10 жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық 1-бөлімРадиоактивті сәулелердің сипаттамасы
10 сынып химия
17
Позитрон бөле ыдырау. Позитронның массасы электрон массасымен бірдей, ал заряды +1: +1β), нәтижесінде бір протон нейтронға айналады, ал ядро заряды бір бірлікке азаяды: 147N = 146C + +1β Электронды тартып алу (К-тартып алу), ядроның өз электро-нын қосып алуы, яғни ядроға жақын К-деңгейден электрон тартып алынады. Нәтижесінде ядро заряды бір бірлікке кемиді, ал массалық сан өзгермейді және рентген сәулесі түзіледі: 147N + –1ē = 146C + γ. Ғалымдардың анықтауы бойынша ядросында 84 протоннан (поло-ний Ро) көп протон болатын атом ядролары тұрақсыз, олар уақыт өте келе радиоактивті ыдырауға ұшырайды. Дегенмен ядроларында протон саны 84-тен аз болатын радиоактивті изотоптар да кездеседі. Изотоптың тұрақтылығын атомның протон және нейтрон сандарының қатынасынан анықтауға болады. Протон және нейтрон сандарының айырмасы үлкен болса, изотоп тұрақсыз болады. Протон және нейтрон сандары шамамен тең болса, изотоп тұрақты болады. Атом ядросының тұрақтылығы нейтрон сандарының протон санына қатынасына, сондай-ақ олардың санының жұп немесе тақ болуына байланысты. Протон және нейтрон сандары жұп болатын атом ядролары нуклондарының саны тақ болатын ядроларға қарағанда тұрақты болады (7-кесте).
Радиоактивті нуклидтердің ыдырау жылдамдығын жартылай ыды-рау периоды деп аталатын шамамен сипаттайды. Жартылай ыдырау периоды деп T1/2 радиоактивті изотоптың бастапқы атомдар санының екі есе азаюына кететін уақытын айтады: N = N0/2n. Жартылай ыдырау периодын білу радиоактивті элементтің қауіпсіз кезеңін анықтау үшін керек. Қауіпсіз кезеңі жартылай ыдыраудың 10 периодынан кейін туады. 8-кестеде кейбір радиоактивті изотоптардың жартылай ыдырау периоды келтірілген. 18 8-кесте Кейбір радиоактивті изотоптардың жартылай ыдырау периоды
Көптеген элементтердің табиғатта кездесетін изотоптары тұрақты емес. Әртүрлі геологиялық үлгілерде олардың мөлшері өзгеше болады. Ондай элементтердің салыстырмалы атомдық массаларының Аr мәнінің дәлдігі жоғары болмайды. Элементтің атомдық массасы, оның табиғатта таралған изотоптары массаларының орташа шамасы екені белгілі. Бір изотопы бар элементтің салыстырмалы атомдық массасының мәні периодтық кестеде бес немесе алты таңбалы цифрға дейінгі дәлдікпен көрсетілген. Қазақстан уран қоры бойынша әлемде үшінші орынға ие және оны өндіруде бірінші орында. Елдегі уран қоры 900 мың тонна деп бағаланып отыр. Негізгі кен орындары Қазақстанның оңтүстігінде (Түркістан және Қызылорда облысы), батысында (Маңғыстау), Қазақстанның солтүстігінде (Семізбай кен орны) орналасқан. Ақтауда қуаты 600 МВт және Балқаш көлінің маңында 1900 МВт жаңа атом электр стансы-сын салу мәселесі қарастырылуда. Елде шамамен 5 зерттеу ядролық реакторы жұмыс істейді. Бір химиялық элементтің тұрақсыз изотопының өздігінен элементар бөлшектер шығара отырып екінші элементтің изотопына айналуы радиоактивтілік деп аталады. Атом ядросының тұрақтылығы нейтрон сандарының протон санына қатынасымен анықталады. Радиоактивті нуклидтердің ыдырау жылдамдығын жартылай ыдырау периоды деп аталатын шамамен сипаттайды. Сен білесің бе? Сутектің бір грамы гелийге айналғанда бөлінетін энергия 15 тонна бензин жан ғанда түзілетін жылумен бірдей. Радиоактивтілік деген не? Радиоактивті сәулеленудің қандай түрлерін білесіңдер? Кестені толтырыңдар: 19
α β
γ Тұрақты және тұрақсыз изотоптар деген не? Изотоптардың тұрақтылығын қалай анықтайды? Жартылай ыдырау периоды деген не? Оның маңызы неде? Берілген нуклидтердің тұрақтылығын анықтаңдар: 89Sr, 90Sr, 91Y, 95Zr, 103Ru, 106Ru, 131I, Cs, 140Ba, 141Ce, 144Ce. Табиғатта кездесетін мынадай изотоптардың тұрақтылығын анықтаңдар: 230Th, Th, 234U, 235U, 238U, 239Pu. Темекінің түтінінде аздаған мөлшерде радиоактивті полоний 28146Po болады. Шылымның бір қорабын шеккен адам радиоактивті сәуле мөлшерін 4-5 есе көп алады. Ең алдымен, бұл тамақ пен өкпеге әсер етеді, ыдырай келе бауырда жина латын қорғасын Pb пайда болады. Реакция теңдеуін толықтырыңдар:137232
Атом электр стансылары жұмысын бастағаннан бері 14 елде 150-ден астам оқиғалар мен әртүрлі деңгейдегі апаттар орын алды. Атом электр стансысындағы апаттардың салдарын атаңдар (кем дегенде төрт), мысалдар келтіріңдер. 2013 жылы Қазақстан әлемдегі уран радиоактивті элементінің жетекші өндірушісі болды. Уран атом электр стансыларында электр энергиясын өндіру үшін қолданылады. Отынның басқа түрлерімен салыстырғанда атом энергиясын пайдаланудың артықшылығы мен кемшіліктеріне екі мысал келтіріңдер. Ғаламтор материалдарын пайдаланып Қазақстан Республикасында атом энергетикасының негіздерін және дамуын қалыптастырудың негізгі алғышарттары (кем дегенде үшеуі) қандай екенін әңгімелеңдер. •1. Йод изотопының 13513I — жартылай ыдырау периоды 8 тәулік. Радиоактивті ядролардың бастапқы саны 109 болса 80 тәуліктен кейін бұл изотоптың қанша радиоактивті ядросы қалады? •2. Күмістің радиоактивті изотопының массасы 810 тәуліктен кейін 8 есе азаяды. Радиоактивті күмістің жартылай ыдырау периодын анықтаңдар. •3. Радиоактивті элементтің белсенділігі 8 күнде 4 есе азайды. Элементтің жартылай ыдырау периодын анықтаңдар. Download 30,24 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024 ma'muriyatiga murojaat qiling |
kiriting | ro'yxatdan o'tish Bosh sahifa юртда тантана Боғда битган Бугун юртда Эшитганлар жилманглар Эшитмадим деманглар битган бодомлар Yangiariq tumani qitish marakazi Raqamli texnologiyalar ilishida muhokamadan tasdiqqa tavsiya tavsiya etilgan iqtisodiyot kafedrasi steiermarkischen landesregierung asarlaringizni yuboring o'zingizning asarlaringizni Iltimos faqat faqat o'zingizning steierm rkischen landesregierung fachabteilung rkischen landesregierung hamshira loyihasi loyihasi mavsum faolyatining oqibatlari asosiy adabiyotlar fakulteti ahborot ahborot havfsizligi havfsizligi kafedrasi fanidan bo’yicha fakulteti iqtisodiyot boshqaruv fakulteti chiqarishda boshqaruv ishlab chiqarishda iqtisodiyot fakultet multiservis tarmoqlari fanidan asosiy Uzbek fanidan mavzulari potok asosidagi multiservis 'aliyyil a'ziym billahil 'aliyyil illaa billahil quvvata illaa falah' deganida Kompyuter savodxonligi bo’yicha mustaqil 'alal falah' Hayya 'alal 'alas soloh Hayya 'alas mavsum boyicha yuklab olish |