Лекция Жалпы инновация түсінігі. ҚР инновациялық қызметтер туралы заңы. Инновациялар мен инновациялық тиімділік түрлері



Download 428,67 Kb.
bet32/41
Sana23.02.2022
Hajmi428,67 Kb.
#181505
TuriЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41
23 лекция
7. Инновациялық саланың дамуына арналған приоритеттік бағыттар.
8. Мемлекеттің инновациялық саясаты.
9. Инновациялық проекттерді мемлекет тарапынан қаржыландыру жолдары.

7. Дүниежүзілік экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстанның қазіргі таңдағы экономикасының дамуында мынадай мәселелер орын алуда:


- экономиканың бір жақты шикізат бағыттылығы;
- әлемдік экономикаға ықпалдасудың әлсіздігі;
- ел ішіндегі салааралық және өңіраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы;
- ішкі рынокта тауарлар мен қызметтерге тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика);
- өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның жеткілікті дәрежеде дамымауы;
- кластерлік делілердің дамымауы, яғни кәсіпорындардың бір орталыққа шоғырланбауы;
- мұнай-газ және кен-металлургиялық кешенге жатпайтын экономика саларында негізгі қорлардың тез тозуы;
- кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалушылығы;
- ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға қаржының аз бөлінуі;
- ғылым мен өндіріс арасында ұтымды байланысты болмауы;
- мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазіргі замаңғы жүйесінің болмауы;
- ЖІӨ-нің 1 долларына электр энергиясының жұмсалу деңгейі бойынша, сондай-ақ экономика салаларындағы еңбек өнімділігі бойынша кейбір индустриялдық дамыған елдерден 7-10 еседен астам артта қалып отырмыз;
Қазақстан кәсіпорындарының негізгі қорлары құлдырау алдында, 2001 жылдың басында негізгі құралдардың тозу дәрежесі орта есеппен 29,7℅ құрады. Ал бұл ел экономикасының бәсекеге түсу қабілетінің төмендеуіне душар етеді. Егер Қазақстанда ЖІӨ-нің 1 долларын өндіруге 2,8 киловатт сағат жұмсалатын болса, Ұлыбритания, Германия, Италия және Жапония сияқты елдерде бұл көрсеткіш 0,22-0,3; АҚШ, Франция, Туркия, Кореяда – 0,4-0,6; Канада мен Қытайда – 0,8-1,2 киловатт сағатты құрайды.
Жоғары бәсеке қабілетті алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшін, тұрақты экономикалық өсуді және экологиялық тиімді өндірісті қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Республикасының индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзімді стратегиясы қабылданды.
Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес экономиканы шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустрияландыруын тездетуге, машина жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын шығаруды жолға қою керек.
Стратегияның басты мақсаты шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады.
Осы мәселелерді шешу үшін келесі міндеттерді атқару қажет:
- өңдеуші өнеркәсіпті орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4℅ мөлшерінде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнімділігін кемінде 3 есе арттыру және ЖІӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету:
- өндеуші өнеркәсіптің негізгі қорларының өнімділігін арттыру;
- кәсіпкерлік құрылымды қалыптастыру, бәсекелестік артықшылықты жетілдіретін қоғамдық институттарды қамту; қосылған құнға барынша қол жеткізе отырып, нақты өндірестерде қосылған құн тізбегіндегі элементтерді игеру;
- ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялық экспортқа негізделген өндірістер құруды ынталандыру;
- сапаның әлемдік стандартына көшу;
- дүниежүзілік ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңірлік және дүниежүзілік экономикамен ықпалдасуды күшейту.
Осы стратегияны іске асыру мерзімі 2003-2015 жылдарды қамтиды және ол даму барысында келесідей кезеңдерден тұрады:
1-ші кезең – 2003-2005 жылдар
2-ші кезең – 2005-2010 жылдар
3-ші кезең – 2010-2015 жылдар
Индустриялық-инновациялық саясатты белсенді жүргізу экономиканың өсу қарқының жылына 8,8-9,2℅ қамтамасыз етеді. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖІӨ көлемін 3,5-3,8℅ еседей ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа өңдеуші өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4℅-ке дейін жеткізуге, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнімділігін кемінде 3 есе арттыруға және ЖІӨ энергия сыймдылығын 2 есе төмендетуге мүмкіндік береді. ЖІӨ құрылымында ғылыми және ғылыми инновациялық қызметтің үлестік салмағын 2000 жылғы 0,9℅-тен 2015 жылы 1,5-1,7℅-ке арттыруға мүмкіндік береді.
Еліміздің ТМД елдері арасында көшбасшылық бағытын ескере отырып, әрі қалыптасқан экономикалық және геосаяси факторларға сәйкес Үкімет мәшине жасау, құрылыс материалдарының өндірісі, химия және мұнай-химия өнеркәсібі, ақпараттық технологиялар, металлургия, аэроғарыштық салаларда жаңа жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін компаниялармен ынтымақтастықты арттыруға жағдай жасайды.

8. Қазіргі уақытта ғылымды көп қажетсінетін отандық өндірісті дамыту, бәсекеге қабілетті өнімдерді алуға бағдарланған жаңа ақпараттық технологияларды әзірлеу мен игеру және республиканың өнеркәсіп пен ғылыми-техникадағы әлеутін сақтау мен дамыту есебінен ұлттық экономикалық қауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз ету Қазақстан экономикасының өзекті стратегиялық міндеттері болып табылады.


Қазақстанның ғылыми-технологиялық саясаты инновациялық процестерді жандандыруға, жаңа технологиялық құрылымдарды енгізуге, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетті жандандыруға, ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жоюға, индустриялық қызметті ынталандыруға бағытталуы керек.
Инновациялық саясат – бұл инновациялық стратегияның мақсаты мен басты бағыттарын және оның мемлекеттік органдарымен жүзеге асырылуының механизмін анықтайтын әлеуметтік-экономикалық саясаттын бір бөлігі. Мемлекеттің инновациялық саясаты қоғамның дамуының оптималды жолдарын іздеуден, өндірістің перспективтік салаларын айқындаудан, оларды қаржылық қолдаудан, инновациялық процесстерді экономикалық реттеуден, ғылым мен техника жетістіктерін өндіріс пен қызмет көрсету саласында жылдам енгізуді инновациялық, құқықтық және басқа да қамтамасыз етуден тұрады.
Мемлекеттік инновациялық саясатың мақсаты өндірістің және қоғамды басқарудың әртүрлі салаларына бәсекелестікке қабілеті, жоғары технологиялық өнімдердің (жұмыстардың, көрсетілетін қазметтердің) басымдығын қамтамасыз ететін теңдестірілген өндірістік инфрақұрылым болып табылады.
Мемлекеттік инновациялық саясат міндеттеріне мыналар кіреді:

  • инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың нысандары мен әдістерін айқындау және негізінен ғылым мен техника жетістіктеріне сүйеніп әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау;

  • инновациялық қызметті дамыту мен инновациялық қызмет субъектілерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру;

  • инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау және инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру;

экономиканың жаңа жоғары технологиялық секторын қалыптастыру, экспортқа бағдарланған өндірісті құру және дамыту.
Ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары болып келесілер есептелінеді:
- мемлекеттің қатысуымен маманданған венчурлік қорлар құру және венчурлік капиталды ғылыми-техникалық және инновациялық салаға тарту;
- инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау нысандары мен әдістерін әзірлеу;
- инновациялық қызметтің мемлекеттік, салааралық, салалық және өңірлік сипаттағы маманданған субъектілерін құру, инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру;
- инновациялық сала үшін кадрлар даярлау және қайта даярлау;
- өнеркәсіптің базалық салаларында жаңа технологиялық құрылым қалыптастыру;
- технологиялардың өркениетті рыногы үшін жағдайлар жасау, яғни авторлық құқықты, патенттер мен сауда белгілерін қорғау саласындағы барлық халықаралық конвенцияларды тану арқылы шетел технологиясының трансфертін ынталандыру;
- отандық кәсіпорындардың үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес сапа стандарттарына өтуін жандандыру;
- халықаралық донор ұйымдардың, мүдделі қаржы-кредит және шаруашылық құрылымдарының гранттарын тарту.
Мемлекеттік инновациялық бағдарлама елдің әлеуметтік-экономикалық, инновациялық және ғылыми-техникалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, тиісті кезеңге арналған инновациялық даму болжамы негізінде қалыптастырылады және олар:
1) елдің экономикасы үшін стратегиялық мәні бар инновацияларды жасау кезеңінде инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды;
2) инновациялық инфрақұрылымның қалыптасуы мен дамуын;
2) инновацияларды жасаушылар мен тұтынушылардың деректер банкі мен бірыңғай ақпараттық желісін ұйымдастыруды;
4) инновациялық қызмет субъектілерін ынталандыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілер әзірлеуді көздеуге тиіс.
Инновациялық бағдарламалар инновациялық жобаларды және инновациялық инфрақұрылымды дамыту жобаларын конкурстық іріктеу негізінде қалыптастырылады.
Инновациялық бағдарламаларды ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық, өндірістік, ақпараттық және инновациялық жобаларды іске асыруға қажетті басқа да қызмет түрлері арқылы өзара байланысты инновациялық қызмет субъектілері іске асырады.
Бағдарламалар республикалық шеңберінде салааралық негізінде әлеуметтік экономикалық дамудың түпкі проблемаларын шешу нысаны болып табылады. Олар қалыптасқан, нақтылы анықталған шараларды қамтиды. Ол шараларды орындау үшін бірталай ресурстар мен өзара қатынастары бар мекемелер қажет. Алға қойған мүдделерге жету үшін бағдарламалар нақтылы жұмыстарды мәні және мерзімі бойынша белгілейді.

9. Инновациялық қызметі қаржыландыру көздеріне келесілер жатады:



  • инновациялық қызмет субъектілерінің өз қаражаты;

  • республикалық және жергілікті бюджеттер қаржатты;

  • инновациялық қорлардың қаражаты;

  • мемлекеттік нақтылы гранттар;

  • Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

Дамыған елдерде ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың жыл сайын ұлғаюы, ғылымның жеке сектормен ықпалдасуын ынталандыру есебінен жана жетістіктерді жеделдете игеру, ғылымның корпоративті секторын құруға және дамытуға жан-жақты жәрдемдесу, маңызды экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шешуге ғылыми-техникалық әлеуетті бағдарлау байкалып отыр. 2000 жылдардын басында, АҚШта 246,2 млрд.долларды (ІЖӨнің 2,9 пайыз), Жапонияда 94,2млрд.долларды (ІЖӨнің 3,0 пайыз), Германияда 45,8 млрд.долларды (ІЖӨнің 2,35 пайыз), Францияда 28,0млрд.долларды (ІЖӨнің 2,25 пайыз), Швецияда 7.6млрд.долларды (ІЖӨнің 4,0пайыз) құрған. Қазақстанда сол кезде ғылымды қаржаландыру көлемі ІЖӨ нің 0,2 пайызын құрады. Қазақстанның стратегиялық мүдделерін көздей отырып 2010жылға ғылымды қаржыландыруды ІЖӨ нің 2 пайызына және 2015 жылы 2,5-3 пайыз деңгейіне дейін жеткізуге кезең-кезенмен өтуді жүзеге асыру қажет.
Қазақстанда 2007 жылы технологиялық инновацияларға 83523,4 млн тенге жұмсалды (кесте ).
Кесте Қаржыландыру көздері бойынша технологиялық инновацияларға жұмсалған шығындар (млн. тенге)




2004

2005

2006

2007

Барлығы

35360,3

67088,9

79985,9

83523,4

Оның ішінде:













Республикалық бюджет

1905,9

5381,8

6478,4

4359,7

Жергілікті бюджет

10,3

106,1

2321,2

184,5

Кәсіпорынның жеке қаржысы

32058,3

43936,9

68407,3

70576,3

Шетел инвестициялары

1385,8

14994,7

2762,7

8379,7

Одан ТМД елдері

6,4

70,0

0,7

46,6

Даму институттарының қаржысы

-

2669,4

16,3

23,2




Download 428,67 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish