының әдебиеттегі айнасы. Фэнтези — мифология
мен ғұрыптық-ғибраттық фольклодың тоғысқан жері. Ұлттық
кодты заманауи түсінікпен жеткізуші де дәріптеуші — фэнтези.
Былайша айтқанда, халықтық сипаттың, этнологияның жаңа
замандағы жаршысы — фэнтези.
«Молодой учёный»
Do'stlaringiz bilan baham: |