271
тілде де көз-koʻz, қол-qoʻl, бас-bosh cөздері тұрақты тіркестердің ішінде ең белсенді түрі
екені айқындалған.
Соматикалық фразеологизмдердің пайда болуының негізгі көзі мыналар болып
табылады:
1. Адамның іс-қимылдары мен мимикалық қимылы tuyogʻingni shiqillat – кет
(көзіме көрінбе), Bir yoqadan bosh chiqarmoq – ұйымшыл болу;
2. Адам ағзасының фразеологиялық сезімдері мен рефлекстері псхифизикалық
қозуларға, мысалы: ogʻzi-burni yoq – ауыр басық, ogʻziga talqon solmoq – кем сөйлемейтін;
3. Жануарлардың қимылы: ammamning buzogʻi – бос, аңқау;
Жалпы соматикалық фразеологизмдер қорын қарастыру, зерттеу тіліміздегі
фразеологизмдерді жаңа қырынан тануға, жаңа тұрғыдан зерттеуге зор мүмкіндік
тудырады. Сыры мол, мазмұны терең, тұлғасы сан алуан фразеологизмдердің күрделі
табиғатын толық біліп, терең түсіну үшін оның толып жатқан тың проблемларын
жанжақты зерттеу өте қажет. Осы зерттеулердің ғылыми-теориялық мəні де, практикалық
қажеттілігі де бүгінгі таңда ешқандай дау тудырмайды.
Анатомиялық атаулардың фразеологизмдердің құрамында көптеп кездесуі заңды
құбылыс. Себебі адам өмірді, қоршаған ортаны тануды өзін-өзі танудан бастайды. Адамға
етене таныс, жақын атаулар - өзінің дене мүшесі. Өз өмірінің алғашқы қадамынан бастап
адам алдымен өз денесін, кейіннен өзге де адамдарды бақылап, олардың дене қозғалысы
нені білдіретінін, сол қозғалыс арқылы не айтпақ болғанын, қандай ым-ишарат жасағанын
білуге тырысады. Адамның дене қозғалысы қарама-қайшылықтарға толы. Дене тілі
қарым-қатынас үстінде өте көп ақпарат алуға болатын коммуникацияның ерекше құралы.
Адамның өз табиғатын тану үшін, өзге адамдармен қарым-қатынас жасауы үшін тілдің
маңызы өте зор. Әсіресе, адам өміріндегі, қоғамдағы сан алуан қимыл-əрекет, қозғалыс,
қалыпты, адамның көңіл-күйін əр қырынан танып білуде фразеология сияқты тілдік
құбылыстың атқарар қызметі өте жоғары. Адамның дене тілінің, ым мен ишаратарының
мағынасын ашуға фразеологизмдер негіз бола алады. Әлемнің тілдік бейнесін жасауда
ұлттық өмірдің айнасы болып табылатын фразеологизмдердің алатын орыны ерекше.
Қорыта айтқанда, соматикалық фразеологизмдер – бұл тіл атаулының бəріне тəн
ортақ құбылыс, тек олардың пайда болуы, құрылымы, қолданылуы, бейнелеуіштік қасиеті
тіл иесі халықтың мінез-құлқымен, салт-санасымен, əдет-ғұрпымен жəне дəстүрімен
ұштасып, олардың көрінісін береді. Ал, əр тілдің тұрақты тіркестері қоршаған ортасымен,
орналасқан жерімен ерекшеленуі заңдылыққа жатады. Жалпы соматикалық
фразеологизмдер қорынан жеке дара бөліп қарастыру, зерттеу екі тілдің
фразеологизмдердін жаңа қырынан тануға, жаңа тұрғыдан зерттеуге зор мүмкіндік
тудырады. Сыры мол, мазмұны терең, тұлғасы сан алуан фразеологизмдердің күрделі
табиғатын толық біліп, терең түсіну үшін оның толып жатқан тың проблемларын
жанжақты зерттеу өте қажет.
Қазақ жəне өзбек тіліндегі фразеологизмдердің жалпы сипатын зерттеудің ғылыми-
теориялық мəні де, практикалық қажеттілігі де бүгінгі таңда ешқандай дау тудырмайды,
қайта ары қарай толық ізденіс пен талдауды қажет етеді.
Do'stlaringiz bilan baham: