6 тақырып. Инновациялық өнімді енгізу және өндірудің процессін басқару әдістері
11 лекция
1. Функционалды-құндық әдіс, оның мақсаты.
2. Бенчмаркинг әдісі.
3. Бенчмаркинг түрлері және оны пайдалану процессінің кезеңдері.
1. Өмірлік цикл кезеңдеріндегі әрбір объктіні жетілдіру әдістерінің бірі – функционалды –құнды талдау (ФҚТ).
ФҚТ – бұл пайдылы функцияларды дамыту мақсатымен объектіні кешенді техникалық-экономикалық зерттеу әдісі.
ФҚТ әдісті нарықтық экономикасы дамыған АҚШ, Англия, Франция және басқа да елдерде өнеркәсіп компаниялары қолданады.
ФҚТ әдісін АҚШ-та 1947ж алғаш рет «Дженерал Электрик» компаниясы қолданды. Инженер Лоуренс Д.Майлс мыналай пікірге келді, өндіріс шығындарын қысқартуды өнімнің тұтыну қасиеттерін талдаудан және оның бөліктерін құрайтын техникалық функциялардан бастау керек.
Тауардың қажетті қасиеттерін алу үшін белгілі бір шығындар қажет, сондықтан өнімге кеткен шығындар мен жеке қасиеттерінің пайдалылығы арасындағы пропорциялар өте маңызды.
ФҚТ-ды жүргізу барысына өнімді жасауда, өндіруде, маркетинг те және өткізуге қатысатын түрлі бөлімдердің мамандарын тарту керек.
Конструкторлық бюроның өкілдері сұранысты есепке ала отырып перспективті өңдеулерді ұсына алады. Бұл өңдеулер болашақта өндірілетін өнімнің эстетикалық және эргономикалық талаптарды ескеретін дизайнерлердің қолынан өтеді. Өнімнің өзіндік құнын есептейтін экономистер мен бухгалтерлер қажет. Маркетинг және өткізу жөніндегі мамандар тұтынушылық сұраныс, модадағы ауытқулар, бәсекелес фирмалардың күштері туралы ақпаратқа ие болады.
ФҚТ-ды жүргізуде негізгі жұмысты ұйым басшысының бұйрығы бойынша білікті мамандардан құралған зерттеу топтары жасайды. Бірақ, топтың саны шектеулі болуы тиіс, өйткені саны көп топта басқару қиындықтар туғызады. Батыс елдерде зерттеу тобының қатысушылары 5-8 адамнан тұрады. Өйткені, жеке объекті бойынша ФҚТ ауқымды сараптамалық зерттеулер қатарына жатпайды.
ФҚТ-ды жүргізуге сырттан да кеңес берушілер табылады. Олар: ғылыми қызметкерлер, ЖОО оқытушылары.
ФҚТ-ның мақсаты – орындалатын жұмыстың сапасын сақтау немесе бір уақытта жоғарылату барысында өндіріс шығындарын төмендету, жұмыстарды жүргізу немесе қызметтер көрсету.
ФҚТ-ның мақсаты математикалық түрдегі жазбасы келесідей:
ТҚ ----- max, мұнда ТҚ- талданып отырған объектінің тұтыну құны;
Ш З –қажетті тұтыну қасиеттеріне жетуге кеткен шығындар.
ФҚТ бірнеше кезеңдерден құралады: дайындық, ақпараттық, сараптамалық, зерттеу, ұсыну, ендіру.
Жаңа техниканы шығаруға өндірісті дайындау кешенді сипатқа ие. Бұл процесті схема түрінде келтіруге болады (сурет).
ӘлД
ӨӨИг
ҰЭ
СӨ
Ө
ҒЗЖ,ТКЖ
ӨКД
ӨТД
Қ
Б
Ө
Б
Сурет. Жаңа техника өндірісін дайындау.
Өндіру дайындығын басқару функционалды менеджерлердің міндеттерінің бірі. Өндіріс дайындығы ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Сыртқы дайындықты жобалық және ғылыми зерттеу институттары, конструкторлық бюро және тағы басқаұйымдар жүзеге асырады.
Ішкі дайындық тікелей кәсіпорында жүргізіледі.
Жаңа конструкторларды құру жаңа техникаға сұранысты талдау нәтижелеріне негізделеді.
Өнімнің конструкциясын жасау келесідей кезеңдерден тұрады:
қажетті есептерді жасау;
эксперементалды жұмыстар;
жобалау, конструкциялау;
сынақ үлгілерін дайындау;
сынақ үлгісі туралы қабылдау комиссиясының берген нәтижелері бойынша конструкторлық құжатнаманы реттеу
Сосын, өндіріс технологиясы жасалады, онда келесілер болады:
технологиялық процесстерге құжатнама құру;
арнайы технологиялық құрал –жабдықтарды жобалау және дайындау.
Келесі кезеңде өндіріске жаңа техниканы жеткізу жасалады:
жеткізу;
монтаж;
өндірісті техникалық қамсыздандыру құралдарын реттеу;
сериялық және массалық өнім өндірісінңі қабылдау сынақтарын жүргізу.
Дайындықтың әрбір кезеңінде келесідей жұмыстар орындалады: ғылыми зерттеу, есептік, жобалық, экономикалық.
Бұл жұмыстар нақты кезеңдерде орындалады, кейбір кезде бірнеше кезеңдерде қайталануы мүмкін. Мысалы, экономикалық есептер барлық кезеңдерде қажет, бірақ олар әртүрлі дәрежеде орындалады.
Өндіру дайындығын жүргізетін органдардың құрылымын жаңа, күрделілік, өндіріс типі өнімді жаңалау жиілігі сияқты факторлар анықтайды.
Ірі машина құрастыру кәсіпорында жаңа өнімнің массалық және ірі сериялық өндірісінің дайындығы инженердің басшылығымен орталықтандырылған жүйеде жүргізіледі. Бас инженерге бас конструктор, бас технолог, зертхана басшысы, жоспарлау бөлімінің бастығы, экономистер, социологтар, програмистер бағынады. Құрылған конструкциялардың өңдеуі эксперементалды цехтарда немесе сынақ өндірісінде жасалады. Ал технологиялық дайындық цехтарда жүзеге асырылады.
Аз сериялы өндіріс кәсіпорындарда өндіріс дайындығының орталықтандырылмаған немесе аралас жүйесі қолданылады. Бір бөлімдер өнім конструкциясымен айналысса, басқа бөлімдер технологиялық дайындығымен айналысады.
Менеджерлер өндіріс дайындық графигінің орындалуын бақылайды.
2. Бенчмаркинг (англ. Benchmarking) – бұл өнім, қызмет көрсету мен іс әрекет әдістер деңгейін бағалаудың үздіксіз процессін қарастыратын, компания қызметін жоспарлау тәсілі. Оның мәні, басқа ұйымның барлық жақсы жақтарын бағалап, үйреніп, сол білімдерді өз фирмаларында қолдану.
Бенчмаркинг комегімен фирма «ең жақсы» өнімді және маркетингтік үрдісті үйреніп, өзінің әдістерін жетілдірудің мүмкін болған әдістерін айқындап алады.
Бенчмаркинг АҚШ пайда болған. Бірақ оның мазмұны жапондардың «dantotsu» деген яғни күш салу, тынышсыздық, жақсының (лидердің) оданда жақсы (лидер) болу ниеті.
Қытай қолбасшысы Сунь Цзы мынандай деген: «Егер сен өзіннің жауынды және өзінді білсең, сен жүз соғыстың нәтижесіненде қорықпайсын».
Бенчмаркинг алғаш рет 1972 ж. пайда болған. PIMS зерттеушілік және консалтингтік үйымы мынаны анықтады: Бәсекелестік салада тиімді шешім қабылдау үшін, осыған ұқсаған жағдайда жетістіктерге ие болған кәсіпорындардың жетік іс тәжірибелерін білу қажет.
1979 ж. американдық «Ксерокс» компаниясы, жапондықтар мен салыстырғанда, өздерінің товарларының сапасы мен қаражаттарын талдау үшін «бәсекелестік бенчмаркинг» жобасына кірісті. Жоба үлкен нәтижеге ие болды. Бенчмаркингтің мақсаты – зерттеу негізінде кәсіпкерліктің жетістілігін мүмкінше сенімді орнату.
Бенчмаркинг бәсекелестік талдау шеңберінде амалға асырылып, көпшілік кәсіпорындар үшін жаңалық болып есептелінбейді, сондай-ақ ол бәсекелестік талдау әдісі немесе тәсіліне қарағанда, тәптіштелген және реттелінген функция болып табылады.
Бенчмаркинг әдісі – сапа, қаражаттар және жеткізіп беру мен байланысты мәселелерді шешуде, бәсекелестік артықшылықтарды анықтауда қолданылады.
Бенчмаркинг – сапаны басқарудың құралдарының бірі.
Бенчмаркинг әдісінің мақсаты - өзінің компаниясының коммерциялық жетістіктеріне жетуде бизнес серіктестіктерінің тиімділігі мен сапа жөніндегі мәселелерін үйреніп олардың жетік тәсіл және іс тәжірибелік әдістерін қолдану.
Бенчмаркинг әдісінің мәні – бұл әдіс ең жақсы компаниялардың жұмысын өзінің қызметі мен жүйелі, объективті түрде салыстыру, партнерлардың бизнесі тиімділігінің сәбебін анықтау, өзінің көрсеткіштерін жақсарту мен оларды амалға асыру үшін қажетті іс әрекеттерді ұйымдастыру.
Бенчмаркинг іс жүзіне мынандай асырылады:
1. Жұмыс көрсеткіштері салыстырылатын эталонды компанияны анықтау.
2. Эталондық компанияның тиімділіктің жоғары деңгейіне жетудің әдістерін анықтау.
3. Компания қызметінің негізгі аспектілері үшін тиімділік стандарттарын орнату (эталондық компанияның тиімділік деңгейінен жоғары болған)
4. Компания жұмысы көрсеткіштерін оптималды деңгейге жеткізу үшін не істеу керек екендігін анықтау.
5. Бизнестің стандарттарға сайкестіру мақсатында пайда болған идеяларды амалға асыру жоспарын жасау.
6. Белгіленген жоспарларды амалға асыру.
Бенчмаркинг – үздіксіз процесс. Себебі тұтынушылардың талаптары өзгереді, бәсекелес компанияларында жұмыс стандарттарыда өзгереді. Оларға салыстырмалы түрде жүргізілген бенчмаркинг эталондарыда сәйкес өзгереді. Сонымен, тек үздіксіз бенчмаркинг компанияға барлық новацияларды білуге және оларды тиімді пайдалануға комектеседі.
Бәсекелестік салыстыру индикаторларына – баға, сапа, клиентерге қамқорлық жасау, сервис, тұтынушылар мен байланыс, жеткізіп беру, өнімнің әртүрлілігін, жаңа өнім мен қызметтер жатады.
3. Бенчмаркинг түрлері салыстыру объекті мен нені салыстыруға байланысты мынандай бөлінеді:
- ішкі бенчмаркинг;
- бәсекелестік бенчмаркинг;
- функционалды бенчмаркинг;
- жалпы бенчмаркинг;
- көрсеткіштер бенчмаркингі;
- процесс бенчмаркингі;
- стратегиялық бенчмаркинг.
Бенчмаркинг түрінің комбинациялары келесідей:
|
Ішкі бенчмаркинг
|
Бәсекелестік бенчмаркинг
|
Фунционалды бенчмаркинг
|
Жалпы бенчмаркинг
|
Көрсеткіштер бенчмаркингі
|
|
|
|
|
Процесс бенчмаркингі
|
|
|
|
|
Стратегиялық бенчмаркинг
|
|
|
|
|
Орынды/ құндылық
- жоғары - орта - төмен
Do'stlaringiz bilan baham: |