Мақсаты:Оқушыларды кітапты сүюге,оны күтіп,таза ұстауға тәрбиелеу.
Кітаптың адам өміріндегі рольі туралы түсіндіріп,кітапқа деген қызығушылығын ояту.
Түрі :әдеби кеше
Көрнекіліктер:дана адамдардың кітап туралы айтқан сөздері.
«Артық ғылым кітапта,ерінбей оқып көруге» Абай.
«Жақсы кітап оқу ақылды адаммен сырласқандай» Л.Толстой
«Кітапсыз үй-терезесіз бөлме» Д Вильсон.
БАРЫСЫ:
Жүргізуші:»Кітап -ғылым,тілсіз мұғалім»деп тегін айтылмаған ғой.Бүгінгі әдеби кешеміз бәрімізді білімді,өнерлі болуға тәрбиелеп,талай ғажайып істердің құпиясын ашуға көмектесетін ақылдың кені кітапқа арналған.
Жансая: Кітапта алма ағашы
Жемісін өзің теретін
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін
Гүлім: Ғылым сырын білсем деп
Көкте күн боп күлсем деп
Кітап оқыр әр бөбек.
Жандос: Жақсы кітап-адал дос ,ақыл жолдас
Ондай ешкім,ешнәрсе жақын болмас .
Парсы ғалымы Уазыр Сахиб кітапты ерекше жақсы көрген сахи адам екен.Оның мыңдаған кітап қоры бар үлкен кітапханасы болыпты.Ол мемлекет қайтаркері ,әрі сахи адам болған.
Өмірінің тең жартысын ат үстінде,жорық жолында өткізген.Бір қызығы ол жорыққа аттанғанда өзімен бірге осы кітапханасын да ала шығады екен.
Кітапты артуғатүйедей бөлінген.
Кітап артқан түйелер бейне бір каталог сияқты болған.түйелер барлық жорық жолында әліпби бойынша тізіліп жүрген. Ал кітапханашылар кез келген уақытта Сахибқа сұраған кітабын апарады екен.Сөйтіп,түйе үстіндегі кітапхана басқа да жауынгерлердің рухани азығы болған.
Байдаулет:Күш-білімде,білім-кітапта.
Нұртас:Кітап ғылым,тілсіз-мұғалім.
Берік :Елімізде атақты
Ғалым ата не тапты?
Бәрін,бәрін білесің
Оқи берсең кітапты
Білім алар көп адам
Жақсы нәрсе жоқ одан
Қызыға кеп оқимын
Кітап көрсем жаңадан
Кітап маған ұнады
Кітап білім бұлағы
ОҚУШЫ МЕН КІТАПТЫҢ ТІЛДЕСУІ:
Оқушы:ақыл ойдың иесі
Бар ғалымның жүйесі
Қуанышы көңілдің
Баспалдағы өмірдің
Жан азығы,серігім
Ардақтамас сені кім?
Кітап:Күнде өсіп келемін
Көріктеніп келемін
Көптің тауып керегін
Кезінде айтып беремін
Бірақ білмес нарқымды
Байқап жүрмін әркімді.
Оқушы:Әсерлемей ,асырмай
Айтшы бәрін жасырмай
Жан азығым серігім
Ренжітпек сені кім?
Кітап:кейбіреулер ерігіп
Бос жүруден зерігіп
Бетімді тек ашады
Әңгімеге басады
Жолдарымды сызады
Шырқымды кеп бұзады
Онымен іс бітпейді.
Жүргізуші:»Кім тапқыр »ойынын ойнайық.Жұмбақтар шешейік
Қабат-қабат қапталған
Асыл сөзбен апталған
Парағы бар сөйлейтін.
Ол қазына өлмейтін.
Бұл не?
Тілі бар да ,үні жоқ
Өзін адам түсінген
Жүрегі бар ,қаны жоқ
Сөйлей туған ішінен
Ол не?
Әсемай:Бар білімнің бастауы
Бар ғылымның бастауы
Жас балаға нұр ашқан
Қандай кітап тіл ашқан?
Жүргізуші: Бала мен кітап Е Ерботин
Бала: Қайда қалып едіңдер
Қане бермен келіңдер
Көрдіңдер ме күз болды
Іздеп жатыр біздерді
Кітап: Керексіздей тастадың
Бір күн мені ашпадың
Бізге таңып кінәні
Жараспайды сасқаның.
Сонымен бүгінгі кешемізді кітаптың өз сөзімен аяқтайық.
«Мені халық сүйеді,құрметтейді. Мен де адамды жақсы көремін. Мен де адамға бақытты өмір сүруді үйретемін. Балаларды білімді,өнерлі болуға баулимын. Ойланыңдаршы, балалар! Мен сонда кіммін? Мен адамның досымын. Менің атым-кітап. Мен сенің қолыңда тұрмын. Мені жыртпай,таза ұста! Мен –сенің сенімді досыңмын».
Do'stlaringiz bilan baham: |