26 лекция
5. Технопарктер, технополистер,
6. Бизнесинкубатор және ғылыми орталықтар.
5. Технопарктер – территориалды топталған ғылыми лабораториялар және перспективалы ғылыми және технологиялық жаңалықтар мен идеяларды коммерциялық меңгерумен айналысатын венчуралық фирмаларға жалға берілген өндірістік ғимараттар жиынтықтары. Технопарктерді ұйымдастыру мақсаты – ғылыми әзірлемелерді товарға айналтыру.
Аймақтық технопарктердің ұлттық технопарктерден айырмашылығы республиканың жеке аймақтарының экономикасын инновациялық дамытуды ынталандыру болып табылады. Технопарктерді дамытуда аймақтық оқу орындары мен ғылыми зерттеу институттарының қатысуы, сонымен бірге аймақтық шағын және орта бизнесті технопарк қызметіне тарту - мұның бәрі аймақтық технопарктердің негізгі белгілері болып табылады. Оларға аймақтық өнеркәсіп кәсіпорындар тарту арқылы сыртқы және ішкі нарыққа бәсеке қабілетті өнім өндіру және қызмет түрлерін көрсетуді басты бағыт етіп ұстану жатады. Сонымен қатар қосылған құн тізбегіне қатысушы кәсіпорындарды тартумен қатар салалық технопарктер құру өнеркәсіп құрылымын жетілдіруге көмектеседі.
Технопарктер республикамызға аса қажетті агроөнеркәсіптік кешен үшін, ғылымды қажетсінетін технологияларды әзірлеп, сапасын анықтап, өндіріске енгізу ісіне мамандандырылуы мүмкін. Бұлар ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібі үшін жаңа технологиямен жабдықталған шағын өңдеуші кәсіпорындар мен цехтардың құрылуына ықпалын тигізеді. Сондай-ақ олар технологияны меңгеру мен осы заманғы жабдықтарды пайдалануда кәсіпорындарға, оның ішінде ең алдымен шағын және орта кәсіпорындарға қол ұшын беруді басты бағыт етеді.
Қазіргі таңда ел экономикасы дамуының шешуші факторлары – ғылым мен инновациялық технологиялар екеніне күннен-күнге көз жеткізіп келеміз. Бүкіл әлемде озық технология мен техниканы насихаттайтын 1951 ж. Калифорнияда құрылған дүние жүзіндегі ең алғашқы технопарк – АҚШ-тағы «Силикон аңғарының» пайда болуына негіз болды. Өткен ғасырдың 80-жылдары технопарктер тек АҚШ, Еуропада ғана емес, Канада, Сингапур, Австралия, Бразилия, Индия, Қытай, Жапонияда да құрыла бастады.
Жапондықтар жаңа өнімді ойлап табу және оны жасап шығару жылдамдығынан американдықтар мен еуропалықтарды да басып озады. Жаңа автокөлік Жапонияда 1 айдан кейін шықса, АҚШ-та -4, Еуропада 2 айдан кейін шығады. Жапондықтар үшін өнімнің сапасын қажетті деңгейге жеткізу үшін 4 ай жеткілікті, ал АҚШ-та бұл көрсеткіш – 11 ай.
Ал Қытайда жаңа техника мен жоғары технологияны өндіріске енгізумен 1950 ж. құрылған ҒТИП (ғылыми-техникалық индустриалды парктер) айналысады. Онда технологиялық жетістіктер коммерциялық және өндірістік жағынан қарқынды жылдамдықпен игеріледі. ҒТИП қарамағына әр түрлі саладағы ғылыми орталықтар мен кәсіпорындар кіреді. ҒТИП олардың құрылуына жағдай жасайды, ғылыми зерттеулерін жүргізуге көмектеседі, ақпарат және қаржымен қамтамасыз етілуін қадағалайды, бір сөзбен айтқанда, кәсіпорынға «қолайлы орта» жасайды. Қытай экономикасына үлкен үлес қосып, инновацияны дамытып отырғанын ҒТИП құрамына кіретін кәсіпорын санының өсуінен байқаймыз. 1991 ж. – 2587, 1992 ж. – 9678, 1996 ж. – 13722, 2000 ж. – 20796.
Ал Корея Республикасының (Өнтүстік Корея) ғылым мен техниканы соңғы 50 жылда өте қарқынды дамытты. Екінші дүниежүзілік соғыстан әлемдегі ең кедей елдердің бірі болып шығып, соғыстан кейінгі зерттеулердің басым бөлігін қорғаныс, ядролық және космостық салаларға бағыттады. Корея Республикасы ғылыми-техникалық саясатын өткен ғасырдың 60-жылдарының ортасында қолға алды. 1967 ж. басты міндеті ғылыми-техникалық саясатты жобалау және жүзеге асыру болып табылатын Ғылым және технология Министрлігі құрылды және Ғылым мен техниканы қолдау туралы Заң қабылдады. Осыдан кейінгі дамуы 5 жылдық кезеңдерге жоспарланған.
Финляндия 1991 жылға дейін экспортының жартысын КСРО-ға жіберетін. КСРО тарап кеткеннен кейін және 90-жылдардағы экономикалық дағдарыс Финляндия экономикасына да жағымсыз әсер етті. Мысалы, жұмыссыздық деңгейі 1991 ж 3,5%-дан 1993 ж 20%-ға дейін өсіп кетті. Осы көңілсіз жағдайдан шығу үшін Финляндия Үкіметі 1991 ж жаңа экономикалық бағдарлама қабылдады. Оның міндеті – Финляндияны дамыған елдер қатарына қосу. Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатымен Үкімет ұлттық инновациялық жүйені құрды. Оның қызметін тікелей Финляндия Президенті қадағалайды.
Қазақстан Республикасында технологиялар трансфертін және инновациялық қызметті дамыту мақсатында қазіргі кезде үш аймақта технопарктер ұйымдастыру жөнінде белсенді түрде жұмыстар жүргізіліп жатыр: Қарағанды, Орал және Алматы. Технопарктердің орнын анықтаудың басты критерийлеріне дамыған ғылыми және білім беру ұйымдарының болуы, қала мен аймақтың өнеркәсібінің даму деңгейінің жоғары болуы жатады. Үкімет республикалық бюджеттен аймақтық технопарктердің қалыптасуына қаржы бөледі, бірақ та технопарктің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі қаржы жүктемесі биліктің жергілікті органдарына бөлінуі керек деп болжануда.
Орал қаласында 2004 жылы «Алгоритм» технопаркі құрылды. Мұндағы басты мақсат – тауарлар шығаруға қабілетті өндіріс орындары ұсынған жобаларды өндіріске енгізуге жол ашу болып табылады. Оның басты бағыты – мәшинелер мен приборлар жасауға, табиғат қорғау технологияларына және мұнай-химия кешеніне негізделген. Жобаның қазіргі капиталы 967,4 миллион теңгеге жетіп отыр.
«Микрография» ҒЗИ мен технопарк арасындағы байланыстардың да өрісі кеңейе түсуде. Бұл орайда ақпараттық канал құру және автоматты жүйені енгізудің оңтайлы әдістері іске асуда. Мұнай-газ мәшинелерін жасау саласындағы ғылыми зерттеу және тәжірибелік конструкторлық ұйымдарды біріктіретін кластерді өндіріске енгізу мәселелері де өз шешімін тапты. Оның алғашқы кезеңінде аймақтық орталық құру қажет деп табылды. Ол инновациялық қаражат көздері есебінен іске асуда.
ОҚО Инновациялық Мемлекеттік Қор 8.11.2001ж.әкімшіліктің 186 қаулысымен ұйымдастырылған. Қазақстанда бүгінгі кунде жұмыс істеп тұрған технопарктерге Алматы қаласындағы «Ұлттық ғылыми-технологиялық парк» АҚмы,Уральск қаласында «Алгоритм» технопаркі, Усть-Каменогорск қаласында «Алтай» технопаркі, Астана қаласында «Ақмоласельмаш» АҚ негізінде қалыптасқан «Астанатехнопарк» тер жатады.
Инновациялық кәсіпкерлікті қолдау үшін технопарк клиенттерін әртүрлі офистік, өндірістік, лабораториялық ғимараттарды жеңілдікпен беру қарастырылған. Инновациялық кәсіпкерлікті қолдаудың екінші нысанына консалтингтік қызмет көрсету жатады. Бухгалтерлік есеп, бюджеттік жоспарлау, несиені басқару, маркетингтік талдау, санаткерлік меншікті қорғау және т.б.
Қазақстан экономикасы үшін ұлттық деңгейде технопарктерді құрудың тұйінді сипаттамаларына келесілер жатады:
мүнай-химия, биотехнология, ақпараттық технология, космостық технология, ядролық технология, жаңа материалдар сияқты басым салаларды дамыту;
салалық бағытқа ие болуы;
аумақтарда 50℅-ға дейін Қазақстанға жаңаша технологияны трансферттеуді және өнім өткізудің әлемдік нарыққа шығу трансфертін қамтамасыз ететін алдынғы қатарлы халықаралық компаниялар орналасуы тиіс;
технопарктертің нақты инфрақұрылымдары бойынша шығындарын мемлекет өз мойнына алуы тиіс.
Фундаменталды ғылымның өндіріспен өзара байланысын ұйымдастырудың кешенді түріне жататын технопарктер мен технополистер құру индустриясы дамыған елдерде кеңінен қолданылып келеді. Қазіргі кезде Еуропада 1000-ға жуық технопарктер жұмыс істеуде. Қытай 1988 жылдан бастап 53 технопарктің негізін қалады, онда 65000 шағын және орта инновациялық кәсіпорындар жұмыс істейді. Ғылыми-инженерлік жұмыскерлердің жалпы саны 3 млн. адам құрайды.
АҚШ-та инновациялық аяда қытайлық, индиялық, израилдық, кореялық, тайвандық жаңалықшылар ең жоғары инновациялық өнімділік беріп, ең төмен еңбек ақыға жұмыс істеуде.
Технопарктер мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асырады:
1) жаңа технологиялық процестердi, тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сертификаттау мен стандарттау және тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) сериялық өндiрiсiн бастау мақсатында тәжiрибелiк-конструкторлық әзiрлемелер, сынақтар жүргiзу кезеңiн қоса алғанда, инновациялық жобаны iске асыру үшiн қажеттi кеңсе үй-жайлары мен өндiрiстiк базаларды берудi, зертханалық жабдыққа, коммуникацияларға және басқа да объектiлерге қол жеткiзудi қоса алғанда, шарт жағдайында материалдық-техникалық базаны ұсыну;
2) инновациялық жобаны iске асыру үшiн шарт жағдайында жеке және заңды тұлғаларға құқықтық, ұйымдық, ақпараттық қызметтер ұсыну;
3) инновациялық менеджмент негiздерiн оқыту;
4) технопарктiң аумағында орналасқан шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне консультациялық қызметтер ұсынатын ұйымдарды тарту үшiн жағдайлар жасау;
5) кәсiпкерлiк субъектiлерiне отандық және шетелдiк ғылыми және технологиялық ақпаратты тарату. Технопарктер осы баптың 3-тармағында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыруға құқылы. Технопарктердiң инновациялық қызмет субъектiлерiне жәрдем көрсетуге қажеттi меншiк құқығындағы немесе тұрақты немесе уақытша ұзақ мерзiмдi жер пайдалану құқығындағы жылжымайтын объектiлердi қоса алғанда, материалдық-техникалық базасы болуға тиiс. Технопарктерде сараптау кеңестерi құрылуы мүмкiн.
Сараптау кеңесi:
1) инновацияларды әзiрлеушiлерден, кәсiпкерлерден түсетiн өтiнiмдер мен жобаларды алдын ала талдауды жүзеге асырады;
2) жобаның жаңалығын және техникалық орындалуын, құрылатын инновацияның нарықтық тартымдылығын, оның экономикалық орындылығын бағалайды.
Технополистер ғылыми-өнеркәсіптік кешен ретінде жаңа прогрессивті өнім өндіру немесе ғылыми сыйымдылығы жоғары технологияны дайындау үшін университеттер ғылыми-техникалық орталықтармен тығыз байланыста жұмыс істеуі тиіс.
Технополис ғылым, техника және кәсіпкерлердің бірігуі арқылы академиялық ғылым, кәсіпкерлер, жергілікті және биліктің орталық органдары тығыз қауымдасуы нәтижесінде қалыптасады.
Технополистің негізіне ғылыми-зерттеу кешені жатады. Технополистерден технопарктердің айырмашылығы ірі өнеркәсіптік компаниялардың ғылыми-техникалық бөлімшелермен бірігуі. Мұнда академиялық ғылым рөлі өте төмен, немесе тіпті қатыспайды.
Технополистер инновациялық қызметпен айналысатын кәсіпорындар үшін белгілі бір мөлшерде «қаржылық оазистер» болып табылды. Онда пайда болған фирмалар монополистік лидерлердің әсерінен, жағымсыз факторлардан қорғалған. Мемлекеттік және муниципалды органдардың қолдауының арқасында технополистер жеткілікті ірі ассигнация алады. Бұған жеңілдетілген салық салуды және ұзақ мерзімді арзан несие алу мүмкіндігін қосу қажет.
Технополис ерекше қаржылық диверсификат болды. Мұнда азаматтардың жеке жинаулары, қамқорлық қоры, венчурлік фирмалар, өнеркәсіптік корпорациялар, коммерциялық банктер, мемлекеттің капиталдары біріктірілді. Енгізушілік тәуекелі барлық кредиторлар арасында пропорционалды бөлінді, ал инновациялық фирмалар ғылыми-техникалық прогрестің жаңа жетістіктерін енгізу және жасауға күш салу мүмкіндігін алды.
Тағы да бір маңызды технополистің спецификалық сипаты – шағын территорияда басты ғылыми орталықтар, зертханалар, университеттер, ақпараттық фирмалар орналасқан, яғни ғылыми-зерттеу кадрларының шоғырлануы көп болдандықтан, бірінші класты техникалық мамандардан көптеген жобалық ұжымдарды қысқа мерзімде құруға көмектесетін аймақтық ұйымның ыңғайлы формасының болуы. Технополістегі жағдай шығармашылық ізденіске, үнемі ақпараттық алмасуға, жаңа идеяларды жасауға әрекет етеді.
Технополистің артықшылығы қазіргі жоғары технологиялық құралдарды үнемді, тиімді қолдану формаларының бірі болатындығынан көрінді. Кәсіпорындар оларды жалдық кооперативті бастауларында ала алады. Парктегі орындар жеке корпорациялармен, ұсақ кәсіпорындармен, федералды ведомстволармен сатып алынады немесе жалға алынады. Акционерлік бастауларда ақпараттық фирмалар, ұжымдық қолданудың ақпараттық желісі, біріккен есептеу орталықтары құрылады. Технополисте құрылымдық баланс жасалмаған, ведомстволық шашыраңқылық, ғылыми-техникалық прогрестің көптеген мәселелері көрсетілген бір материалдық-техникалық база қалыптасады. Технополистер ҒТР-дің қазіргі кезеңінде пайда болған қазіргі ғылыми сыйымды технологиялар үлкен шаруашылық территорияны талап етпейді. Олар экономика ретінде, сондай-ақ әлеуметтік қатынаста максималды игерілетін шектелген, салыстырмалы жабық кеңістікте сәтті дами алады.
6. Бизнес-инкубаторлар – шағын кәсіпорындарға бизнестерін жүргізуде әр түрлі ғимараттар және техникалық құралдар мен мақсаттарына қол жеткізуге көмек беретін ұйымдар.
Бизнес-инкубаторлар концепциясы 80 ж. басында бизнестің өмірлік циклы стадиясында қолдау мақсатында пайда болады. Бизнес-инкубатор көп салалы ұйым. Ол заңды және жеке тұлғаларға өздерінің бизнесін бастауға, рыноққа шығып орналасуға, т.б. түрдегі көмектер көрсетеді. Бизнес-инкубаторлардың жұмыс қызметінің тиімділігі инкубация бағдарламасынан өткеннен кейін рынокта өз орнын тапқан фирмалар санымен өлшенеді. Бизнес-инкубаторлар қызметтерінің мақсаты оның негізін құраушыларға байланысты:
- мемлекеттік инкубаторлардың мақсаты – аймақтың экономикалық дамуы, жұмыс орындарын қалыптастыру, экономикалық диверсификация т.б. Олар көнілдерін аз капитал талап ететін және өтілімділігі тез болатын жобаларға аударады. Оларды үкімет және коммерциялық емес ұйымдар қаржыландырады;
- академиялық және университеттік инкубаторлар – ғылыми кәсіпкерліктегі қажеттіліктерді амалға асыруға аймақтық ғылыми-техникалық дамудың инновациялық циклын жеделдету проблемасын шешуге бағытталады. Ғылыми-зерттеу институт қызметкерлері өздерінің әзірлемелерін амалға асыру мүмкіндіктерге ие болады;
- коммерциялық инкубаторлар – инвестициялық топтар жылжымайтын мүлікті дамыту мақсатында қалыптастырады. Мақсаттары – инвестицияланған фирмалардан пайда табу, жылжымайтын мүліктің дамуы, технологиялардың коммерциялануы.
Технологиялық бизнес-инкубаторлар мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асырады:
1) шарт жағдайында инновациялар құруға қажеттi материалдық-техникалық база ұсыну;
2) шарт жағдайында зияткерлiк меншiк объектiлерiн қорғау құжаттарын алуға өтiнiмдер ресiмдеуге қажеттi жұмыстар мен қызметтер ұсыну;
3) инновациялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн және инновациялық жобаны қаржыландыруға арналған құжаттарды әзiрлеуге жәрдем көрсетудi қоса алғанда, шарт жағдайында инновациялық жобаны әзiрлеу үшiн қажеттi жұмыстар мен қызметтер ұсыну;
4) инновациялық жобаларды iске асыру үшiн инвестициялар тартуға жәрдем көрсету;
5) инновациялық қызметтi жүзеге асырушы шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiн ұйымдастыруға жәрдем көрсету.
Технологиялық бизнес-инкубаторлардың инновациялық қызмет субъектiлерiне жұмыстар мен қызметтер ұсыну үшiн тиiстi бiлiктiлiгi бар персоналы, сондай-ақ инновацияларды құру үшiн жеткiлiктi кеңсе және өндiрiс үй-жайлары болуға тиiс.
Ғылыми орталықтардың мақсаты – ғылыми-техника әзірлемелерді, жаңа технологияларды еңгізіп, қолдау негізінде экономика дамуына қолайлы жағдай жасау. Ғылыми орталықтар жобаларды идеядан өндірістік нусқаға дейін, және инновациялы өнімді өндіріп сатуға шығаруды амалға асыруға бағытталады.
Инновациялық процесті ұйымдастырудың бір түріне бастамалық топтар да жатады. Олар ғылыми-техникалық, кеңестік-басқару және әкімшілік көмегімен жаңалық ашушыларды, техникалық және басқа жаңалықтарды игеру үшін құрылған шағын фирмаларды қаржыландырумен айналысады.Мұндай экономикалық және ұйымдастыру тетіктерінің мәні инновациялық процестін спецификасына, әсіресе оның ең бастапқы сатыларындағы, анықсыздықты болдырмауға әсерін тигізеді. Мұнда негізгі сенім адам факторына жасалады. Бастапқы кездерде инновациялық-технологиялық орталықтарға жергілікті органдардың көмегі аса қажет. Жергілікті бюджеттен тікелей қаржыландыру, салыққа қатысты және ғимарат үшін жалдық төлемдерге қатысты жеңілдіктер беру, тіпті болмағанда банктер тарапынан несие бөлінуіне жәрдем көрсету шаралары жүргізілуі қажет. Жаһандану жағдайында индустриялық-инновациялық өрлеудің ең маңызды элементі-технологияны еларалық табыстау болып табылады. Шетелдік технологиялардың ағынына жол аша отырып, сонымен бірге шетелдік серіктерге дайын өнімдердегі ұлттық өндірістің қоспаларының, бөліктері мен тораптарының үлесін үдемелі арттыру туралы талапты, технологияны табыстау туралы өзара шартқа енгізе отырып, қоя білу керек.
Do'stlaringiz bilan baham: |