Лекция Жалпы инновация түсінігі. ҚР инновациялық қызметтер туралы заңы. Инновациялар мен инновациялық тиімділік түрлері



Download 428,67 Kb.
bet22/41
Sana23.02.2022
Hajmi428,67 Kb.
#181505
TuriЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41
14 лекция
3. Кәсіпорынның инновациялық саясаты.
4. Виоленттер, патиенттік, эксплерент, коммутант фирмалардың стратегиясы
3. Инновациялық саясат – бұл инновациялық стратегияның мақсаты мен басты бағыттарын және оның мемлекеттік органдарымен жүзеге асырылуының механизмін анықтайтын әлеуметтік-экономикалық саясаттын бір бөлігі. Мемлекеттің инновациялық саясаты қоғамның дамуының оптималды жолдарын іздеуден, өндірістің перспективтік салаларын айқындаудан, оларды қаржылық қолдаудан, инновациялық процесстерді экономикалық реттеуден, ғылым мен техника жетістіктерін өндіріс пен қызмет көрсету саласында жылдам енгізуді инновациялық, құқықтық және басқа да қамтамасыз етуден тұрады.
Мемлекеттік инновациялық саясатың мақсаты өндірістің және қоғамды басқарудың әртүрлі салаларына бәсекелестікке қабілеті, жоғары технологиялық өнімдердің (жұмыстардың, көрсетілетін қазметтердің) басымдығын қамтамасыз ететін теңдестірілген өндірістік инфрақұрылым болып табылады.
Мемлекеттік инновациялық саясат міндеттеріне мыналар кіреді:

  • инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың нысандары мен әдістерін айқындау және негізінен ғылым мен техника жетістіктеріне сүйеніп әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау;

  • инновациялық қызметті дамыту мен инновациялық қызмет субъектілерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру;

  • инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау және инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру;

экономиканың жаңа жоғары технологиялық секторын қалыптастыру, экспортқа бағдарланған өндірісті құру және дамыту.
Ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары болып келесілер есептелінеді:
- мемлекеттің қатысуымен маманданған венчурлік қорлар құру және венчурлік капиталды ғылыми-техникалық және инновациялық салаға тарту;
- инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау нысандары мен әдістерін әзірлеу;
- инновациялық қызметтің мемлекеттік, салааралық, салалық және өңірлік сипаттағы маманданған субъектілерін құру, инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру;
- инновациялық сала үшін кадрлар даярлау және қайта даярлау;
- өнеркәсіптің базалық салаларында жаңа технологиялық құрылым қалыптастыру;
- технологиялардың өркениетті рыногы үшін жағдайлар жасау, яғни авторлық құқықты, патенттер мен сауда белгілерін қорғау саласындағы барлық халықаралық конвенцияларды тану арқылы шетел технологиясының трансфертін ынталандыру;
- отандық кәсіпорындардың үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес сапа стандарттарына өтуін жандандыру;
- халықаралық донор ұйымдардың, мүдделі қаржы-кредит және шаруашылық құрылымдарының гранттарын тарту.
Кәсіпорыннның инновациялық саясатының негізгі ережелерін анықтайтын құжаттық форма – бағдарлама болады. Бағдарламада мерзімі, ресурстар мен орындаушылардың өзара байланысқан салыстырмалы түрдегі ұзақ, не орта перспективаға негізгі мақсаттар, жүзеге асыру мәселелері мен кезеңдері көрініс табады. Бағдарламада тауар өндірушінің инновациялық саясатының жалпы тенденцияларына сәйкес шаралар тізімі болады. Оларды жүзеге асырудың және иннновациялық менеджментің мақсаттарына жетудің едәуір тиімді варианты әрбір шаралар бойынша өндірістік, технологиялық зерттеу жобаларын құру мен орындау болып табылады. Мұнда менеджменттің ең тиімді құралдарының бірі ретінде жобаларды басқару алдынғы қатарда болады.
Жеке кәсіпорындар немесе фирма деңгейіндегі мұндай басқару өндірістік қызметтің көлемі мен масштабынан, нарықтық құрылымдардағы орнынан тәуелді. Инновациялық процесстерді басқару ыңғайлары кәсіпорын ірі, алдынғы қатарда ма, әлде орта немесе кіші ме, осыған байланысты ерекшеленеді. Соған байланысты өнім өндіріс ғылыми-техникалық потенциал саласындағы тәжірибесін де бағалау қажет: бұрын жеткен нәтижелері, кадрлық ғылыми – ақпараттық, технологиялық қаржылық қамсыздандыру деңгейі, басқарудың ұйымдастыру құрылымының жағдайы және тағы басқа. Осындай жолмен алынған ақпарат инновациялық менеджменттің едәуір маңызды аспектілерін және жасалып жатқан жобалардың ерекшеліктерін айқындайды. Құнды жоба жүзеге асыратын мақсаттар мен шарттар бойынша бірегей болуы тиіс.

4. Шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне жету бойынша фирма стратегиясын іске асыру дәрежесі инноватор фирманың тиімді ұйымдасқан формасынан көптеп тәуелді болады.


Орыс ғалымы А.Юданов мақсаттарына байланысты компанияның 4 типін ұсынады: виоленттер, комутанттар, патиенттер, эксплеренттер (сурет 4) (инноватордың әртүрлі формаларының нарық сегменті)

4

2
Б-Нарыққа АА-стандартты бизнес;
бейімделу ББ-маманданған бизнес;
1-Виоленттер сегменті;
локалды Глобалды 2-эксплеренттер сегменті;

3

1
нарық нарық 3-коммутанттар сегменті;
4-патиенттер сегменті.



Нарықтың өзгеруі
Сурет Инноватордың әртүрлі формаларының нарық сегменті
1) Виолентті стратегия (күшті) ірі, стандартты өндіріс саласында қызмет жасайтын фирмаларға тән. Күштің фундаменталды көзі болып төменгі бағамен жақсы сападағы өнімнің жаппай өндірісі. Осының есебінен фирма бәсеке қабілеттіліктің үлкен қорын қамтамасыз етеді. Мұндай фирманың ұраны: «Арзан, бірақ әжептеуір» (бірақ «қымбат жәнежаман емес»). Мысалы: «Тоета», «Шеврон» автомобильдері, «Сименс», «электролюкс» тоңазытқыштары, «Мальборо», «Кэмел» темекілері жәнетағы басқа. Оның қатарына біраз қазақстандық ірі өнеркәсіп кәсіпорындары да жатады. Мұндай компаниялар ірі капиталға, технологияны игерудің жоғары дәрежесіне ие.

2) Патиентті (ниша) стратегия - тұтынушының шектеулі шеңберіне маманданған фирмаларға тән. Өзінің қымбат және жоғары сапалы тауарларын қарапайым өнімді сатып алмайтын тұтынушыларға бағыттайды. Олардың ұраны: «қымбат, оның есесіне жақсы»


Олар алдыңғы қатардағы корпорациялармен тікелей бәсекелестіктен қашқақтайды. Бұл фирмаларды экономиканың «қу түлкілері» деп атайды. Олар мода, жарнама және тағы басқа ықпалынан қалыптасқан қажеттіліктерді қанағаттандырады. Бұл өнім өндірісінің өсімі кезеңінде және бір уақытта ойлап табу белсенділіктің төмендеуі кезінде қызмет жасайды. Бұл фирмалардың кірісі мол, алайда дұрыс шешім қабылдамаған жағдайда дағдарысқа ұшырауы мүмкіндігі (ықтималдығы) бар. Мұндай фирмаларда қызметіне қауіпті болдыртпайтын инновациялық менеджерлер қызметі әрдайым болады.
Инновациялық менеджердің басты мақсаты - фирма қызметінің тәуекелін төмендету және қызметкерлер жұмысына комфортты жағдай қалыптастыру.
3) Коммутантты (байланыстыратын) стратегия - жергілікті (локалді) масштабта әдеттегі бизнеспен айналысады. Жергілікті мамандалмаған кәсіпорындардың күші ретінде нақты клиенттің мұқтаждықтарын қанағаттандыруға жақсы бейімделу. Бұл фирмалар тұтыну құндылықтарын жоғары сапа есебінен жоғарылатпайды (патиенттер сияқты), ал қызметтердің даралану есебінен жоғарылатады.
Коммутанттардың ұраны: «сіздің проблемаңызды шешкеніме, сіз маған қосымша төлейсіз»? - болып келеді.
Виоленттер мен патиенттер жеке қажеттіліктерді әрдайым қанағаттандыра бермейді. Сонда олар бизнестегі әрбір мүмкіндіктерді пайдалануға әзір. Олардың экономикадағы аты «сұр тышқандар». Коммутанттардың жоғары икемділігі өздерінің позицияларын бәсекелес күресте сақтауға мүмкіндік береді. Мұндай стратегия көптеген жеке қазақстандық фирмаларға тән.
4) Эксплерентті (пионер) стратегиясы нарықтың жаңа сегменттерін немесе радикалды өзгеріске ұшыраған нарықтың ескі сегменттерін құрумен байланысты. Олар жаңалықтардың нарықта өтуімен айналысады. Мұндай фирмалардың ішінде дербес компьютер шығарған “APPLE”,”Zenit”,”Osborn”, т.б, биотехнологияда «Джинтек» т.б.
Эксплеренттердің күші жаңашылдарды енгізумен шартталған. Олар пайданы нарықта алғашқы болудан табады. Олар 100 жағдайдың 85-нде сәтсіздікке ұшырайды, бірақ 15 жағдайдан үлкен техникалық, қаржылық және моральді сәттілікке жетеді. Олар ҒТП-ті қозғаушылар. Эксплеренттердің ұраны: «егер қолдан келсе, жақсы әрі арзан».
Эксплерент стратегиясын ұстанған фирмаларға қиынырақ болады. Өйткені олар өмір сүру үшін бір уақытта тауар сапасын жоғарылатады және олардың өзіндік құнын төмендетеді. Коммутант және патиент фирмалары өндіріс шығындарын бір деңгейде сақтай отырып, инновацияны ендіру жолымен өндірілетін өнімнің сапасын жоғарылатады. Виоленттер инновацияны ендіру стратегиясын технологияны, өндірісті ұйымдастыруды, еңбекті және басқаруды жетілдіру арқылы іске асырады.
Ламбеннің зерттеулері бойынша, нарықтағы жаңа тауарлардың сәттілігінің басты факторы – олардың сапасының жоғары болуы деді. Мысалы: 1993 жылы американдық компанияның 58% пайдасын жаңа тауарлар әкелді.
Қазіргі таңда ірі американдық, жапондық, еуропалық компаниялар радикалды инновациялар бойынша тауарлар өндірісін монополизациялау мақсатымен өндірісті концентрациялау және диверсификациялау жолымен келе жатыр.



Download 428,67 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish