Moluch 297 c indd


Молодой ученый Қазақстан



Download 5,79 Mb.
Pdf ko'rish
bet80/89
Sana23.02.2022
Hajmi5,79 Mb.
#133738
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   89
Bog'liq
moluch 297 ch5 fGo9dpT

346
Молодой ученый Қазақстан
Абайдың екінші әйелі — Әйгерім (шын есімі — Шүкіман) 
(1856–1919) Абайдың сүйікті жары. Абай Әйгерімге 1875 жылы 
үйленген, Әйгерімнен балалары — Тұрағұл, Мекаил, Ізкаил, 
Кенже туған. Абай Семей қаласынан қайтқан сапарында Орда 
тауындағы Бекейдің үйінде Әйгерімді алғаш көріп, әнін естіп, 
қатты ұнатады. Атын Шүкіман емес, Әйгерім қою керек қой деп, 
содан кейін оны Әйгерім деп атап кетеді. Көп ұзамай құда түсіп, 
айттырып алады. Әйгерім Абай әндерін нақышына келтіріп, 
орындаған, балаларының да ән құмар болып, халық әндерін 
құлақтарына құйып, жүректерімен сезініп өсуіне Әйгерімнің 
ықпалы көп болған. Бикен Римованың Ақын және Әйгерімнің 
махаббатын арқау еткен пьесасы 1981 жылы Қазақ драма теа-
трында қойылды. Бейіті Жидебайдағы қорымда.
Тұрағұл Ибрагимов (1876–1934) Абайдың екінші әйелі Әй-
герімнен туған баласы. Жасында ауыл молдасынан оқып, сауат 
ашқан. Кейіннен өздігінен ізденіп, орысша, арабша оқып, 
білімін жетілдірген. 1904 жылы Күшік Тобықты еліне болыс 
болып сайланып, 1905 жылы өз арызы бойынша болыстықтан 
босатылған. 1916 жылы болыс сайлауында Шыңғыс елінің бо-
лысы Біләл Құнанбаевқа кандидат болып сайланған. 1917–
1920 жылдары ол Семей өңіріндегі Алаш қозғалысына белсене 
араласып, әртүрлі жауапты қызметтер атқарған. Тұрағұл бала 
әкесінің қолында тәрбиеленген, шығармаларымен етене таныс 
болған. Ол Кәкітай Ысқақұлымен бірге 1909 жылы Абайдың 
тұңғыш өлеңдер жинағын Петербургте бастырып шығарған. 
Тұрағұлдың Абай мұрасын жинастырып бастыруда аса құнды 
мағлұматтар жазып, ақын шығармаларының текстологиялық 
әуелгі тұпнұсқасы қалпына келтіруде Абайтану ғылымына үлес 
қосты, ол М. О. Әуезовке «Әкем туралы» деген көлемді естелік 
жазып берген. Оның Абай туралы естеліктерінің қысқаша 
нұсқасы 1933, 1940 жылдары Абай шығармалары жинағында, 
баспасөз беттерінде жарияланған. Тұрағұл ақын болумен 
қатар, домбыра, скрипкада шебер ойнаған. Оның қызы, әнші 
Мәкен әкесінен үйренген Абайдың 17 әнін нотаға жаздырған. 
Ол А. М. Горькийдің «Челкаш» әңгімесін тұңғыш рет қазақ 
тіліне аударып, («Таң» журналы, 1924, № 3, 4) А. Неверовтың 
«Мен өмірге жерікпін» (Москва, 1927), Джек Лондонның «Ба-
лалық туралы ертегі» (1927) және «Балалы әйел не білу керек» 
(Москва, 1927) деген ғылыми-медициналық кітапты аударып, 
бастырып шығарған. Тұрағұлдың өз ағасы Әбдірахманға ар-
наған тағы басқа өлеңдері Абайдың мемлекеттік қорық музейі 
қорында сақтаулы тұр.
Мекаил (Мекеш) Абайұлы (1884–1931) Абайдың Әй-
герімнен туған баласы. Арабша, орысша сауатты болған, Абай 
өлеңдерін түгелдей жатқа білген. Домбыра тартып, ән салып, 
әкесі жайлы білгендерін ел ішінде әңгіме етіп, халыққа та-
ратқан. М. Әуезовте Мекаилден Абай туралы әңгімелерін жас 
шағында көп естіген. Ағасы Тұрағұл ауылымен бірге Ақшоқы 
маңайын, Тышқан деген жерді мекендеген. 1931 жылы бай ба-
ласы ретінде ұсталған. Оның Құзайыр, Әлішер деген балалары 
Ұлы Отан соғысына қатысып, қаза тапқан.
Ізкаил (Зікеш) (1895–1929) Абайдың Әйгерімнен туған ба-
ласы. Домбыра мен скрипка тартатын, ән салатын өнері болған. 
Арабша оқып, білім алған. 1917 жылы Ойқұдықта тұңғыш рет 
қойылған М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасында Абыздың 
ролін сомдаған. Ізкаилдің үш шекті домбырасы Абайдың ре-
спубликалық әдеби-мемориалдық музейінде сақтаулы.
Кенже Абайқызы (1901–1932) Абайдың Әйгерімнен туған 
кенже қызы. Алтыбақан, ойын-сауық кештерінде Абай әндерін 
нақышына келтіре орындап, оны халық арасына таратуға көп 
үлес қосқан. Кенже 1914 жылы Мұсабайдың інісі Әубәкірге 
ұзатылады. Көп ұзамай Әубәкір қайтыс болып, Ғабитхан мол-
даның шөбересі — Сәлімғазыға тұрмысқа шығады, кейін тұр-
мыстары нашарлап, 1932 жылы Тоқмақта тұратын Тұрағұлдың 
қолына көшіп келіп, сонда қайтыс болады.
Келіндей алған әйелі Еркежаннан ұрпақ жоқ. Еркежан 
Ибаққызы (1858–1927) Абайдың әмеңгерлік жолмен алған 
әйелі. Еркежан Тобықтының Мәмбетей Тасболат атасынан, оны 
Құнанбай баласы Оспанға айттырып әперген. 1891 жылы Оспан 
қайтыс болған соң, Еркежан өз ықтиярымен Абайды таңдаған. 
Зере мен Ұлжанды өзіне өнеге тұтып, жақсы қасиеттерін бойына 
сіңірген Еркежан атасы Құнанбайды, Оспан мен Абайды, Ділдә 
мен Әйгерімді ақ жауып, арулап өз қолынан ақтық сапарға ат-
тандырған. Жидебайдағы Абайдың мұражай үйінде Еркежан 
тұтынған, бетін үйектеп оюлап, күмістеп жасаған ағаш төсегі, 
төсек жапқышы, бет орамалы, қамзолының көзіне құнды тас 
қондырылған екі түймесі сақтаулы. Еркежанның бейіті Жиде-
байдағы Оспан мен Абайдың төрт құлақты зираты қасына жер-
ленген.
Қазақтың ұлы ақыны Абайдың өзінен тараған ұрпақтары 
жиналған мәліметтер әлі толықтырылу үстінде, әлі де зертте-
ушілер толықтырып, кемеңгер, дана ақынның балаларынан та-
раған немерелері, шөберелері, кейінгі ұрпақтары туралы зерт-
теулер жалғасын табатын болады.
Әдебиет:
1. Назарбаев Н. Ә. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру // Егемен Қазақстан. 2017. — 12 сәуір.
2. Тоқаев Қасым-Жомарт. Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан // Сыр бойы. — 2020. — 11 қаңтар.
3. Өмірбекова Н. Абай ұрпақтары // [Электрондық ресурс]. — Көру режимі: http://kazgazeta.kz/?p=39929
4. Өмірбекова Н. Абайдың әулеті // [Электрондық ресурс]. — Көру режимі: https://abaialemi.kz/kz/post/view?id=932


“Young Scientist”  # 7 (297)  February 2020

Download 5,79 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   89




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish