22 лекция
4. Инновациялық рыноктағы инновациялық қызметтердің жіктелуі.
5. Инновациялық қызметті қолдаудың дүниежүзілік тәжірбиесі.
6. Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу.
6. Іс жүзінде ғылыми зерттеулер мен инновациялық процестерді мемлекеттік қолдаудың негізгі кең тараған 3 әдісі бар.
1. Ғылыми зерттеулерге мемлекеттің тікелей қатысуы. Мемлекеттік бюджеттен қаржыланжырылатын ірі лабораториялар қалыптастыру, нәтижесін ақысыз түрде көпшілікке ұсыну. Әдетте, бұл лабораториялар қорғаныс, энергетика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мәселелерін шешумен айналысады.
2. Қайтарымсыз негізде субсидиялар бөлу. Мемлекеттік емес лабораторияларда іске асырылатын ғылыми зерттеу жұмыстарына қайтарымсыз негізде мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінеді. Негізгі қойылатын шарт-зерттеулер барысы бойынша толық есеп беру, алынған нәтижені ашық түрде жариялау.
3. Ғылыми-техникалық зерттеулер мен тәжірибе жүргізуге инвестиция бөлінген жеке бизнеске салық жеңілдіктерін ұсыну.
Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың мақсаты инновациялық қызметтi дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.
Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауда келесі негiзгi принциптер қолданылады:
- инновациялық қызметтi жүзеге асыру кезiнде ұлттық мүдделердi сақтау;
- ұлттық экономиканың бәсекелестiк қабiлетiн арттыру және ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн инновациялық қызметтiң басымдығы;
- мемлекеттiк қолдау алу кезiнде инновациялық қызмет субъектiлерiнiң теңдiгi;
- инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдаудың экономикалық тиiмдiлiгi және нәтижелiлiгi;
- инновациялық қызметтi ұйымдастыру мақсатында ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектiлерi мен кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тұрақты өзара iс-қимылын қамтамасыз ететiн кешендiлiк және жүйелiлiк;
- инновациялық қызметтi жоғары бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету болып табылады.
Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай негiзгi бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) мемлекеттiк инновациялық саясатты iске асыру үшiн ұйымдық және экономикалық, соның iшiнде инвестициялар тартуды қамтамасыз ететiн жағдайлар жасау арқылы инновациялық қызметтi ынталандыру;
2) инновациялық даму басымдықтарын айқындау;
3) инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту;
4) мемлекеттiң инновацияларды құруға және енгiзуге қатысуы;
5) отандық инновацияларды сыртқы нарықтарға жылжыту;
6) технологиялар трансфертiн қоса алғанда, инновациялық қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай негiзгi нысандарда жүзеге асырылады:
1) инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiн құруға қатысу;
2) ұлттық даму институттарын құру, қызметiн үйлестiру және жұмыс iстеп тұрғандарын одан әрi дамыту;
3) инновациялық жобаларды бюджет қаражаты есебiнен iске асыру;
4) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында және осы Заңда айқындалған шарттармен инновациялық гранттар беру;
5) инновациялық қызметтi кадрлық қамтамасыз етудi, соның iшiнде инновациялық менеджмент негiздерiне оқыту арқылы ұйымдастыру;
6) инновациялық қызмет саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру үшiн инвестициялар тартуды қамтамасыз ететiн қажеттi ұйымдық, құқықтық және экономикалық жағдайлар жасау.
Do'stlaringiz bilan baham: |