Еуропалық фэнтезидің қазақ фольклорындағы жауһар
көріністері
Әлмұханова Риза Тасқынғалиқызы «Қазақ фольклорын-
дағы антикалық сарындар» атты көлемді монографиялық ең-
бегінде қазақ мифологиясындағы кейіпкерлердің образдары
әлі де зерттеуді қажет ететіндігін айтқан болатын. Ғалымның
тұшымды пікірі бүгінде фольклортану ғылымының басты
мәселесіне айналды. Жоғарыдағы мәселені негізге ала отырып,
біз еуропалық фэнтезидің мотивтерін қазақ халық ауыз әде-
биетінен іздеуді жөн көрдік. Айымыз оңынан туғандай, зерт-
теу-жұмысымыз басталмай жатып өзінің оң нәтижесін берді.
Еуропалық фэнтезидің сарындары қазақ фольклорында айтар-
лықтай мол болып шықты. Мәселен, Джон Рональд Руэл Тол-
киннің «Жүзік әміршісі», Джоан Роулингтің «Гарри Поттері»,
Льюис Кэрроллдің «Алиса ғажайыптар әлемінде» көркем
шығармаларына аналогия жасау барысында айтылған тұжы-
рымның аксиома екенін анық байқадық. Сөзімізді жаңғырта
түсу үшін әр мифологиялық образға салғастырмалы-салысты-
рмалы талдау жасап көрелік:
Ежелгі грек мифологиясын қазақ халық ауыз әдебиетімен
салыстыра зерттеген бірден бір ғалым — Мұхтар Омарханұлы
Әуезов. Мұхтар Әуезов грек мифологиясына құлшыныс таныту
арқылы қазақтың тәңіршілдік сенімінен біраз ұқсас дүниелерді
тапқан еді. Ғалымның «Жалпы театр өнері мен қазақ театры»,
Л. Соболовпен бірігіп жазған «Эпос и фольклор казахского на-
рода» атты жауһар еңбектері жасаған гипотезамыздың дәлелі
болары анық. Мәселен, Қорқытты антикалық грек мифологи-
ясының кейіпкері Прометеймен салыстырған ғұлама ғалым өз
еңбегінде:
«Қорқыт жайындағы аңыздың тақырыбы — құдаймен
алысу туралы тақырып. Қорқыт жазмыш, тағдыр даярлап
қойған талайына қарсы алысады. Қазақ арасында таралған
Қорқыт жайындағы нұсқалардан басқа халықтардың ежелгі
ғасырлардағы көне эпосының образдарымен кейбір ұқса-
стығы, сарындастықты сеземіз. Прометей жайындағы аңыз,
осетиндердің Әміран жайындағы аңызындағы құдаймен
алысу тақырыбы қазақтың Қорқыт жайындағы аңызында
өз шешімін тапқан» [1,9б]., — деп пікір білдіреді. Ғұламаның
пікірінің астарынан біз мынаны ұқтық: Қорқыттың грек ми-
фологиясындағы прототипі — Промотей. Сіздерде «неге Зевс
емес?» деген сауалдың туы заңды. Оның себебі мынада: Грек
мифологиялық түсінігі бойынша Зевс — әлемді жаратушы. Ал
қазақ әдебиетіндегі мифологиялық концепция мүлдем басқа
принцептерге сүйенеді. Ежелгі түркі мифологиясында: Көк
Тәңір — ғаламның иесі деп айтылады. Түркі мифологиясын-
дағы антикалық сарындар қазақ әдебиетімен ортақ болған-
дықтан, Көк Тәңірі — Зевстің қазақ әдебиетіндегі образы
деген пікіріміз ақиқат болмақ. Бірақ осы жерде Қорқыттың
грек «мифологиясындағы образы — Промотей, ендеше, оны
байыны барудың қажеті қанша?» деген абсурдтық көзқарас
туындамуы шарт.
Ұлық Түрік (Қорқыт) Оғыз Қаған жырында: ақ сақалды,
көк көзді, абыз адам ретінде бейнеленеді. Мұндай суретте-
улер Қорқыттың еуропалық фэнтезидегі өкілі — Мерлин
(кельттық мифологияда «Merlin» — сиқыршы, көріпкел«)
болуын аңғартады. Дегенмен, Д. Рональд Руэл Толкиннің
»Жүзіктер әміршісі« көркем шығармасындағы Гэндальфтің
образы әлдеқайда Қорқытқа келіңкіретін сияқты. Сіздерге
өтірік, бізге шын — Мерлин қазақтың діни мифологиясын-
дағы Мұхамбет пайғамбардың нақ образы. Бұлай деуіміздің
“Young Scientist”
Do'stlaringiz bilan baham: |