«MODERN SCIENTIFIC CHALLENGES AND TRENDS»
SCIENCECENTRUM.PL
ISSUE 5(39) PART 1
ISBN 978-83-949403-3-1
14
FOYDALANILGAN ADABIYOTLAR RO`YXATI:
1.
О.Е. Казьмина, П.И. Пучков. Основы этнодемографии – М.: “Наука” 1994 – с. 51.
2.
O. Bo`riyev. Qashqadaryo vohasidagi etnodemografik jarayonlar. // Etnos va madaniyat:
an’anaviylik va zamonaviylik “Akademik Karim Shoniyozov o`qishlari” turkumida V
Respublika ilmiy konferensiyasi. – T., “Fan” 2010 - b. 109
3.
O. Bo`riyev, A. Ochilov. Qashqadaryo vohasi etnodemadaniy qadriyatlari – T.: “Yangi nashr”
2014 – b. 102-103.
4.
O. Bo`riyev, A. Ochilov. Qashqadaryo vohasi etnodemadaniy qadriyatlari – T.: “Yangi nashr”
2014 – b. 101.
«MODERN SCIENTIFIC CHALLENGES AND TRENDS»
SCIENCECENTRUM.PL
ISSUE 4(38) PART 1
ISBN 978-83-949403-3-1
15
Абдикадыров Мереке Жаруллович, Секебаева Аружан
№132 тірек мектебі (ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесі
(Жаңаарқа ауданы, Қазақстан)
ЖАҢААРҚА ӨҢІРІНДЕГІ ҚОЛА ДӘУІРІ
Abstract
. This article tells about the sacred edge of the Kazakh land Zhanaarka. It
tells about the ancient history of this region. The article analyzes the works of the scientist
A.Margulan, who studied the historical monuments of the Zhanaarka land, dating back to the
ancient Stone Age, the times of the Saks, the Huns, the Turkic-Oguz-Karluk era.
Keywords:
historical monuments, Zhanaarka, A.Margulan, Bronze age, Central
Kazakhstan, ancient times.
Сарыарқа бауырындағы береке-құт дарыған, ең дәулеті шалқыған, сәнді, сазды
өлкенің келбеті де жылдар өткен сайын гүлденіп, көркеюмен келеді. Қарағанды
облысындағы іргелі аудандардың бірі, байлығы тұнған Жаңаарқа ауданының
құрылғанына биыл 90 жыл толды. Соған орай біз өзіміздің ежелгі тарихымызды білуіміз
қажет. Осы тақырыпты зерттеу барысында біз бірқатар қиындықтарға тап болдық. Ежелгі
заман туралы Орталық Қазақстан жайында, оның ішінде Жаңаарқа жайлы жазба-
деректері жоқтың қасы. Соған орай, біз зерттеу жұмысында негізінен тұңғыш
археологомыз академик Ә. Марғұланның 50-60 жылдардағы ғылыми еңбектеріндегі
тарихи деректерге сүйендік.
Өзіндік асу, даму, тарихи кезеңдерден өткен ауданымыз 1923 жылдан бері
Асанқайғы атанса, 1929 жылғы 16 тамыздан бастап Жаңаарқа атанды. Ал оның түп
тарихы сонау ерте заманнан басталады. Біздің жерімізде көбінесе «қола дәуірі», «ерте
темір дәуірі» және «кейінгі темір дәуірінің» археологиялық ескерткіштері жиі кездеседі.
Оған табиғи-географиялық орта негіз болып отыр. Мысалы, «қола дәуірі» мен «темір
дәуірінің» Ақтау және Қараағаш елді-мекенінде кездесетін жәдігерлері дәлел болып отыр.
Сол себепті, біз өзіміздің атамекеннің төл тарихын білу үшін осы жұмысты алып, зерттеуге
бет бұрдық.
Жаңаарқа байлығымен ғана емес, топырағында кіндік қаны тамған, атағы
баршаға мәлім адамдарымен, перзенттерімен танымал. Өлкеміздің көне тарихы –
таусылмайтын қазына. Кешегі күндері Ә. Марғұланның айлап, жылдап жатып, әр тасынан
сыр ұққан Жаңаарқа жерінің көне тас ғасырдан бергі, сақ, ғұн заманына, түрік-оғыз-
қарлұқ дәуіріне жататын тарихи ескерткіштерінің әлі күнге дейін көз тартуы – таңғажайып
құбылыс. Солардың бірі, қазіргі Санкт-Петербургтегі Эрмитажда сақтаулы тұрған,
Қараағаш жерінен табылған алтын және күміспен қапталған аждаха іспеттес жәдігер.
Қалай дегенмен де, қазақ тарихының байырғы кезеңі, негізінен, ауыз әдебиетінде
көрініс табады. Шәкәрім айтқандай, қазақтың «ертегі сөзінде», одан қалды өзге елдердің
жазба мұрағаттарының арасында не болмаса кең сахараның әр жерінде шоқ-шоқ болып
кездесетін көне заман ескерткіштерінде сақталады. Құдайға шүкір, қазақ жері көне
заманның ең сенімді айғағы болатын ескерткіштерге кенде емес. Ежелгі Мысырдың
перғауындары көтерген пирамидалардай төңірегіне көлеңке түсіріп, көк аспанға
Do'stlaringiz bilan baham: |