Метеоденелердің табиғаты және олардың ғарыштық ұшудағы ағзаға әсері
Бұлтсыз түндері аспан көгінен бірнеше рет «құлаған жұлдыздарды» бақылауға болады. Бұл түнгі аспанда тез зымырайтын метеорлар. (9-сурет). Бұндай құбылыс метеордың әуе кеңістігіне өтіп кеткен жағдайында болады.
9-сурет. Метеоденелер
70 км/с және одан да жоғары жылдамдық алатын метеоденелер бірнеше мыңдаған градусқа дейін қызады, сөйтіп жарық сәуле шашып, жанып кетеді. Метеордың соңынан иондалған газ ағыны ілеседі. Ғарыш кемесінің метеоденелермен кездесуі белгелі қауіп тудырады. Шын мәнінде метеодененің қозғалыс жылдамдығы атылған оқ жылдамдығынан 20-70 рет асып түседі, сондықтан да одан қорғануға әлдеқайда қуатты күш қажет болады. 30 км/с жылдамдықпен зымырайтын салмағы 1 г метеодене ракета корпусының металл жабындысын қиратуға қабілетті десек болады. Біздің бағымызға қарай метеодененің тығыздығы планетааралық кеңістікте мүлдем аз және салмағы 1 г дене үшін 1,4.10-24 г/см3 құрайды, бұл шамамен қабырғасы 100 км-ге тең куб көлеміндегі 1 бөлшекке сәйкес. Аса ұсақ метеобөлшектердің кеңістіктік тығыздығы біршама жоғары. Жер орбитасы ауданында метеодененің тұтастай кеңістіктік тығыздығы 0,5.10-22 г/см3-қа тең.
Сәйкесінше метеодененің өлшемі кішірейген сайын оның ғарыш кемесімен соқтығысу қаупі жоғарылайды. Кеңістіктік жер серігінің ұшу тәжірибесі көрсеткеніне қарасақ, теориялық есептеулер негізіне сүйеніп, метеоқауіп соншалық зор емес.
Ғарыш кемесінің шағын метеобөлшектерден қорғанысын оның өте мықты сыртқы жапсырмасы қамтамасыз етеді. Соқтығыс бола қалған жағдайда жапсырма жарақатталып кабинаның тесілуіне әкеледі. Метеобөлшектермен ғарыш кемесінің соғысуы кеменің сыртқы жапсырмасын жарақаттап, кабина тесілуі мүмкін. Міне, осыны ескере отырып, экипажды барометр қысымы өзгерісінен және оттегі жеткіліксіздігінен қорғауды қарастыру қажет.[10]
Ғарыштық ұшу кезіндегі температураның мәні мен алатын орны
Шетелде және отанымызда жоғары және төмен температураның адамға әсері туралы көптеген зерттеулер жасалған. Сыртқы қоршаған орта температурасының біркелкі болуы адам ағзасы өзінің ішкі қызуын автоматты түрде бір қалыпта ұстап тұра алады. Бірақ қызудың күрт өзгерісі (төмендеу немесе жоғарылау) адам ағзасына кері әсер етеді. Температура тек кеменің ішінде ғана жоғары не төмен болып тұрмайды, сондай-ақ экипаждың суға немесе құрлыққа қонғанында да болады. Өрт салдарының тек тікелей себебін ғана есепке алып қоймай, оның туындаған жағдайда зор қаупі барын және оның үлкен көлемді оттегі толған кабиналарға, тез тұтанғыш заттарға ұласып кетуін де ескерген жөн.
Жоғарғы температураның адамға әсері ағзаның термореттегіш жүйесінің қызметі бұзылуына әкеп соғады.
Сыртқы ауаның 30-350С температурасында сыртқы ортамен жылу алмасу іс жүзінде кеміп, ішкі жылу тепе-теңдігі тек белсенді тер шығару арқасында қолдауға ие болады, бірақ судың шектелуі мөлшері ағзаның сусыздануы қаупін туғызады.
Егер ауа және қоршаған қабырға температурасы 600С ден асатын болса, адам ағзасы жылу тепе-теңдігін тер шығару арқылы да сақтай алмайды, нәтижесінде ағзада жылу жиналу процесі басталып кетеді. Жоғары температураның созылмалы әсер етуінің ұйғарынды мәні бар, сондай-ақ адамның судың температурасында арнайы киімсіз суда болуы уақыт өте келе есінен тануына немесе өліп кетуіне әкеледі.
10-сурет
Сыртқы температура күрт өзгергенде атқарылатын ұтымды шара бірнеше қабат киім кию, денеге қапсыра кию. Егер жағымсыз ауа температурасы фокторы ұзақ уақыт әсер етсе, адамның барлық ғарыштық факторларға төзімділігі күрт төмендейді. Сондықтан да, ғарыш кабинасындағы адам кабина ішінде қалыпты температура жағдайын ұстап тұруы қажет. Келтірілген ғарыш кеңістігінің физикалық күйі туралы мәліметтер, бұл ортаның адам, жануарлардың тіршілігіне жарамсыз екенін, қорғаныс шараларынсыз өмір сүру мүмкіндігі жоқ екенін дәлелдеді.[10]
Do'stlaringiz bilan baham: |