2-тарау. Ғарыштық ұшу кезінде пайда болатын зиянды факторлардың алдын алу жолдары
2.1. Ғарыштық ұшу кезінде пайда болатын зиянды
факторлардан қорғану жолдары
Ғарыштық сәулелерден қорғану үшін:
Скафандрды ультракүлгін сәуле әсеріне аса төзімді матадан жасау;
қызмет ету уақытын шектеу керек;
кабиналарды өте мықты материалдардан жасау;
ғарышкерлердің ракетаның саңылаусыз кабинасынан тыс болатын уақытын шектеу керек;
Осы факторлардың ғарышкерлерге әсерінің алдын алу үшін радиациялық жағдайдың болжамын жасау керек;
кемеде ұшу сапарының ұзақтығы, орбитаның жағдайы, ғарыш аппараттарының конструкциялық сипаты экипаждың қорғану құралы жеткілікті ескерілу керек;
Болжамдардың нәтижесіне қарап, ғарыш кемесінің ұшу күнін белгілеу қажет.
Метеорлардан қорғану үшін:
Ғарышкерлерге үлкен қауіп төндіретін нәрсе, мәселен метеормен саңылаусыз кабинаның соқтығысып, оның бүтін қалпына зақым жасауы.
Егер ғарышкер арнайы қорғану киімін кимесе, кабина тесігінің көлеміне қарай 15-30 секундтан соң есінен танады. Сондықтан:
үлкен әлемдік ғарышкер арнайы скафандр киюі керек;
Бөліктердің герметикасы бұзылған жағдайда ғарышкер скафандрмен келесі бөліктерге өтіп, бұзылған жерін жөндей алуы қажет;
Скафандрмен жүріп кабинадан тыс жерде жұмыс жасай алуы керек;
Декомпрессия жарылысы жағдайында аздаған секундтар ішінде-ақ тіндер мен тамырлардың жарылуы мүмкін, бұның артынша басқа да жағдайлар орын тебуі мүмкін. Осындай бір жағдай 1971 жылы “Союз-11” әуе кемесінің кабинасында орын алды. Герметик бұзылуы салдарынан орбитаға шығып кеткен экипаж мүшелері Г.Т.Добровольский, В.Н.Волков, В.И.Пацаев қаза болды.
Ғарышкердің жеке бас гигиенасы:
Ғарышкер тамағы барынша жеңіл, пайдалы болып, оңай сақталуы тиіс;
Ғарыш тағамы үшін оның сақталуымаңызды;
Бос орынды барынша тиімді пайдалану керек;
Ғарышкер тағамдары барынша аз орын алатын әрі жеңіл болуы тиіс. Сондықтан инженер ғалымдар жылдан-жылға осы мәселені шешуге тырысуда.
Ал, тамақтану олардың денсаулығына әсер етеді, себебі тағамдары ұзақ сақталғанымен олар құрамындағы дәрумендерді жоғалтады. Тағамдары жердегідей болмайды. Сосын олардың ағзасына, жүйке-жүйесіне еңбекке жарамдылығына кері әсер етеді екен.
Сонымен қатар, көлемі шектеулі кабинада, оқшау, шағын көлемді саңылаусыз кабинада ұзақ уақыт психологиялық қиындықтар туғызады.Ұзақ уақыт ғарыш сапарында адам күнделікті қоздырушылардың көпшілігінен ажырайды. Қоздырғыштардың күрт тыйылуы күнделікті тіршілік тәртібінің бұзылуы, оқшаулану адамның елеулі психикалық бұзылуына әкеледі; егер,
қажетті іс-шаралар атқарылу керек;,
физикалық жаттығулар тәсілдері жасалу керек;
экипаж мүшелерімен биологиялық және психологиялық үйлесімде болуы керек;
мұның бәрі ақырында ағзаның физиологиялық жүйесі қызметінің бұзылуына ықпал етеді.
Do'stlaringiz bilan baham: |