Гeoгрaфия



Download 9,86 Mb.
Pdf ko'rish
bet135/148
Sana28.03.2022
Hajmi9,86 Mb.
#514722
TuriОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   148
Bog'liq
ijtimoiy iqtisodiy geografiya 8 qozoq

өнеркәсiп торабына 
айналды. Шөлдi игеруде Қаршы сүйеніш мекені болды. Темiржол және 
автомобиль жолдары Қаршыда тоғысады. Бұл жайт Нишан, Талимаржан, 
Касан секiлдi қала мен қалашықтардың өндiрiстiк байланыстарын 
дамытады. Қалада Қаршы мемлекеттiк университетi, Қаршы инженерлік-
экономикалық институты, Ташкент ақпарат технологиялар университетiнiң 
Қаршы филиалы және басқа ағарту мекемелері бар.
Шахрисабз.
Қала ежелден қолөнершiлiктiң iрi орталығы болған. 
Шахрисабздің кiлем тақиясы Париж көрмесiнде жоғары бағаланған. 
Мақта тазалау зауыты қаладағы iрi кәсiпорындардың бiрi саналады. 
122-сурет. 
Өнеркәсіп өнімдерін өндірудің тармақ құрамы (2017 жыл).
ЭЛЕКТР 
ЭНЕРГИЯ 
млрд кВ сағат 
– 13,0
ТАБИҒИ ГАЗ 
млрд 
– 36,2
ЖІП ОРАМЫ 
мың тонна 
– 18,0
ҚҰРЫЛЫС 
КІРПІШТЕРІ 
мың дана 
– 116,4
ӨСІМДІК МАЙЫ 
мың тонна
– 29,5
СҰЙЫЛТЫРЫЛҒАН 
ПРОПАН ЖӘНЕ 
БУТАН
мың тонна –
607,1
ҰН 
мың тонна
– 471,9
http://eduportal.uz


157
?
1.
Қолөнершiлiктiң қандай көне тармақтарын бiлесiң? Олардың облыс өнер-
кәсiбi өндірісіндегi маңызын түсiндiр.
2.
Облыста өнеркәсiптiң қайсы тармағы жетекшi, оның себебi неде?
3.
Оқу атласынан облыстағы ірі өнеркәсіп орталықтарын тап және олар дың 
мамандануын анықта.
4.
Контурлы картадағы Қашқадария облысына тиісті тапсырмаларды орында.
55-сабақ
55-сабақ
СҰРХАНДАРИЯ ОБЛЫСЫ
Шахрисабз – ұлы сайыпқыран Әмiр Темiр туылған қала. Қалада көне 
сәулеткерлiк мұралар, Ақсарай ескерткiшi көзге айқын түседi.
Экономикалық географиялық орны мен табиғи байлықтары. 
Сұрхандария Өзбекстанның ең оңтүстігінде орналасқан. Облыстың 
Сұрхан-Шерабад алқабынан басқа бөлiгi, негізінен таулардан құралған. 
Таулар солтүстiктен есетiн суық ауа ағымын тосып тұрады. Сондықтан 
облыс Өзбекстанның субтропиктiк өлкесi болып есептеледi. Аймақтың 
тағы бір өзіне тән ерекшелігі, оңтүстіктен ыстық және құрғақ «ауған 
желi» есiп, егiндерге зиян келтiруі болып табылады. Егіншілікті 
жүргізгенде, әлбетте, бұл алғышарт ескеріледі.
Жазықтық пен таулар жайлау ретiнде 
пайдаланылады. Таулардағы жемiс ағаштары 
азық-түлiк өнеркәсiбiне қымбат шикiзатты 
жеткізіп бередi.
Сұрхандария облысында пайдалы қазбалар 
Қашқадария облысындағыдай көп. Жер 
қойнауындағы мұнай, газ, көмiр, түсті металл 
және құрылыс материалдарының бар екендігі 
өнеркәсіптің бiрталай салаларын дамытуға 
мүмкiндiк бередi. Аймақта өнеркәсіпті дамыту, 
табиғи байлықтарды тиімді және нәтижелі 
қолдану бойынша бірнеше жобалар іске 
асырылып жатыр. Атап айтқанда, Сариосиё 
ауданындағы Ханжиза кенінде полиметалдық 
рудаларды, яғни мырыш, қорғасын мыс пен 
күмістің үлкен қорын қайта өңдеу бойынша 
ірі жоба жүзеге асырылды.
Бұрынғы Кеңес Одағы дәуірінде Сұрхан-
123-сурет.
Өзбекстан 
Респубилкасында 
Сұрхандария облысының 
салмағы (пайыз, 2017 жыл).
http://eduportal.uz


158
дария облысы аймағынан қазып алынатын мұнайдың құрамында битум 
қорытпасының көптігінен ол негізінен жол құрылысында пайдаланылатын 
еді. Бұл шикізаттан қосымша өнім алу үшін Жарқорған мұнайды қайта 
өңдеу зауыты құрылды. Зауытта жылына 80 мың тонна мұнай қайта 
өңделіп, бензин мен дизель жанармайы алынады. 
Халқы. 
Облыс халқының табиғи көбеюi жоғары. Халықтың тығыздығы 
әр шаршы км-ге 112 адамға тура келедi, яғни Өзбекстанның орташа халық 
тығыздығынан екі есе артық (123-сурет). 

Download 9,86 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   148




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish