30 лекция
4. Ұлттық инновациялық қор қызметі және қаржыландырған проекттері.
5. Қызмет атқарып жатқан венчурлы қорлардың инновациялық проекттерді жүзеге асыру принциптері.
4. Ұлттық инновациялық қор Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған, ұлттық басқарушы компания жалғыз акционерi болып әрекет ететiн, акционерлiк қоғам нысанындағы коммерциялық ұйым болып табылады.
Ұлттық инновациялық қор ұлттық даму институты болып табылады.
2. Ұлттық инновациялық қор қызметiнiң мақсаты елдегi жалпы инновациялық белсендiлiктi арттыру, соның iшiнде жоғары технологиялық және ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердi дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
3. Ұлттық инновациялық қордың мiндеттерi:
1) инновациялардың құрылуын және енгiзiлуiн қаржыландыруды жүзеге асыратын инновациялық қорлар мен инвестициялық қорлардың жарғылық капиталына бақылаусыз қатысу;
2) инвестицияланатын компаниялардың жарғылық капиталына үлестiк бақылаусыз қатысу және (немесе) қаржылық лизинг арқылы инновациялар құруды және енгiзудi қаржыландыру;
3) инновациялық инфрақұрылымды дамыту;
4) сыртқы нарықтарға отандық инновацияларды жылжыту;
5) инновациялық технологияларды ауыстыру, қарызға беру және дамыту, оларды коммерцияландыру мен енгiзу саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
Ұлттық инновациялық қор:
1) Ұлттық инновациялық қордың Инвестициялық саясат туралы меморандумына сәйкес инвестициялық саясатты жүзеге асыруға;
2) ғылыми-техникалық, экономикалық сараптамалар мен патенттiк зерттеулердiң нәтижелерi бойынша инновациялық жобаларды инвестициялаудың орындылығын айқындауға;
3) шарт негiзiнде сарапшылар және консультанттар тартуға;
4) iшкi нарықта Ұлттық инновациялық қордың Инвестициялық саясат туралы меморандумында айқындалған шекте және тәртiппен өтiмдiлiгi жоғары қаржы құралдарының бос қаражатын орналастыруға;
5) Ұлттық инновациялық қордың Инвестициялық саясат туралы меморандумында белгiленген шектеулердi ескере отырып, инновациялық жобаларды iрiктеудi және оларды инвестициялауды жүзеге асыруға;
6) инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiн құруға қатысуға;
7) экономикалық коммерциялық тиiмдiлiгi және технологиялық дамуы тұрғысынан әлеуеттi перспективалы болып табылатын, жаңа технологиялар, тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) жасауға бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжiрибелiк-конструкторлық әзiрлемелерге өз қаражатынан гранттар беруге;
8) шетелдiк инновациялық немесе инвестициялық қорларға инвестициялауды жүзеге асыруға құқылы.
1. Инвестицияларды жүзеге асыру үшiн мынадай көздер пайдаланылады:
1) Ұлттық инновациялық қордың жарғылық капиталы;
2) Ұлттық инновациялық қордың кiрiстерi;
3) халықаралық қаржы ұйымдары, шет мемлекеттер мен қаржы институттары беретiн гранттар.
2. Ұлттық инновациялық қордың кiрiстер алуының негiзгi нысаны Ұлттық инновациялық қор инвестицияларының бастапқы құны мен шығу кезiндегi олардың өткiзу құны арасындағы айырманы бiлдiретiн қаржыландыратын жобалардан Ұлттық инновациялық қордың шығуы кезiндегi кiрiстер болып табылады.
3. Басқа кiрiстер Ұлттық инновациялық қордың уақытша бос ақша қаражатын басқарудағы кiрiс, дивидендтер түрiндегi кiрiстер, консультациялық қызметтер көрсетуден түскен кiрiстер, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжiрибелiк-конструкторлық әзiрлемелердiң нәтижелерiне мүлiктiк құқықтарды iске асырудан түскен кiрiстер болып табылады.
Ұлттық инновациялық қордың таза кiрiсiн бөлу тәртiбiн ұлттық басқарушы компания айқындайды.
1. Ұлттық инновациялық қордың Инвестициялық саясат туралы меморандумы Ұлттық инновациялық қордың инвестициялық қызметiндегi негiзгi құжат болып табылады.
2. Ұлттық инновациялық қордың Инвестициялық саясат туралы меморандумы Ұлттық инновациялық қордың инвестициялық саясатының негiзгi басымдықтарын айқындайды, инвестициялық қызметтi жүзеге асыру, қаржыландырылатын жобалардың iске асырылуының, инвестицияланатын компаниялардың қаржылық жай-күйiнiң мониторингi мен талдануы, Ұлттық инновациялық қордың инвестицияланатын компаниялардан шығуы туралы шешiм қабылдауы жөнiндегi негiзгi ережелерден тұрады, Ұлттық инновациялық қордың инвестициялық қызметiнiң сапалық және сандық өлшемдерi мен шектеулерiн белгiлейдi.
3. Ұлттық инновациялық қордың Инвестициялық саясат туралы меморандумын ұлттық басқарушы компания бекiтедi.
1. Ұлттық инновациялық қордың:
1) акциялардан басқа, бағалы қағаздардың өзге түрлерiн шығаруға;
2) қарыздар беруге;
3) үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша кепiлдiктер беруге және кепiлгер болуға;
4) мiндеттемелердi қабылдау шарттары мен тәртiбi, сондай-ақ оларды жүзеге асыру мақсаттары Қазақстан Республикасының заңнамасына, Ұлттық инновациялық қордың жарғысына және Инвестициялық саясат туралы меморандумына қайшы келетiн мiндеттемелердi ез мойнына алуға құқығы жоқ.
2. Ұлттық инновациялық қор алкоголь және темекi өнiмдерi өндiрiсiне, ойын бизнесiне инвестицияларды салмайды.
Ұлттық инновациялық қор өз мiндеттемелерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша және тәртiппен жауаптылықта болады.
Do'stlaringiz bilan baham: |