Гeoгрaфия



Download 9,86 Mb.
Pdf ko'rish
bet143/148
Sana28.03.2022
Hajmi9,86 Mb.
#514722
TuriОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   148
Bog'liq
ijtimoiy iqtisodiy geografiya 8 qozoq

Өнеркәсiбi
. Қарақалпақстан өнеркәсiбiнiң 
дамуында Чарджау-Қоңырат темiржолының iске 
қосылуы маңызды рөл атқарады. Өнеркәсiптiң 
энергетика, металл жасау, химия, құрылыс секiлдi 
тармақтары пайда бола бастады (134-сурет). 
Қоңыратта жылына 160 мың тонна кальцийлi 
сода, 150 мың тонна күйдiргiш сода, 20 мың 
тонна азық-түлік содасы мен 400 мың тонна ас 
тұзын өндіретін үлкен зауыт іске қосылды.
Азық-түлiк өнеркәсiбi жедел дамып отыр. 
Қарақалпақстанда жалпы пайдаланылатын 
және кейбiр кәсiпорындарға тиiстi электр 
станциялары бар. Тақиятас ЖЭС-i осылардың 
ең iрiсi. Кәсiпорын мен елді Мекендері газбен 
қамтамасыз етілген. Тақтакөпiр ауданында суды 
тұщыландыру қондырғысы іске қосылды. 
Құрылыс материалдары өнеркәсiбi кiрпiш, 
133-сурет. 
Өзбекстан
Республикасында 
Қарақалпақстанның
салмағы (пайыз, 2017 жыл).
http://eduportal.uz


168
әк, қамыс, плита шығарады. Олар, негізінен Хожейлi, Нөкiс, Тақиятас 
қалалары болып табылады. Қарақалпақстандағы цемент шикiзаты құрылыс 
материалдарын шығаруды тұрақты дамытуға мүмкiндiк туғызады. 
Металл жасау ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп және көлік қажеттiлiктерiне 
қызмет етедi. Тақиятастағы механика зауытында жүзiп жүретiн насостар 
жөнделедi. Бұхара газы және одан шыққан мұнай, калийлi, магнийлi тұз 
кендерi, әк және фосфорит кендерi негiзiнде химия өнеркәсiбi дамып отыр. 
Өнеркәсiптің негізгі тармақтары:
электр энергетика, химия және 
газ-химия, құрылыс материалдары, жеңіл, азық-түлік, ұн-жарма.
Қалалары
. Республикада 12 қала бар. 
Нөкiс
- Қарақалпақстан 
Республикасының астанасы, өнеркәсiп пен мәдениет орталығы болып 
саналады. («Елді мекендері» тақырыбынан қалада қанша халық жасауын 
анықтаңдар).
134-сурет. 
Қарақалпақстан Республикасы.
Қала 1932 жылы шағын қыстақ орнында құрылды. Географиялық орнының 
қолайлығынан 1939 жылы республиканың астанасы Төрткөлден Нөкiске 
http://eduportal.uz


169
?
көшiрiлдi. Әмударияда құрылған гидротехникалық бөген арқылы Нөкiске 
темiржол және автомобиль жолы салынды. Қалада полиграфия комбинаты, 
мотор жөндеу, кiрпiш зауыттары, жеңiл өнеркәсібі және азық-түлiк өнеркәсiп 
кәсіпорындары бар. Нөкiсте 6 жоғары оқу орны, Қарақалпақ мемлекеттік 
университеті, Нөкіс мемлекеттік педагогика институты, сондай-ақ Ташкент 
ақпарат технологиялары университеті, Ташкент мемлекеттік аграрлық 
университетi, Ташкент педиатрия медицина институты және Өзбекстан 
мемлекеттік өнер және мәдениет институтының Нөкіс филиалдары қызмет 
етіп жатыр.
Тақиятас
осы аттағы ЖЭС құрылысына байланысты 1952 жылы бой 
көтерді. Ол - энергетиктер, гидротехниктер, инженерлер және сушылар 
қаласы. Тақиятас маңында Әмударияға құрылған iрi гидротехникалық бөген 
қала шаруашылығын одан әрі дамытты. Болашақта Тақиятас, негізінен 
құрылыс материалдарын шығаратын орталық ретiнде тағы да дамиды, онда 
жаңа кәсiпорындар құрылады. 
Мойнақ 
– Арал теңiзi жағалауындағы бұрынғы портты қала. Арал су 
деңгейінің төмендеп кетуi салдарынан қала теңiзден қашықтап кеттi. Нәтижеде 
қала шаруашылығы мүлдем өзгердi.
Беруни 
– Әмударияның оң жағалауында орналасқан маңызды өнеркәсiп 
орталығы. Қала автомобиль жолы арқылы Нөкiспен байланысқан. Мақта 
тазалау және май зауыттары қаланың негiзгi кәсiпорындары болып сана лады.

Download 9,86 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   148




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish