Мырзабай ахун Азаматұлы (1833–1916 ж. ж.) ел ішінде
беделді, сыйлы болғаны сонша алдынан ешкім кесе өтпейтін
болған. Өте білімді Мырзабай ахунның алдында төселіп
сөйлеп кету екінің бірінің қолынан келмесе керек-ті. Елге
танымал, ағартушы қайраткер, оқымысты емші, ауылын-
дағы бастауыш сауат ашудан кейін Бұхарадағы «Көкілташ»
медресесін 1854 жылы бітіріп, Өзбекстандағы Бируни қа-
ласы маңында бала оқытады. Елге оралған соң мешіт-мектеп
ашады. Түлеп өскен жері — қазіргі Жалағаш ауданының Мәде-
ниет ауылдық аумағы. 1996 жылға дейін Қазақстанның 20 жыл-
дығы аталып келген бұл мекен қазір Мырзабай ахун есімімен
аталады [8, 14 б.].
Садық ахун Қодарұлы (1860–1937 ж. ж.) — діни-ислам ағар-
тушылығы дәстүрінің көрнекті тұлғаларының бірі. Алғашқы
білім негіздерін 14–15 жасында Тапал ахуннан, 16 жасында
Ораз Мұхаммед ахуннан игерген. Ахундардан алған білімімен
1884 жылға дейін мешіт-мектепте шәкірттерді оқытады. Одан
кейін Бұхарадағы «Көкілташ» медресесінде 4 жыл оқиды, дәрі-
герлік біліммен де танысып, емшілікке маманданады. 1898–
1930 жж. қазіргі Қармақшы ауданындағы Иіркөл мекенінде
мешіт — мектеп ашып, ұстаздық пен емшілік қызметін қатар
ұстанады [8, 7 б.].
Жоғарыдағы айтылған теңдесі жоқ мол мұрамыз халқымы-
здың әдебиеті мен мәдениетінің тарихы тым тереңде екенінің
нақты айғағы. Бабаларымыздың осыдан мың жыл бұрын тек
“Young Scientist” . # 7 (297) . February 2020
351
Young scientist Kazakhstan
қана ислам дінін қабылдағанын ешкімде жоққа шығара ал-
майды. Өңіріміздің қасиетті орындары мен кешендері, ел
тұтқасы болған тарихи тұлғаларымыздың ұлттық тарихымы-
здағы маңызды орнын, халықтың әлеуметтік-саяси өміріндегі
діни ағартушылық бағытының маңызды деректерін заманауи
БАҚ өкілдері арқылы жұртшылыққа кеңінен насихаттауды
жөн көрдім. Сондықтан да, исламның інжу-маржан асыл құн-
дылықтарын ардақтау — бүгінгі ұрпақтың киелі міндеті.
Әдебиет:
1. Ахметбек Б. М., Екімбаева А. С., Елеуов Е. А., Садықов Ғ. Ж. Қасиетті Қазақстан энциклопедиясы. 3 том. — Нұр-Сұлтан, 2019.
2. Әбдіғалиұлы Б. Қазақстанның Өңірлік Қасиетті Нысандары Энциклопедиясы. — Астана: Фолиант, 2017.
3. Қалжан Ахун Бөлекбайұлы // [Электрондық ресурс]. — Көру режимі: https://kk.wikipedia.org/wiki/Қалжан_Ахун_Бөлекбайұлы
4. Әбжали ишан мешіті // [Электрондық ресурс]. — Көру режимі: http://kyzylorda-pamyatniki.kz/kz/monuments/kzo/ger410
5. Шөмекей М. Әбжәли ишан // Жалағаш жаршысы. — 2016. — 30 тамыз.
6. Есжанов Т. // Ақмешіт ақшамы. — 1999. — 3 қыркүйек.
7. Әшімұлы Ш. Сыр ғұламалары. — Шымкент, 2002. — 279 б.
8. Музей қоры түсім кітап. — № 4, № 6.
«Молодой учёный» . № 7 (297) . Февраль 2020 г.
Do'stlaringiz bilan baham: |