Лекция Жалпы инновация түсінігі. ҚР инновациялық қызметтер туралы заңы. Инновациялар мен инновациялық тиімділік түрлері


тақырып. Кәсіпорынның инновациялық қызметін басқару негіздері



Download 428,67 Kb.
bet7/41
Sana23.02.2022
Hajmi428,67 Kb.
#181505
TuriЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41
2 тақырып. Кәсіпорынның инновациялық қызметін басқару негіздері
3 лекция
1. Инновациялық менеджмент басқару процессі ретінде.
2. Иинновациялық менеджменттің теориялық аспектілері.
3. Инновациялық менеджменттің даму эволюциясы

1.Тəуелсіздк алғаннан бері еліміз бірқатар əлеуметтік-экономикалық табыстарға қол жеткізді. Минералды- шикізаттық ресурстар экспорты ұлттық экономикаға қайта құру кезеңінің дағдарысына төтеп беруге жəне экономикалық өсудің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бірақ қазіргі өсім сапасы қанағаттандырарлық емес, себебі ол жоғарғы технологиялар есебінен жүзеге асырылмай жатыр. Жағымды шикізатты экспорттау ондаған жыл сақтала бермейді. Экономиканы жедел жаңартудың шектеуші факторлары мыналар: өндіргіш күштердің деиндустриализациясы, қазіргі өндірістерді дамытудағы экономиканың шикізаттық бағытталуы болып табылады. Соңғы жылдардағы көрсеткіштер бойынша, Қазақстан технологиялық артта қалушылығын байқатуда, стратегиялық маңызы бар ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелік-конструкторлық жұмыс нəтижелері жəне жалпы алғанда интеллектуалды меншік елдің ұлттық байлығы ретінде тиімді қолданылмай жатыр.Негізінен Қазақстанның егемендік алуымен байланысты отандық ғылымның миссиясыда өзгерді.


Əлемдік экономиканың түрленуі жəне қазақстандық экономиканың ашық жағдайында отандық компаниялардың ел ішіндегі жəне шетелдегі тауарлар мен капитал нарықтарындағы бəсекелік күреске дайын еместігі анық байқалуда. Сондықтан Қазақстан Республикасының əрі қарай дамуында тек өндірістің тұрақтануы мен өсімі ғана емес, оның құрылымдық жағынан қайта құрылуы, отандық экономиканың ұдайы өндіріс үрдісін қайта құру мен оның бəсеке қабілеттілігін арттыру үлкен маңызға ие. Қазақстанның 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму Стратегиясында өңдеуші жəне ғылыми сыйымды жоғары технологиялық индустрияға аса зор көңіл бөлініп жатыр. Елдің экономикалық тəуелсіздігі технологиялық даму деңгейінен ажыратылмай 4 қарастырылады. Əлемдік экономикадағы мемлекеттің рөлі мен оның мəні, инновация мен өзгерістердің негізгі қозғаушы күші- жоғарғы технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады. Қазіргі заманғы техника өндіріс технологиясынан бөлек ажыратылып қарастырылмайды. Ол тек нақты технологиямен қатар қолданылады жəне сол арқылы көрініс табады, яғни технология ғылыми-техникалық прогресстің қозғаушы күші болып саналады.
Ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуде ерекше өнімнің ғылыми-техникалық жобалары, озық технологияларды басқарудың қазіргі заманғы жүйесін жасаумен шұғылданатын ғылыми-зерттеу, конструкторлық жəне жобалық ұйымдары ерекше рөл атқарады. Қазақстан табиғи ресурстарды ғана пайдалана отырып дамитын емес, сондай-ақ өзінің интеллектуалды капиталын да пайдаланып дамитын елге айналғаны белгілі болды. Мұның өзі дүниежүзілк бəсеке ғылыми-техникалық жобалардың өте жедел (2-3 жыл) жүзеге асуын талап етеді.Сыртқы əлемдік ортада үздіксіз жүріп жатқан өзгерістер дүниежүзілік экономикадағы біздің елімізде орнын белгілейді, сондықтан инновациялық қызмет өмір сүрудің жəне дамудың маңызды факторына айналуда. Осыған байланысты туындайтын аса маңызды жайт-инновациялық қызметтің елдің экономикасының өсуін жəне экономиканың құрылымдық қайта құрылуын қамтамасыз ететін қуатты тұтқаға айналуы болып табылады.

2. Шетелдік зерттеушілер Й.Шумпетер, П.Самуэльсон, Кэмпбэлл, С.Брю, Э.Роджерс пен Р.Шумейкер және т.б. өндірістік сферадағы кәсіпкерліктің инновациялық сипатын бейнелейтін экономикалық қатынастардың қазіргі заманғы теориясын дамытты.


Отандас ғалымдарымыздың арасынан инновациялық әлеуетті, инновациялық стратегияны, мемлекеттік, өңірлік және салалық инновациялық саясатты, инновациялық процестерді басқару мәселелерін зерттеу жұмыстары академиктер Р.Алшанов, У.Баймұратов, Ә.Сатыбалдин, К.Сағадиев, А.Қошанов, О.Сабден, сондай-ақ А.Марков, В.Гончаров, Ф.Днишев, К.Кажымұратов, Д.Мұқанов, С.Әбдіғаппарова, Н.Барлыбаева,А.Саттарова, және т.б. ғалымдардың жұмыстарынан көрініс табуда.
Экономика ғылымы инновацияны жекелеген мемлекеттердің ғана емес, тұтас жаһандық экономиканың дамуын айқындайтын аса маңызды элементердің бірі ретінде қабылдайды. Бұл жағдай ең алдымен «инновация» деген ұғымның өзін нақтылай түсуді талап етеді.
Жаңа идея немесе новация жалаң ойдан материалдық нақты дүниеге айналған сәттен бастап ол жаңалық енгізу деген ұғымды білдіретін инновацияға айналады.
Й.Шумпетер жасампаздықтың себебі бәсекелестікте жатқандығын, жаңа идеяларды экономикалық жаңалыққа айналдырушы кәсіпкер екендігін, техника мен ғылымның біркелкі дамымауына байланысты экономикалық дамудың да бірқалыпты дамымайтындығын көрсеткен үш негізге сүйенетін инновация теориясының аяққа тұруына да үлес қосты.
1кесте – «Инновация» анықтамасына тұжырымдамалар



Батыс мектептері

П.Самуэльсон, Кэмпбелл, С.Брю

жаңа тауарларды, жаңа өндірістік құралдар мен технологияларды, өнеркәсіпті ұйымдастырудың жаңа әдістерін ендіру мен қолдану мақсатында жасалатын және нарықтық табысқа жеткізетін өзгерістер

Э.Роджерс, Р.Шумейкер

жаңалықтың жаңалық болып ашылғаны маңызды емес, оның қолданысқа қанша рет енгізілсе де табыс әкелетіндігі маңызды

Ресейлік ғалымдар

Н.Кондратьев

экономика 50-60 жылдық циклда дамиды, ал жаңа циклға көшу адамзат дамуының деңгейіне байланысты; даму белгілі бір биікке көтерілген кезде жиналып қалған идеяларды ендіру оңайға түседі.

Н.Большаков

жаңа немесе қасиет жақсартылған өнім өндірісі үдерісінің нәтижесі, сондай-ақ өндіріс шығынын азайтатын және әлеуметтік жағдайды өзгертетін жаңа техника мен технологияның ендірілуі,

Ю.Иванова

жаңалықтарды енгізуге қатысы бар зерттеу, дайындық және ендіру жұмыстарының қосынды қызметі

Қазақстандық ғалымдар

У.Баймұратов

белгілі бір саланың қызмет тиімділігін арттыру, жаңа қуат көздерін табу, жұмыс ұйымдастыру әдісі мен қаржы, сауда немесе әлеуметтік-саяси институттар қызметін дамыту

Д.Мұқанов

нарықтағы жаңа өнім түрінде жүзеге асқан қызметтің нәтижесі

С.Әбдіғаппарова

ғылыми негізделген идеяларды іске асырушы субъектілердің зерттеу, дайындық және енгізу жұмыстарын нарықтық және мемлекеттік реттеулер арқылы қоғам өмірінің деңгейін көтеруге бағытталған мақсатқа жету үдерісі



Авторлық көзқарас
Инновация - барлық тараптар үшін жаңалық болып табылатын немесе түбегейлі жетілдірілген идеяның қоғамдағы өскелең сұранысты қанағаттандыратын әрі оны ендірушілерге үлкен мөлшерде табыс әкелетін рухани немесе заттық дүниеге, жүйеге, қызметке айналуы.

Қурастырған – Мырзалиева Гулмира Асқанбекқызы

Бір сөзбен айтқанда, «инновация» ұғымында әлі күнге дейін ортақ пікірге келушілік жоқ, әр анықтамада инновацияның әр қырына баса назар аударушылық бар. Сондай-ақ әр ғылым бұл құбылысты өз тұрғысынан зерттейтіні және бар. Оның үстіне уақыт озған сайын инновацияға берілетін анықтаманың өзгеріске түсуі, эволюцияға ұшырауы да заңдылық. Бүгінгі таңда негізінен ғылыми-техникалық прогресске байланысты экокономикаға тиісті көбірек айтылып жүргені болмаса, инновация әлеуметтік салада да, руханият саласында да, саясатта да, өнер мен мәдениетте де орын ала алады. Мырзалиева Г.А. пикірінше : Инновация - барлық тараптар үшін жаңалық болып табылатын идеяның қоғамдағы өскелең сұранысты қанағаттандыратын әрі оны ендірушілерге үлкен мөлшерде табыс әкелетін рухани немесе заттық дүниеге, жүйеге, қызметке айналуы.


Инновациялардың ішінде ғылыми сыйымдылығы мол, яғни жаңа білімді қажет ететін инновациялар ерекше орын алады. Олар мүлдем жаңа білімді қажет ететіндіктен бір жағынан адамзаттың көзқарасын өзгертіп жіберуге дейін мүмкіндігі бар, екінші жағынан өндіріске енгізуі әдетте ұзақ уақытты қажет ететіндіктен оларда сәтсіздікке ұшыраушылықтың ықтималдылығы жоғары..
Инновация бір орында тұрып қала алмайды, жаңа өнімнің өмірге келген күнін сол өнімді одан әрмен жетілдіру түсу күні де есептеуге тиіспіз. Өйткені, қандай өнім болса да еш міні жоқ болып жасап шығарылуы мүмкін емес, сондықтан нарықта үлкен сұранысқа ие болған өнімнің өзінің кейбір кемшіліктері зауыттың лабораторияларында, цехтарында жетілдіріле түсіп жатады.
Инновациялық менеджментке максатты анықтау,стратегияны таңдау және циклдың төрт стадиясы тән, жоспарлау,жағдайды анықтау және ұйымдастыру, орындау және басқару. [14]
Инновациялық менеджментте мақсат – бұл жоспарлау кезіндегі, сипаттамалар жиынтығымен айқындалған инновациялық жүйенің керекті, күтілген хал-жайы.
Инновация мақсатының тұжырымдамасы келесі талаптарға жауап беруі қажет:
1. Инновация мақсаттары нақтылы тұжырымға ие және өлшенерлік болуы керек.
2. Инновация мақсаттары уақыт аралығына қатал бейімделуі, яғни күтілген нәтижеге жетудің мерзімін анықтау керек.
3. Инновация мақсаты қол жетерлік болуы керек.
Инновацияларды жоспарлау, инновациялық менеджмент функциясы реттінде – бұл анықталған даму мақсаттарға ресурстық қамсыздандыру мүмкіншілігіне, нарықтағы сұранысқа сай инновациялық қызметтің негізгі бағыттары мен пропорцияларын дәлелді қалыптастыру.
Инновациялық менеджменте жоспарлау келесі негізгі міндеттерді атқарады:
- инновациялық қызметтің мақсатын әр бір орындаушыға жеткізу;
- анықталған даму мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін іс шаралар бағдарламасын, ғылыми, техникалық және өндірістік мәселелерді қалыптастыру;
- жеке мақсаттардың, іс шаралардың және орындаушылардың уақыт аралығында және кеңістікте үйлестіру;
- қабылданған инновациялық бағдарламаларды орындауға қажетті материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын талдау;
- инновациялық жобалар бойынша орындалатын жұмыстарды тәртіпке салу.
Жағдайды анықтау және ұйымдастыру функциясы анықталған стратегияны орындауды қамтамасыз ету. Бұл үшін қажетті ресурс және орындаушылардың құрамын анықтау, тапсырмаларды бөлу, орындаушылардың жұмыстарын уақыт аралығында үйлестіру, ақпаратпен қамтамасыз ету т.б. қажет. Бұл мәселелер инновациялық процесті ұйымдастырылу құрылымын қалыптастыру арқылы амалға асады.
Орындау – жоспарды орындау, зерттеулерді алып бару.
Басқару – бақылау, талдау, түзетулер енгізу, тәжірібе жинау. Инновациялық жобалардың, инновациялық басқарушылық шешімдердің, жаңалықтарды қолданудың тиімділігін бағалау.

Сүрет 1. Инновациялық менеджмент схемасы


Экономикасы дамыған елдерде инновациялық қызмет кәсіпқой менеджментпен үйлестіріле отырып, өнеркәсіптік өндіріс пен өндірістің басқару тиімділігін көтерудің негізгі алға жетелеуші күшіне айналған.


Кез келген қызмет сияқты инновациялық менеджмент белгілі принциптерге сай жүргізіледі. Инновациялық менеджменттің негізгі принциптеріне келесілерді жатқызса болады:
- ғылымдылық. Ғылыми әдіс өте қажет, себебі кәзіргі заманғы фирманың күрделі шаруашылығын басқару шешімдерді қабылдауда оларды ұқыпты түрде зерттеу қажет;
- мақсатқа бағытталуы. Менеджерлердің әрекеттері шаруашылық субъектінің алдына қойылған мәселелерді шешуге бағытталады;
- мамандану универсалдықпен бірге үйлесте. Басқарудың тиімділігі әр бір объект немесе процесске, олардың ерекшеліктерін есепке ала отырып, жеке ынғайды талап етеді. Шағын фирманы ірі корпорация сияқты, ал ғылыми әзірлемелерді конвейер жұмысы сияқты басқаруға болмайды. Сонымен бірге осы мысалдарда басқарушылық әрекеттер орын алады, олар кейбір универсалды сәттерге ие болулары қажет;
-үздіксіздік. Инновациялық процесстің сипатымен ескеріледі.
Ұйымның бөлек элементтерін орталықтанған реттеу және өзін-өзі басқаруды орнықты үйлестіру, қуқық, міндет және жауапкершілік (команда бірлігі принципі) т.с.с.

3. Инновациялық менеджмент экономикалық ғылым және кәсіптік қызметтің дербес саласы болып, кез келген ұйымдық құрылымның материалды, еңбек, қаржы ресурстарын тиімді пайдалану арқылы инновациялық мақсаттарын қалыптастыру және амалға асыруға бағытталады.


Инновациялық менеджмент функционалды менеджменттің бір түрі, оның объекті кез келген халық шаруашылығы салаларындағы амалға асырылатын әр түрлі инновациялық процестер есептелінеді.
Инновациялық процестер өзгешілігіне ие күрделі басқару объектісі ретінде басқарушылық әсердің ерекше формасы мен әдістерін талап етеді.
Инновациялық менеджментке жалпы менеджмент ғылымы сияқты негізгі теориялық жағдайлары мен концепцияларының эволюциялық дамуы тән. Инновациялық менеджменттің дамуында төрт біршама дербес кезенін ажратса болады: функционалды концепция, факторлы, жүйелі және жағдайлық тәсілдер [10].
Факторлы тәсілде ғылым және техника мемлекеттің экономикалық потенциалының дамуында ең негізгі факторы ретінде қарастырылады.
Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер өнеркәсіптің өндірістік потенциалын дамытудың тұрақты және елеулі факторы ретінде қарастырылады. Ғылым кадрлары, материалды-техникалық база, ғылыми жабдықтар және ақпараттық қорлар инновациялық процестің ғылыми техникалық потенциалының құрамдас факторлары ретінде бағаланады.
Функционалды концепция инновациялық менеджменті басқару функциясы мен басқару шешімін қабылдау процестерінің жиынтығы ретінде қарастырады. Функционалды концепция инновацияны басқаруда еңбекті тиімді бөлінуіне, басқару деңгейлерін мамандануына және әр бір қабылданған басқару шешімінің ұйлесімділігіне негізделеді.
Функционалды концепция шенберінде шешім қабылдау процестерді экономика-математикалық моделдеу әдісі жедел дамытты.
Инновациялық менеджменте жүйелі тәсіл инновациялық процесті күрделі ұйымдастырушылық жүйе ретінде қарастыруды көздейді, дамудың эндогенді (ішкі) және экзогенді (сыртқы) факторларын есепке алып белгілі мақсатқа жетуге бағытталған өзара шарттылы элементердің бүтінділігінен тұрады.
Жүйелі тәсіл басқарушылық шешімге әсер ететін барлық факторларды есепке алуын және оларды инновациялар дамуының сыртқы және ішкі даму тенденциялары мен байланыста қарастыруды қамтамасыз етеді.
Нарықтық экономика жағдайында инновацияларды жүйелік талдау әдістемесі халқаралық стандарттарға негізделеді.
Жүйелі тәсілдеме – экономикалық ғылымда қолданылатын ғылыми зерттеудің ең жемісті (нәтижелі) әдістерінің бірі.
Өзінің алғашқы мағынасында – грек тілінен аударғанда «жүйе» сөзі көптеген элементтерден құралатын, бөліктерден тұратын бір бүтін тұтастық ұғымын білдіреді.
Жүйелі тәсілдеме арнайы ғылыми пәндердің мазмұнына жалпы теория жүйесіне қызмет етеді, ал басқару ісі жалпылай түрде жүйелерді ретке келтіруші ретінде анықталуы мүмкін.
Жүйелі тәсілдеме ХХ ғасырда пайда болды деуге болады, әйтсе де, ХVIII және ХІХ ғасырларда ғылым әр түрлі жүйелерді зерделемеді деп бір жақты ойлауға да болмайды. Әлбетте, астрономия Күн жүйесін, ал математика әр түрлі санау (есептеу) жүйелерін зерделеді. Жүйелі тәсілдеме әскери мақсаттарға (атом бомбасын жасау) қол жеткізу үшін АҚШ-та алғаш рет қолданылды, алайда жүйелі тәсілдеме одан ары азаматтық өндіріс саласындағы басқару қызметінің іс-тәжірибесінде кеңінен қолданылды.
Жүйелі тәсілдемені қолданудың негізіндегі басқару ісі үш тізбекті кезеңді қамтиды:

  • бірінші кезеңде салалар анықталады, басқару субъектілері қызметінің ауқымы мен саласы нақтыланады. Қызметтің ақпараттық қажеттілігінің баламалы (бағдарлы) салалары мен ауқымдары белгіленеді;

  • екінші кезеңде қажетті зерттеулер (жүйелі талдау) жүзеге асырылады;

  • үшінші кезеңде белгілі мәселелерді шешудің баламалы нұсқалары жасалып, әрбір міндет бойынша оңтайлы нұсқа таңдап алынады (сараптық бағалаулар, оның ішінде, тәуелсіз сараптама қолданылады).

Жүйелі тәсілдеменің негізінде басқару ісі жүйелердің құрылымдық және функциялық тұтастығын қамтамасыз етуге әрі жетілдіруге бағытталған. Мақсатка жеткізетін жолда кездесетін кедергілерді, кемшіліктерді анықтап, жою. Мұнда ең алдымен басқарудағы жүйелі тәсілдеменің принциптері алға шығады. Нақты тәжірибеде ол қабылданған шешімдерді жан-жақты пысықтап, оны жүзеге асыруы ықтимал барлық нүсқаларын талдайды.
Жағдайлық тәсіл инновация жетістігінің сыртқы және ішкі факторларын талдау мүмкіншілігін болжайды және қалыптасқан жағдайда тиімді басқару шешімдерінің мүмкін болған вариантарын жүйелейді. Осы жағдай және басқарушылық концепцияның инновациялық менеджмент теориясындағы үлесі болады, бұл тәсілде белгілі жағдайда шешім қабылдау үшін белгілі әдістерді қолдану жайлы ұсыныстар беріледі [10].



Download 428,67 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish