Инновацияның негізгі қасиеттері – ғылыми-техникалық жаңалығы, өңдірістік жарамдылығы, коммерциялық өткізілуі.
Жаңа өнімді өмірге әкелу үрдісі жеті элементтен тұрады. Ол инновациялық идеяның тууынан бастап, оны өткізу рыногын анықтау, өнімді шығару, сату болып жалғаса береді. Соның ішінде әулі жаңа тауарды аз көлемде шығарып, оны жарнамалау, сауда жұмыстарын ұйымдастыру арқылы оның өміршеңдігін немесе өмір сүру жасын ұзарту болып табылады. Бұл орайда инновациялық өнімді нарықта өткізу көлемін арттыру, сұранымын молайтуда тауар бағасын төмендету, тұтынушыға қосымша сый-сыяпаттар ұсыну сияқты қосымша тәсілдерді қолдану қажет. Сонымен біргі белгілі бір мерзімді аяқтап, өзін-өзі өтеген инновация мүлдем ескіріп кетпеу үшін оны келесі аймаққа немесе басқа рыноққа көшіру сияқты тәсілдерін пайдалану қажет.
Жаңалықтарды жүзеге асырудағы басты факторлар болып келесілер есептелінеді;
- инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау;
- экономиканы реформалаудагы ғылым рөлінің жоғары бағалануы;
- кадр әлеуетін сақтау мен дамыту, ғылыми-технологиялық дамудың басым бағыттары бойынша жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау;
- ғылыми зерттеулер жүргізу үшін материалдық базаны нағайту;
- жаңа жетістіктерді экономиканың қабылдауын жан-жақты ынталандыру (сұранысты ынталандыру) және оларды отандық ғылыми-техникалық әлеуетін пайдалануы үшін жағдайлар жасау (ұсыныстарды ынталандыру).
2. Іс жүзінде ғылыми зерттеулер мен инновациялық процестерді мемлекеттік қолдаудың негізгі кең тараған 3 әдісі бар.
1. Ғылыми зерттеулерге мемлекеттің тікелей қатысуы. Мемлекеттік бюджеттен қаржыланжырылатын ірі лабораториялар қалыптастыру, нәтижесін ақысыз түрде көпшілікке ұсыну. Әдетте, бұл лабораториялар қорғаныс, энергетика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мәселелерін шешумен айналысады.
2. Қайтарымсыз негізде субсидиялар бөлу. Мемлекеттік емес лабораторияларда іске асырылатын ғылыми зерттеу жұмыстарына қайтарымсыз негізде мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінеді. Негізгі қойылатын шарт-зерттеулер барысы бойынша толық есеп беру, алынған нәтижені ашық түрде жариялау.
3. Ғылыми-техникалық зерттеулер мен тәжірибе жүргізуге инвестиция бөлінген жеке бизнеске салық жеңілдіктерін ұсыну.
Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың мақсаты инновациялық қызметтi дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.
Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 23 наурыздағы N 135 Заңы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., N 5-6, 35-құжат; "Егемен Қазақстан" 2006 жылғы 31 наурыз N 71-72 жарияланды.
Осы Заң Қазақстан Республикасында инновациялық қызметтi ынталандырудың құқықтық, экономикалық әрi ұйымдық негiздерiн белгiлейдi және оны мемлекеттiк қолдау шараларын айқындайды
Қазақстан Республикасының инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың мақсаты инновациялық қызметтi дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.
Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi принциптерi:
1) инновациялық қызметтi жүзеге асыру кезiнде ұлттық мүдделердi сақтау;
2) ұлттық экономиканың бәсекелестiк қабiлетiн арттыру және ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн инновациялық қызметтiң басымдығы;
3) мемлекеттiк қолдау алу кезiнде инновациялық қызмет субъектiлерiнiң теңдiгi;
4) инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдаудың экономикалық тиiмдiлiгi және нәтижелiлiгi;
5) инновациялық қызметтi ұйымдастыру мақсатында ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектiлерi мен кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тұрақты өзара iс-қимылын қамтамасыз ететiн кешендiлiк және жүйелiлiк;
6) инновациялық қызметтi жоғары бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету болып табылады.
Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай негiзгi бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) мемлекеттiк инновациялық саясатты iске асыру үшiн ұйымдық және экономикалық, соның iшiнде инвестициялар тартуды қамтамасыз ететiн жағдайлар жасау арқылы инновациялық қызметтi ынталандыру;
2) инновациялық даму басымдықтарын айқындау;
3) инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту;
4) мемлекеттiң инновацияларды құруға және енгiзуге қатысуы;
5) отандық инновацияларды сыртқы нарықтарға жылжыту;
6) технологиялар трансфертiн қоса алғанда, инновациялық қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай негiзгi нысандарда жүзеге асырылады:
1) инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiн құруға қатысу;
2) ұлттық даму институттарын құру, қызметiн үйлестiру және жұмыс iстеп тұрғандарын одан әрi дамыту;
3) инновациялық жобаларды бюджет қаражаты есебiнен iске асыру;
4) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында және осы Заңда айқындалған шарттармен инновациялық гранттар беру;
5) инновациялық қызметтi кадрлық қамтамасыз етудi, соның iшiнде инновациялық менеджмент негiздерiне оқыту арқылы ұйымдастыру;
6) инновациялық қызмет саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру үшiн инвестициялар тартуды қамтамасыз ететiн қажеттi ұйымдық, құқықтық және экономикалық жағдайлар жасау.
3. Инновациялық қызметті тиімді басқару үшін инновацияны ұқыпты үйрену қажет. Инновацияны тауардағы және технологиялық процестердегі шамалы техникалық түр өзгертушіліктерден (эстетикалық өзгерістер, түсін, нысаны т.б.), өнімнің параметрларына, қасиеттеріне, бағасына әсері болмаған өзгерістерден ажырата білу керек. Инновацияның жаңалықтығы технологиялық көрсеткіштермен және нарықтық позициялармен өлшенеді.
Осыларды есепке ала отырып инновацияның классификациясы құрылады.
Технологиялық көрсеткіштерге байланысті инновациялар - өнімдік және процестікке болінеді.
Do'stlaringiz bilan baham: |