10 жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық 1-бөлім


Нуклид (лат. тілінде nucleus — “ядро” 5-сурет



Download 30,24 Mb.
bet3/120
Sana23.02.2022
Hajmi30,24 Mb.
#143960
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   120
Bog'liq
10 сынып химия

Нуклид (лат. тілінде nucleus — “ядро”

5-сурет. Кейбір




және ежелгі грек тілінде είδος — “түр,




сұрып”) ядро заряды (Z) пен массалық

элементтердің нуклидтері



саны (А) бірдей атомдардың жиынтығы. Мысалы, ядросында 12 нуклоны бар көміртек атомы, 59 нуклонды кобальт атомы және 235 нуклонды уран атомы

— нуклидтер болып табылады (5-сурет). Белгілі бір нуклидті арнайы


таңбамен белгілейді. Химиялық элемент таңбасының­ сол жағындағы жоғары индексімен массалық сан, ал төменгі индексімен ядро заряды (элементтің атомдық нөмірі) көрсетіледі. Мысалы:



12

С

16O

35Cl

59Co

235U

6




8

17

27

92



Нуклидтің массалық саны ондағы нуклон­дардың­ санына (про-тон мен нейтрондардың қосындысы­) тең. Енді химиялық элемент ұғымына нақты анықтама беруімізге болады. Химиялық­ элемент дегеніміз — ядро заряды бірдей нуклид­тердің жиынтығы.


Элементтің атомдық нөмірі — нуклидтің ядросындағы про-тон санына тең химиялық элементтің сипаттамасы. Ядро заряды протон санымен анықталатындықтан, химиялық элемент деп протон саны бірдей нуклидтерді де айтуға болады. Масса мен энергияның сақталу заңы тұрғысынан химиялық реакция кезінде нуклидтер пайда болмайды және жоғалмайды, әрі бір-біріне айналмайды деп тұжырым жасауға болады. Бір элементтің нуклидтерінің ядро заряды бірдей (Z = const). Массалық сан протон мен нейтрондардың қосындысына тең. Бір элементтің нуклидтеріндегі нейтрон саны бірдей болуы да, бірдей болмауы да мүмкін. Сондықтан бір элементтің нуклидтерінің массалық саны әртүрлі мәнге ие болады. Мысал ретінде оттектің тұрақты нуклидтерінің сипаттамалары 2-кестеде келтірілген.

8


2-кесте


Оттек нуклидтерінің сипаттамасы



А

Z

N










15

8

7










16

8

8










17

8

9










Бір элемент атомдарының массалары әртүрлі болуы мүмкін. Көміртек атомы ядросындағы нуклондары 12, 13, 14 үш түрлі атомы көміртектің изотопы (изотоптық нуклидтер) болып табылады.


Сонымен нуклид ұғымы — изотопқа қарағанда ауқымды түсінік. Изотоп бір элементтің массалық саны бірдей нуклидтерінің жиынтығы. Массалық сан протон мен нейтрондардың қосындысына тең. Демек, бір изотоптың нуклидтерінің протон және нейтрон сандары мен мас-салары бірдей. Мысал ретінде сутек, оттек және хлордың изотоптары 3-кестеде келтірілген:


3-кесте





1H,

2H, 3H

16O, 17O

35Cl, 37Cl

1

1

1

8

8

17

17

Cутек элементінің

Оттек элементінің

Хлор элементінің

изотоптары







изотоптары




изотоптары

























Нуклидтердің массалық саны A әртүрлі болғанымен, атомдық нөмірі бірдей болса, олардың химиялық табиғаты бір, яғни бір элементке тиесілі изотоптар болады. Изотопты жазу үшін химиялық элемент таңбасының сол жағына жоғарыға массалық сан жазылады (4-кесте):


4-кесте




Сутектің изотоптары



протий

дейтерий

тритий










1H

2H және D

3H және T

Z = 1

Z = 1

Z = 1










N = 0

N = 1

N = 2










A = 1

A = 2

A = 3










4-кестеден байқағанымыздай, табиғи сутектің үш изотопы бар. Тіпті дейтерий мен тритийдің өздерінің жеке таңбалары да белгілі. Ғалымдарға белгілі изотоптардың саны шамамен 2000-ға жуық. Олардың 300-ге жуығы табиғатта кездеседі. Шығу тегіне қарай нуклидтер табиғи және жасанды болып бөлінеді. Тұрақтылығы жағынан яғни өздігінен түрлену қабілетіне қарай нуклидтер тұрақты және радиоактивті деп жіктеледі. Қазіргі таңда жасанды жолмен алынғандарымен қоса есептегенде 118 химиялық элемент белгілі. Мас-салары бірдей нуклидтер изобаралар деп аталады. Сонымен бірге ней-



9


трон сандары бірдей әртүрлі элемент атомдары изотондар деп аталады. Мысалы, 136Ba және 138Xe әрқайсысының ядросында 82 нейтроннан бар. Кейбір элементтерде бір табиғи изотоптан кездеседі. Мысалы: Be, F, Nа, Al, P, Mn, Co, I, Au және т.б. Элементтердің көпшілігі екі, үш және одан да көп тұрақты изотопқа ие. Атом ядроларының құрамын сипаттау үшін кейде протондар мен нейтрондардың үлесін есептейді. Сонымен қорытындылайтын болсақ, химиялық элементтердің маңызды сипаттамаларына нуклондар, нуклидтер, изотоптар, изобаралар, изо-тондар жатады (5-кесте).


















5-кесте













Бөлшектерді салыстыру



















Бөлшек атауы










Мысал

Бөлшектердің сипаттамасы













Нуклондар

12

С 6 протон, 6 нейтрон

Атом ядросындағы протондар мен




6










нейтрондар


































Нуклидтер

12

С,

24Mg,

80Br

Әртүрлі химиялық элементтердің




6




12

35

атомдары (протондар, нейтрондар,































электрондар)
















Изотоптар

16O,

17O




Бір химиялық элементтің атомдық­

(изотоптық

8




8




нөмірі (протондары және электрон­













нуклидтер)













дары) бірдей, бірақ нейтрон саны
















мен атомдық массасы әртүрлі
















атомдары



















Изобаралар

14

С,

14N




Атомдық массалары бірдей әртүрлі




6




7










Екі атомның массасы да 14

химиялық элемент атомдары













Изотондар

39K, 40Ca




Нейтрон сандары бірдей әртүрлі




19




20










Екі атомның әрқайсысында 20

химиялық элемент атомдары




нейтроннан бар
























Сен білесің бе?

Қалайы Sn изотопы ең көп (10) элемент.


Атом — химиялық бөлінбейтін кішкентай бөлшек. Атом — нуклондардан (протондар мен нейтрондар) және электрон қабатынан тұратын күрделі бөлшек.

Нуклид — ядро заряды мен массалық саны бірдей атомдардың жиынтығы. Химиялық элемент дегеніміз — ядро заряды бірдей нуклидтердің жиынтығы. Изо-


топ — бір элемент­тің­ массалық саны бірдей нуклидтерінің­ жиынтығы.


Химиялы­қ элементт­ердің сипаттамала­рына нуклондар, нуклидтер­, изотоптар, изоба­­ралар, изотондар жатады.



10


  1. Атомның құрамында 8 протон және 8 нейтрон болса, оның электрондарының массасы атом массасының қандай бөлігін құрайды?




  1. Атомдық нөмірлері: 9, 16, 25, 41, 50, 92,105 болатын элементтердің нуклон сан-дарын есептеңдер.

  2. Келесі атомдардағы: 4220Ca, 5286Fe, 3199K және 12573I нейтрондар мен электрон сандарын есептеңдер. Әр атом ядросындағы протондардың үлесі қандай?

  3. Кестеде кейбір бөлшектер туралы мәлімет берілген:




Бөлшек

Электрондар

Протондар

Нейтрондар

А

12

12

12

В

12

12

14

С

10

12

12

D

10

8

8

E

9

9

10

а) Бейтарап атомдар болып табылатын қандай бөлшектер?


ә) Анион қандай бөлшек? Оның заряды неге тең?
б) Катион қандай бөлшек? Оның заряды неге тең?
в) Изотоптар болып табылатын қандай бөлшек екі бөлшек?

Download 30,24 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   120




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish