348
Молодой ученый Қазақстан
Көнекке саусақ сыймасын.
Ұзара берсін желісі,
Кеңи берсін өрісі… [2, 52 б.].
Бұл ислам дініне дейінгі нанымдардың бірі. Қамбар ата —
бабаларымыздың сыйынған пірі. Бұл нанымның өзінше поэ-
зиясы, философиясы бар. Кезінде олар халқымыздың ұлттық
мінезін қалыптастыруға зор үлес қосты.
Қазақтың көне заманнан бергі ең көп өсірген малы және
төрт түлік малдың ішіндегі қастерлеп, пір тұтаны жылқы, ең
алдымен, жаугершілік көне заманның талабына сай өте құнды
мал ретінде саналды. Себебі ол кезде жауды қуып жетуге не-
месе одан қашып құтылуға жылқыдан қолайлы мал болмаған.
Атты әскер жаяудан басым болған. Ата-бабамыз малдың қай
жерде өсетінін баяндап берген. Мысалы, «Жылқымды айдап
салдым қалың нуға» дейді. Жылқы бетегелі, көделі, селеулі, қа-
уданды жерде жақсы өскен.
Жылқының еті маңызды азық-түлік саналған. Сүтінен халық
арасында кең тараған — қымыз даярланады.Жылқының еті —
өте жоғары сапалы тамақ, қазысыныңтағамдық та, емдік те қа-
сиеттері мол. Жылқының терісінен: құлын жарғақ, етік, жүген,
айыл-тартпа, құйысқан, саба, өмілдірік, үзеңгі бау, қанжыға бау,
ноқта, шідер, қамшы т. б. қасиетті бұйымдар жасалады.
Ат жарысы — халыққа кең тараған ұлттық спорт түрі.
Сақтардың бәйге, көкпар тарту, ат ойындарын меңгерген, қа-
зақтың жауынгер ұлдары аламан бәйгеге өнер көрсетуді жақсы
көрген шабандоздар. «Ат шаппайды, бап шабады», «Жүзден
жүйрік, мыңнан тұлпар» деп сәйгүлік аттарды зор қастер-
леген. «Қанатты тұлпар», «Сәйгүлік» аттар жылқының ең
асыл тұқымын дәріптеуге арналған. Жылқының ең асылы мен
сұлуын «таза тұқымды арғымақ» деп атаған. Көшпелі тұрмыста
қазақ халқы шетсіз-шексіз далада жаяу ұзақ жүре алмайды, ал
астында аты болса, қашқанда құтылып, қуса жетіп тіршілік ете
алады. Сол себепті қазақтың «жылқы — ердің қанаты» деген
сөзі жылқының адам өміріндегі орнын дұрыс көрсетеді. Ерте-
дегі батырлардың ажырамас серігі жүйрік аттарды «тұлпар»,
«дүлдүл» деп те атаған. Жаугершілік заманда жауды қуып же-
туге немесе одан қашып құтылуға жылқыдан қолайлы мал бол-
маған. Атты әскер жаяудан басым болған. Жылқы малын ерте
замандарда әскердің санын көбейту ретінде де жиі пайдаланып
келген. Мысалы, шабуылшылар жауға қарасын көбейтіп көр-
сету үшін алдарына жылқы малын салып айдағанда шаң кө-
терген, қорғанушыларда бұл шаңды қалың қолға жорып, одан
қашқан. Осы тәсілді сақтар, қыпшақтар сияқты көшпелілер
де, Шыңғыс хан да, Ақсақ Темір де қолданған. Тіпті 1916 жылы
Амангелді Иманов та осындай әскери тәсілді қолданған.
Қазақтың халық жырларындағы батырдың қай-қайсысын
алсақ та олардың жан серігі, қиын кезде тіпті тілдесетін, «ақыл
айтатын» кеңесшісі де қасиетті пырақтары болған. Х. Досмұха-
медұлы: «Төрт түлік мал мен Қазақстанның және онымен шек-
телетін ел-жұрттың барлық жануарлар дүниесі халық әдеби-
етінде ерекше орын алады. Қазақтың, әсіресе, жылқы малына
деген сүйіспеншілігі ерекше, сондықтан да қазақ халық әде-
биетінде Тайбурыл (Қобыланды), Көкбұйра (Қарасай-Қази),
Тарлан (Ер Тарғын) т. б. ерекше аттар — тұлпарлардың бейне-
лері сомдалған», — дейді [3, 28 б.].
Жылқы туралы қазақтың мақал-мәтелі де көп. «Жылқының
сүті шекер, еті бал», «Жүзден — жүйрік, мыңнан — тұлпар»,
«Жылқыда өт жоқ, құста сүт жоқ», «Ат тұяғын тай басар»,
«Алып анадан, тұлпар биеден туады», «Атың барда жер таны,
асың барда ел таны» тағы басқа.
Жазда болатын ас-тойлардың бір қызығы — бәйге. Жүйрік
аттары барлар жорғаларын, сәйгүліктерін баптап дайын-
дайтын болған. Аты бәйгеден келген қазақтың қуанғанынан тө-
бесі көкке жеткендей болады. Бәйгеге тігілген жүлдеден ат иесі
өзіне ырымға деп бірдеңе алып қалғаны болмаса, негізі оны
ауылдастары, туған-туысқандары, жолдас-жораларына бөліп
беретін болған. «Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы
озсын» деген мақалдың шығуына осы дәстүр себеп болған.
Адамның азамат қатарына қосылуының өзін «ат жалын
тартып мінді» деп бейнелейді. Жас баланың алғаш атқа оты-
рғанын атап өту рәсімі — тоқым қағар тойынан бастап ер
адамның өмірден өткенінің белгісін ат тұлдауға дейінгі пәнилік
тіршілікті жылқымен байланыстырған. Халқымыздың ұлттық
мерекесінің бірі де «қымызмұрындық» деп аталады.
Жылқы ең алдымен ел қорғаған ердің жан серігі болған.
«Ат — ер қанаты» дейді дана халқымыз. Ат жарысы — қазіргі
ұлттық спорт түрлерінің бірі ретінде орта және жоғары оқу
орындарында оқытылып келеді. Бұл өсіп келе жатқан ұрпақтың
денсаулығы мен шымыр болып өсуіне және рухани тәрбиеле-
нуіне оң ықпалын тигізетін ұлттық құндылықтарымыздың бірі.
Сондықтан да Елбасы халқымыздың атқа міну мәдениетін да-
мыту арқылы жастардың рухани санасын жаңғыртып, елдің мә-
дениеті мен тарихын сүюге, ұлттық тәрбие мен мәдениетті қа-
лыптастыруға болатынын айқын бағдарлап беріп отыр.
Әдебиет:
1. Назарбаев Н. Ә. Ұлы даланың жеті қыры // Егемен Қазақстан. — 2018. — 21 қараша.
2. Қалиев С., Оразаев М., Смайылова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. 8–9 кластарға арналған оқу құралы. — Алматы:
Рауан, 1994. — 222 б.
3. Досмұхамедұлы Х. Аламан. — Алматы: Ана тілі, 1991. — 176 б.
“Young Scientist” . # 7 (297) . February 2020
Do'stlaringiz bilan baham: |