«сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы атырау облысы білім беру басқармасының Әдістемелік орталығЫ


АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ҮЙІ ТАРИХЫН



Download 3,74 Mb.
Pdf ko'rish
bet7/162
Sana26.06.2022
Hajmi3,74 Mb.
#705534
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   162
Bog'liq
Jinaq123

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ҮЙІ ТАРИХЫН 
ЗЕРТТЕУДІҢ МАҢЫЗЫ 
 
Г.Е. Қуанбаева 
Гагарин атындағы орта мектеп 
Құрманғазы ауданы 
 
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы еліміздің рухын 
жаңартып өшкенімізді жаңғыртып ұмыт болған ел тарихы беттерін қайта 
жаңғыртып санамызды сілкінтіп, тарих тұңғиығында ескерусіз қалған 
мәселелерімізді көтеруге мүмкіндік туғызды. Республикамыздың тарихында 
зерттеу жөнінен кеш қалып келе жатқан мәселенің бірі панасыз, жетім балалар 
үйлері мен онда тәрбиеленушілердің тағдыры. 1932-1933 жж өлкемізде 
ашаршылыққа ұшыраған аудандармен қатар, балаларын асырауға мүмкіндігі 
болмағандар, балаларын аман сақтап қалу үшін балалар үйлеріне тапсыруға 
мәжбүр болды. Тәуелсіздікке қол жеткезіп, іргемізді бекітіп, төл тарихымыздың 
ақиқаттарын ашуда тарихшы ғалымдарымыз құнды зерттеулер жасап жан жақты 
ізденістер нәтижесінде көптеген шындықтың беті ашылуда. Дегенмен, 
тарихшылар тарапынан терең зерттеуді қажет ететін ақтаңдақтардың бірі бұл 


15 
балалар тағдыры, немесе оларға арнап ұйымдастырылған балалар үйлерінің 
тарихы. Осы мақсатта көп жылдардан бері облысымыздағы балалар үйі тарихмен 
шұғылданып келемін. Көптеген мәліметтермен танысып, біраз еңбектермен 
жұмыс жасадым, өкініштісі дәл біздің облысмыздағы балалар үйі туралы 
мәліметтер өте аз. Сонымен алдыма мақсат қойып, Атырау облысында тарихтың 
сұрапыл жылдарында панасыз қалған балалардың тағдырын шешу жолында 
ұйымдастырылған балалар үйлерінің мәліметтерін жинақтадым, бұлардың біраз 
бөлігі сол жылдардың куәгерлерінің өз ауыздарынан жазылып алынған деректер. 
Тарих қойнауындағы қиын кезеңдердің бірі- бұл 1932-1933 жж ашаршылық 
кезеңі болды. Ашаршлық жылдары елде қараусыз қалған балалар саны толассыз 
өсті құжаттарға сүйенсек өлкеміз бойынша 282 балалар мекемесі жұмыс жасаған 
1933 ж 1-ші қаңтарда күтімге қамтылған балалардың саны – 61 192, 1934 қаңтарда 
383 балалар мекемесі жұмыс жасап онда 96 483 бала болған [3] Мұндай 
деректерді Ақмола,Қарағанды,Көкшетау, Шығыс Қазақстан аумақтары туралы 
кездестіруге болады,әрине деректерде пропорционалды сәйкестік болмады. 
Балалар үйлерінің жағдайыда мәз болмады. Мемлекет тарапынан бөлінген қаржы 
бола тұра балалар өлімі өте көп орын алды. Атырау өлкесінде ашылған балалар 
үйлері Индер, Ганюшкино елді мекендерінде балалар үйлерінің бала саны өте 
көп болғандығын балалар үйінде тәрбиеленгендер еске түсіреді. Ашаршылық 
кезеңдерінде республикамызда 15 жасқа дейінгі балаларды тегін тамақтану 
пунктері ашыла бастады. Бұндай асханалар Орал мен Бөкей губернияларында 
ашылғандығы айтылған дерек болғанымен, оларда қанша адам тамақтанған 
жөнінде деректер жоқ. Біз бұл деректер арқылы панасыз қалған балалар 
тағдырын көре алар едік. Қараусыз қалған балалар жөнінде өңірімізді арнайы 
түрлі комиссиялар құрылып жатсада бұның бәрі теңізге тамған тамшыдай болды 
балалардың жағдайы ауыр халде қала берді. Мыңдаған бала қазақ халқының 
өмірін өзгертпек болған әлеуметтік- экономикалық саясатың құрбаны болды. 
Балалар үйлерінде жағдай өте ауыр еді, оған жете алмаған балалар арасында бала 
өлімі көп болды. Дәл, осы жылдардағы адам өлімі демографияға үлкен соққы 
болды. Бұл кезеңдегі балалар тағдыры құпия сақталды деректер тек оқиғалар 
желісі негізінде баяндалып, баға беріліп келеді. 
Қай заман болмасын кез келген қоғамда ата –анасынан айырылған панасыз 
балалар болмай тұрмайды. Осындай бақытсыздыққа ұшыраған ұрпақ 
ашаршылық кезеңінің балалары болды. Олардың тағдыры бүгінгі ұрпақты 
ойландыруға тиіс. Өз өлкемізде,туған ауылымызда жұмыс жасаған «Телячье» 
балалар үйі мемлекет тарихының бір бөлімі. Балалар үйі 1932 жылы құрылған. 
Жергілікті жерде бұрынғы орыс көпесінің үйін пайдаланылған. 
1932 жылы құрылған балалар үйі 4 жатаханадан тұрды 
№1. Қыздар жатаханасы 
№2. Орта жастағы балалар жатаханасы 
№3 Ең кішкентай балаарға арналған жатахана 


16 
№4 Ересек балаларға арналған жатахана 
Алғашқы балалар үйінің директоры Мусағалиев Махмуд болды. Бұл кісі 
соңынан облысымызда білім саласында көп еңбек сіңірген ұстаздардың бірі. 
1932ж дейін бастауыш мектеп болып келген ауыл мектебі балалар үйіне келген 
ересек балалардың көп болуына байланысты Жеті жылдық мектеп болып болып 
қайта құрылды. Ұлы Отан соғысына дейінгі аралықта бұл балалар үйінде облыс 
көлеміндегі жағдайы нашар отбасы балалары мен ашыққан аудандардан 
келгендер болды. Балалар саны 52 бала болған. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан 
соғысы кезінде балалар үйінің құрамына жау оккупациялаған аймақтардағы 
Украйна, Белоруссия, Закавказье, Ресей территориясынан көптеген балалар 
әкелініп, орналастырылып тәрбиеленді. Сонымен, толыққан балалар саны 15о-ге 
дейін жеткен. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді жергілікті халықтың арасынан 
асырап алушыларда болды, олардың қатаңда бақылауда ұстап отырды, дегенмен 
көптаген балалар қайтып келіп отырған . Әр жылдарда балалар үйінің 
директорлары Мұқтаров, Алмағанбетов Шәріп, Кенжеғалиев Иманғали, Гумаров 
Мағзомғали, Марданов Уақит, Биляшев Сабит. Тағдыры қиын балалармен 
жұмыс жасау өте қиын болды, соған қарамастан мемлекет тарапынан жасалып 
отырған қамқорлықты жүзеге асыру, білім беру, еңбеккке баулауда 
тәрбиешілердің еңбегі зор болды. Олардың қатарында Хусайынова Садухан, 
Әбілхатаев Мұхайдар, Қабдешова, Мырағалиев Қожахмет, Малдыбаев Ізмаған 
т. б болды. 
«Телячье» балалар үйі 1954жылы жабылып, кішкентай балалар Сафон 
селосына жіберіліп, ересек балаларды Атырау қаласына орналастырған. Осы 
балалар үйінде тәрбиеленген кейін көп жылдар бойы хат жазысып ұстаздарымен 
хабарласып тұрған тәрбиеленушілердің бірі Танбаев Қойсары Лихачев атындағы 
заводта инженер, Ажығалиев Қасқырбай Индер аудандық Советінің бөлім 
меңгерушісі, Сутырин П А Астрахань облысының Володар ауданының аудандық 
оқу бөлімінің меңгерушісі, Мүгенов Х. Гурьев облыстық КГБ нің жауапты 
қызметкері, Сариев Сатқаш – Қызылорда облысы Арал теңізі жөніндегі 
география ғылымының кандидаты, Қисемов Слухил Жылыой ауданында 
мұғалім. Бұл адамдардың біразы өмірден өтіп кетті, Бірақ, көздері тірі кезінде 
хат жазып хабарласып отырды. Олар « Біздің алаңсыз өмірімізді, балалық 
шағымызды соғыс ұрлады. Біз оны ешқашан ұмытпауымыз керек» дейді. Біздің 
өлкемізді соғыс өрті шарпыған жоқ деп айта алмаймыз. Соғыс жалыны қандай 
жолмен болсада Атырау өлкесінде шарпыды. Тылдағы еңбегі жеңістің әр күнін 
жақындатқаны сөзсіз, ал тылда қызмет еткен жетідегі бала мен жетпістегі қарт, 
әйелдер еді. Солардың қатарында балалық бал дәуреннен айырылған балалар 
үйі тәрбиеленушілері жүрді. Астана қаласының ардагерлер ұйымы тыл 
еңбеккерлерімен Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестіріп, сонымен бірге 
«соғыс балалары» терминін енгізуді ұсынып еді. Бұл құптарлық іс, біздің 
өлкеміздеде осы істі қолға алу қажеттігі туындап отыр, оларға Жәрдемақылар 


17 
тағайындалса нұр үстіне нұр болар еді.Себебі, Ұлы Отан соғысы қатысушылары 
көбі өмірден озған, тыл еңбеккерлері сол кезеңдегі балалар проблемалары 
алдыңғы кезекке шығып келеді.Сондықтан бұл кезең балаларына «Соғыс 
балалары мәртебесі беру қажает деп ойлаймын». 
Қорытынды. Қазақ тарихының өткенінің жинақталған ақтаңдарының бірі балалар 
тарихы терең зерттеуді қажет етеді. Осындай қасіретті жылдарды ұмытпауымыз 
керек. Өткеніміздің өкінішін, тарихымыздың қара таңбалы күндерін еліміз 
егемендігін алып, белін бекіте түскен тұста енді ол күндер ұрпақ басына тумаса 
екен дейміз. 
Бүгінгі ұрпақ бақытты. Олар ата бабаларының қаншама қиындықтарға 
қарамастан сақтап қалған Отанында, ата – ана бауырында бейбіт күн кешіп 
жатыр. Оларға қойылатын басты талап- бойкүйездікке жол бермей , еңбек ету 
ауызбіршілікте болып мемлекетімізді көркейтуге үлес қосу міндеттері тұр. 

Download 3,74 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   162




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish