5.
17 лекция
6. Технология трансферті. Лизинг түрлері.
7. Франчаизинг. Форфейтинг. Ноу-хау, патент, лицензия.
7. Инновациялық кәсіпкерліктің нәтижелерін тарату технологиялар трансферті деп аталады. Технологиялар трансфертi - құқық иесiнен инновациялық қызмет субъектiлерiне Қазақстан Республикасында және шет елдерде патенттелген инновацияларды пайдалану құқықтарын беру процесi.
Ғылыми-техникалық білімдердің саудасында әр түрлі формалар қолданылады, олардың негізгілері: лицензиялар саудасы, ғылыми-техникалық қызметтер саудасы, шетелдердең жаңа техникалардың нұсқаларын сатып алу, жаңа техниканы сату – сатып алу, өндірістік кооперациялар, франчайзинг, лизинг, т.б.
Технология импорты құрал-жабдықты, материалдарды, компоненттер мен ілеспе заттарды жеткізу, техникалық көмек есебінен жергілікті өндірістік ресурстардың физикалық көлемінің өсуінің көзі болып табылады, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, қолда бар ресурстардың пайдалану тиімділігін және өнімділігін арттыруға, жаңа сапалы өнімдерді шығаруға ықпал етеді. Технология импорты ел экономикасы мен ұлттық өнеркәсіптің секторларының құрылымдық қайта қалыптасуына әрекеттеседі.
Технологияны өткізуші ел үшін оның экспорты ұлттық экономиканың төлем балансына, сыртқы сауданың динамикасы, деңгейі, құрылымына, ұлттық технология дәрежесі мен оның ішкі нарықтарға әсер ету деңгейіне әсер етеді.
Елдің технологиялық дамуы оның технологиялық нарықтардағы алатын орнына әсер етеді. Елдің технологияны импорттаушы немесе экспорттаушы болып табылатындығы, оның технологиялық даму дәрежесіне байланысты. Технология нарығы инновациялық қызметпен тығыз байланыста болғандықтан, халықаралық технология нарығында әр елдің дәрежесі оның инновациялық потенциалына және оны пайдалану деңгейіне сәйкес келеді.
Технология тұрғысында жақсы дамыған елдердің өзі тек экспорттаушы ғана емес, технологияны импорттаушы болып табылады. Артықшылықты дәрежеде тек АҚШ ерекше орын алады, ол технологиямен ірі жабдықтаушы болып табылады (әлемдік лицензия экспорттаудан 50%-ы жоғары) және оны аз импорттайды. Ұлыбритания, Германия, Жапония технологияны алудан гөрі, сатудан көп пайда алады. Технологиясы аз дамыған елдер негізгі технологияны импорттаушы болып табылады.
Әлемде елдің жағдайын анықтайтын техникалық бағытталу, ең алдымен ҒЗТКЖ шығындарымен және елдің ғылыми-техникалық кешенінің оларды қолдану дәрежесімен сипатталады, ойлап табуға патентпен және басқа да ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелері санымен өлшенеді. АҚШ-тың ҒЗТКЖ-қа жұмсайтын шығыны Жапония, Германия, Ұлыбританияның жиынтық шығындарына тең. АҚШ жылына 70-80 мың ойлап табуды патенттейді, ал Германияның ұлттық патенті оның жартысынан аз. [16]
Шетелдік ұлттық ойлап табуды патенттеу технологияны экспорттаумен ғылым сыйымды өнімді экспорттау арасында тікелей байланыс бар. Технология экспорты шетелдік патенттер санына пропорционалды. Технологияны беру келісімін бекіту шетелдегі инновацияны паттентеу нәтижесі болып табылады.
Машина және жабдықтарды жалға алудың ерекше формасы лизинг деп аталады.
7. Кәсіпорынның товарын, қызмет және технологияларын сатуға негізделген шартнамалық қатынастардың ерекше формасы болып франчайзинг есептелінеді. Франчайзинг келесімі бойынша сатушы (франчайзер) сатып алушыға (франчайзиға) өзінің товар белгісін, фирмалық аталуын және зияткерлік меншіктің басқа объектілерін франчайзер концепциясына сай құқығын береді.
Инновациялар товар реттіндегі сипаттамасы ғылыми-техникалық жетістіктердің берілуінің құқықтық (лицензиялық) формасын қамтиды.
Казіргі замаңда лицензиялардың халықаралық саудасында барша мемлекеттер қатысады.
Лицензия - тиiстi лицензиардың жеке немесе заңды тұлғаға қызметтiң жекелеген түрiмен айналысуға беретiн рұқсаты;
ҚР лицензиялаудың негiзгi принциптерiне мыналар жатады:
1. Лицензиялар беру белгiлi бiр қызмет түрi үшiн белгiленген талаптарға сай барлық тұлғалар үшiн тең негiздерде және тең жағдайларда жүзеге асырылады.
2. Қызметтiң жекелеген түрлерi бойынша лицензиялық тәртiп енгiзу ұлттық қауiпсiздiк, құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету, қоршаған ортаны, азаматтардың меншiгiн, өмiрi мен денсаулығын қорғау мақсатында белгiленедi.
3. Лицензия иелiктен шығарылмайды және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.
4. Лицензияның күшi, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
5. Бiрыңғай технологиялық процеске кiретiн және (немесе) қызмет түрiн жүзеге асырудың қажеттi элементi болып табылатын қызмет түрлерi лицензиялануға тиiс емес.
Лицензиялар мынадай белгiлерi бойынша бөлiнедi:
1. Субъектiлер бойынша:
- Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына берiлетiн;
- шетелдiктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдiк заңды тұлғаларға және халықаралық ұйымдарға берiлетiн лицензиялар.
2. Қызмет көлемi бойынша:
- бас қызмет - қолданылу мерзiмiне шек қойылмай қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысуға берiлетiн;
- бiржолғы - рұқсат етiлген мерзiм, көлем, салмақ немесе мөлшер шегiнде белгiлi бiр шаруашылық операциясымен айналысуға (заттай не ақшалай түрде), сондай-ақ Қазақстан Республикасының ойын бизнесi туралы заңында белгiленген мерзiм шегiнде ойын бизнесi саласындағы қызмет түрлерiмен айналысуға берiлетiн;
- операциялық - банк қызметiнде жекелеген операциялармен, сақтандыру қызметiнде сыныптарға жiктеумен (сақтандыру сыныптарымен) айналысуға берiлетiн лицензиялар.
Лицензия саудасы интеллектуалдық қызмет нәтижелерін ұлттық және халықаралық нарықтарында комерциялық алмасу мен байланысты, сонымен бірге бұл саудада ғылыми-техникалық жетістіктер де ерекше товар ретінде көрініс алады.
Do'stlaringiz bilan baham: |