Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қызылорда қаласының білім беру бөлімі "Ұлағат" білім ордасы мектебі


Ұшу кезіндегі үдеу және оның ағзаға тікелей әсері



Download 3,34 Mb.
bet12/18
Sana21.06.2022
Hajmi3,34 Mb.
#689259
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Bog'liq
Ғылыми жоба 2022 Арапбай Ақнұржан Қызылорда Ұлағат

Ұшу кезіндегі үдеу және оның ағзаға тікелей әсері

Ұшу кезіндегі үдеу және оның ағзаға тікелей әсері қозғалыс жылдамдығы адамдарға зиян деп ұзақ уақыт бойы есептеліп келеді, ал 500 км/с жылдамдық тіпті де адам төзгісіз деп қарастырылды. Ғылыми көрсеткіштер жиынтығы бұл күмәнді сейілтті. Әр адам жер бетінде үлкен жылдамдықпен қозғалатынын өзі байқамайды. Москва елдерінің тұрғындары Жер осьімен 940 км/с жылдамдықпен айналады. Бұл оларға еш әсер етпейді. Жер қозғалысының жылдамдығы, сондай-ақ оның тұрғындарының да жылдамдығы шамамен 108000 км/сағ құрайды, бірақ бұл адамдармен жануарлар ағзасына зиянсыз. Сондай-ақ 70000 км/с қозғалатын адам өзінің әлем кеңістігіндегі күн жүйесімен бірге қозғалатынын да байқамайды. Сонымен, адамға жылдамдық емес, оның өзгерісі әсер етеді.
Жылдамдықтың ұлғаюы және уақытқа қарай өзгеруі үдеу деп аталады. Үдеу кезінде барлық денелер сондай-ақ адам денесі де механикалық күш әсерін сезінеді. Күш пен үдеу арасында тікелей тәуелділік бар: денеге ықпал етуші күш дененің үдеуге шығарған салмағына тең. Сондықтан, үдеудің ағзаға әсері туралы былай деп айта аламыз. Бұл қозғалыс бағытымен жылдамдығы өзгеретін механикалық күштің ықпалы. Үдеу ықпалынан туындайтын адам мен жануарларда болатын функционалдық өзгерістерді зерттей келе, әдетте адамның тірек күші есептеледі. Бұл күш үдеуге қарсы бағытталып, адамның тірек күшіне теңеледі. Сондықтан, кеменің бастау алу кезін қарастыра отырып, ғарышкердің креслоға тірелгенде кабина еденіне тірелгенде жұмсаған күшінің шамасын анықтау керек. Бұл түрлі деформациялар тудыра отырып, адам ағзасына қосымша салмақ түсіреді.

11-сурет
Дене тірекке сүйенгенде жұмсайтын күштің осы дене салмағына қатысты асқын салмақ дейміз. Асқын салмақтың бағытына қарай денеге вертикаль және горизонталь түсетін асқын салмақ деп ажыратылады. Денеге вертикаль түсірілетін асқын салмақты оң және теріс деп ажыратады. Бастан аяққа қарай бағыт-оң, ал аяқтан басқа-теріс деп ажыратылады. Ғарыш кемесінің бастауынан оның орбитаға шығуына дейін адамға әсер ететін күш бірнеше минутқа созылады(11-сурет).
Жердің тартылыс күшіне төтеп беріп планетааралық Күн жүйесі кеңістігіне шығып кеткенше ғарыш кемесі жылдамдығын 11,2 км/с-ке дейін арттыруы керек. Егер кеме Жерден 20 м/с жылдамдықпен қозғалса, онда аталған жылдамдыққа тек 9,5 минуттан соң жетеді. Мұндай жағдайда Жердің 3,136 км қашықтыққа кету үшін бортта үлкен отын қоры болуы керек және де рекетаның өлшеміне кесірін тигізіп, оның пайдалы жүгін азайтады, яғни ғылыми аппаратураның салмағын және экипаж қондырғысын. Әрине мұндайды ракетаның оталу уақытын қысқартып, жылдамдығын арттыру арқылы реттеуге болады. Сонымен, мұндай пайдалы үнемді алу үшін оталу уақытын 9,5-4,5 минутқа дейін қысқарту керек. Отын қорын үнемдеу мақсатында кеменің оталдыру кезінде кеменің үдеуін арттырған жөн. Бірақ кеменің үдеуін әрдайым арттыруға болмайды, себебі адам ағзасы артық жүкке белгілі бір мөлшерде ғана төзімді. Тірі тіршілік иелері артық жүкке әрқалай төзімді келеді. Мысалы, пруссак-таракандар өзінің салмағының 300 есе үлкеюіне оңай төзген, ал балапандар 10 есе және одан да көп. Иттерге жүргізген зерттеулерде олар 5 минуттық 80 еселенген көлденең жүкке төзе алған. Адамдардың төзімділігінің физилогоиялық шегі төмен.
Абсолюттік шамасы мен ұзақтығына қарай асқын салмақтың әсері арта түседі. Егер ракета оталуы кезінде адамның басы мен кеудесі қозғалыс бағытына қарай бұрылса, ол горизонталь (бастан - аяққа) асқын салмақ әсерін сезінеді. Адамның созылмалы (бастан - аяққа ) асқын салмаққа төзімділігі шектеулі. Адам мұндай асқын салмақтың әсеріне төзімді келеді, дегенмен асқын салмақ шектен тыс созылмалылығы адамға жағымсыз әсерін тигізу қаупі бар. Мәселен 4,5 есе асқын салмақ 20-25 с созылса, едәуір жағымсыз әсерімен бірге ағзаның кейбір фунционалды өзгеруіне әкеледі. Осындай да адамды орындыққа қатты қапсырып, оның бетінің қисаюына, төменгі жақ сүйегі салбырауына, басты әзер ұстауына, қимыл дәлдігі бұзылуына, ауырлық байқалып жүрек қан тамыр, тыныс алу қызметтері бұзылуына келіп тіреледі. Асқын салмақтың бастан аяққа бағытталған әсері қанның жүректен миға жетуін қиындатады, ал керісінше мидан жүрекке қарай жеңілдейді. Ал бұл көз қарауытуына, көз алдында сұр қабатша пайда болғандай әсер етеді, тіпті естен тануға дейін жеткізеді.
Артық күштің ұзақ әсері жартылай немесе толықтай естен тануға жеткізеді. Тағы да асқын салмақ әсері ағзаның ішкі мүшелерінің деформациясына, қалыпты қызметінің бұзылуына, олардың қисаюына әкеледі. Деформацияланған тіндерден және мүшелерден ми қабығына ерекше жүйке импульсі түсе бастайды. Нәтижесінде жоғарғы жүйке қызметі өзгерісі, уақытша психикалық процестердің қабілеті бәсеңдейді. Үш еселенген асқын салмақ аяқтан басқа бағытталған әсерінде бет іседі, шеке тамыры соғады, тыныс алу қиындайды, кейде көзден жас ағады. Сау адам үш еселенген асқын салмақты еш зиянсыз тек 5-6 секунд қана көтереді.4-5 еселенген асқын салмақ кезінде адамның жағдайы күрт нашарлайды: шеке ауруы, қанның басқа ағылуы әсерінен беттің қызару, көру қабілетінің бұзылуы көз алдында қызарған қабатша пайда болуы жаңылысу, естен тану болады. Міне, асқын салмақ әсері адамға осылай әсер еткендіктен ұшу кезінде мұндай жағдайдан аулақ болу керек. Көлденең ауыр жүк адамға айтарлықтай салмақ салмайды. Бұл денеге перпендикуляр келуімен түсіндіріледі. Дененің бұл қалпы қанның жүректен басқа жетуін жеңілдетеді.

Екінші жасанды Жер серігін дайындап, ұшырғанда осы жағдай ескеріледі.Бортта болған жануар яғни, ит Лайканың орналасуы көледенең ауыр жүк әсері бағытымен бірдей болады. Жерде жасалған зерттеулерден мынадай қорытынды жасалды:



  • 12 еселік көлденең асқын салмақ адамға 2 минут бойы әсері ешбір зиянсыз;

  • 15 еселік асқын салмақ тек сәл демалуды қиындатады, бірақ жағымсыз әсерге ие болмайды;

  • 10 еселік көлденең асқын салмақ әсеріне адам еш зиянсыз 3 минут төзеді;

Қортынды: ғарыш кемесінде артық жүк әсеріне адам перпендикуляр бағытталуы тиіс немесе шағын бұрышпен орналасуы тиіс, немесе жартылай жату қалпында болуы керек.
Үдеу әсері біткен соң, кеме орбитаға шыққан кезде адам салмақсыздық күйде болады. Салмақсыздық күйінің физиологиялық әсерін зерттеу ғылыми-практикалық және теоретикалық қызығушылықты көрсетеді. Айта кететін нәрсе, бұл сұрақ аз зерттелді, Жер бетінің жағдайында салмақсыздықты жасау мүмкін болмай тұр.[3]
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish