8 тақырып. Интеллектуалды меншік
15 лекция
1. Интеллектуалды меншік түсінігі.
2. Инновациялық қызметті құқпен қорғауды қамтамасыз ету жолдары
3. Интеллектуалды меншік құқының объектілері мен субъектілері.
1. Инновациялық қызмет нәтижесі болып ғылыми-техникалық, ақпараттық немесе мәдениет өнімдері түріндегі зияткерлік өнім есептелінеді. Автордың өнер-табыстарына, ғылыми идеяға, әзірлемелерге, жаңа өнім немесе жаңа технологияға құқығы зияткерлік меншік болып есептелінеді және ол мемлекет тарапынан қорғалады.
Зияткерлік меншікті қорғау механизмі инновацияны қолдаудың экономикалық, әлеуметтік құқықтық әдістері мен құралдарын қамтиды.
Қазіргі замаңғы экономика жоғары деңгейдегі технологияларға негізделеді, олар өз кезегінде зияткерлік меншіктің белгілі объектілерін қолдануды болжайды.
Зияткерлік меншік – бұл интеллектуалдық шығармашылық қызметі нәтижесін пайдаланудың ерекше құқығы.
Зияткерлік меншік объектісін иемдену мен пайдалану құқығы ең алдымен оны көшірудең, қайталаудаң нақты немесе патенттік табыс алуды білдіреді.
«Зияткерлік меншік» түсінігі XVII- XVIII ғғ. пайда болып, ғылым, өндіріс, өнер, т.б. салалардағы ой еңбегінің нәтижесіне жеке тұлғаларға құқығын бекітуді білдіреді.
«Зияткерлік меншік» ұғымы оның казіргі түрінде халықаралық құқықта 1967 жылы 14 шілдеде Стокгольмде Халықаралық конвенцияға қол қоюымен анықталды. Сол кезде зияткерлік меншіктің Бүкіләлемдік Ұйымы құрылды (World Intellectual Property Organisation, WIPO). Стокгольм Конвенциясына сәйкес, «зияткерлік меншікке» келесілерге қатысты құқықтар жатады:
- әдебиет, көркем және ғылыми шығармалары;
- әртістердің орындаушылық әрекеттері, дыбыс жазу, радио және теледидарлық бағдарламалар;
- адам әрекетінің барлық саласында;
- ғылыми жаңалықтар;
- өнеркәсіптік үлгілер;
- сауда белгілері, қызмет көрсету белгілері, фирмалық атаулар;
- адал емес бәсекелестіктен қорғау, сонымен қатар, өндіріс, ғылым, әдебиет пен көркем өнер саласындағы зияткерлік әрекеттерге қатысты барлық басқа да құқықтар».
2. Қазақстанда зияткерлік құқықты қорғауға арналған үлкен заң базасы қалыптасқан.
Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 23 наурыздағы N 135 Заңы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., N 5-6, 35-құжат; "Егемен Қазақстан" 2006 жылғы 31 наурыз N 71-72 жарияланды.
Осы Заң Қазақстан Республикасында инновациялық қызметтi ынталандырудың құқықтық, экономикалық әрi ұйымдық негiздерiн белгiлейдi және оны мемлекеттiк қолдау араларын айқындайды
Лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы N 214 Заңы. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., N 2, 10-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 26 қаңтар N 20-21; "РЕСМИ ГАЗЕТ" 2007 ж., наурыз, N 9 жариланған. Заңда қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялауға байланысты қатынастар реттеледi.
Авторлық құқық және шектес құқықтар тұралы ҚР заңы. 10 маусым 1996 ж. № 6-1. заңда интеллектуалдық меншік саласындағы қатынастар реттеледі.
ҚР патент заңы. 16 маусым 1999 ж. № 427-1
Товар белгілері, қызмет көрсету белгілері және товардың келіп шығу жайлары туралы ҚР заңы 26 маусым 1999 №456-1
Қазақстан Республикасының Дүниежүзiлiк зияткерлiк меншiк ұйымының авторлық құқық жөнiндегi шартына қосылуы туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 16 сәуiрдегi N 547 Заңы. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 7, 47-құжат; "Егемен Қазақстан" 2004 жылғы 20 сәуiр N 98-99 жарияланған.
Онда, авторлардың әдеби және көркем туындыларына құқықтарын қорғауды неғұрлым тиiмдi және бiрыңғай жетiлдiру және қолдау ниетiмен,
Экономикалық, әлеуметтiк, мәдени және техникалық дамумен байланысты туындайтын мәселелердi барабар шешудi қамтамасыз ету мақсатында жаңа халықаралық ережелердi енгiзудiң және бiрқатар маңызды ережелердi барынша нақты түсiндiру қажеттiгiн мойындай отырып,
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың дамуы мен жақындасуының әдеби және көркем туындыларды жасауға және пайдалануға терең әсер етерiн мойындай отырып,
Авторлық-құқықтық қорғаудың әдеби және көркем шығармашылық үшiн ынталандырушы ретiндегi зор маңыздылығын атап көрсете отырып,
Берн конвенциясында аталғандай, авторлардың құқықтары мен жұртшылық мүдделерiнiң, атап айтқанда, бiлiм беру, ғылыми зерттеулер және ақпаратқа қол жеткiзу салаларында тепе-теңдiгiн сақтау қажеттiгiн мойындай отырып, Қазақстан Республикасы Женевада 1996 жылғы 20 желтоқсанда қабылданған. Дүниежүзiлiк зияткерлiк меншiк ұйымының авторлық құқық жөнiндегi шартына қосылды.
Алайда, зияткерлік меншікті бағалау әдіснамасы әлі анықталмаған, құндық көрсеткіштері жүйесі реттелмеген және зияткерлік меншік категориясын анықтаудың біріңғай критерийлері жоқ. Ғалымдар өз ойларының тиісінше бағаланып қана қоймай, сонымен қатар шет елдерге лайықты шарттармен сатылғанын қалайды. Себебі, қазіргі танда көптеген шетелдік компаниялар біздің ғылым қайраткерлерімізге жобаларды жасауға ұсынып, кейіннен оларды тегін қолдануға беруге немесе бір реттік сатып алуды ұсынады.
Халықаралық құқыққа сай зияткерлік меншік екі бөлімнен тұрады:
- өндірістік меншікке құқық;
- көркем өнер шығармалары құқығы.
3. Интелектуалдық меншік – адам ойының адам интелектінің ақпарат турінде жаратқан заты, ол материалды түрде болуы, және әлемде шектелген көлемдегі нұсқаларда таратылуы мүмкін.
Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық реттеу инновациялық процестің тиімді басқарылуын қамтамасыз етеді.
Патент және авторлық құқық саласындағы заңдылықтардың мазмұны инновациялық кәсіпорындарға бәсекелестік артықшылықтарын қамтамасыз етуге, инновациялық климатты жақсартуға, инновациялық нәтіжелерді кең пайдалануға жағдай жаратуға мүмкіндік береді.
Интеллектуалды меншік объектілері болып табылады:
адам қызметінің барлық салаларындағы ой енбегінің шығармалары
өндірістік нусқалар
товар белгілері, қызмет белгілері, комерциялық атаулар мен белгілеулері
әдебиет, көркем шығармалар және ғылыми жұмыстар
компьютерлік бағдарламалар
артисттердің қызметі, фоногрмалар, радиодидар
биотехнология т.б.
Do'stlaringiz bilan baham: |