«сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы атырау облысы білім беру басқармасының Әдістемелік орталығЫ



Download 3,74 Mb.
Pdf ko'rish
bet6/162
Sana26.06.2022
Hajmi3,74 Mb.
#705534
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162
Bog'liq
Jinaq123

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1
Ахметова Ұ.Т. Өлкетану және қазақ өлкесін зерттеген ғылыми комиссия/ 
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Хабаршы-сы. 
«Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, 2007 № 4 (15). - 48-51 б. 
2
Ахметова Ұ. Орынбор Ғылыми мұрағаттық комиссиясы (1887-1918жж.) 
Монография – Алматы: Арыс баспасы, 2013. -320 бет. 
3
Ахметова Ұ.Т., Жұбанов Б.А. Қазақ мемлекеттілігі тарихы және К.Л. 
Есмағамбетов/ М.Өтемісов атындағы БҚМУ Хабаршысы. Ғылыми журнал. - 
Орал, 2019.- №1(73). 
4
Есмагамбетов К. Что писали о нас на Западе. –Алма-Ата: «Қазақ 
университеті», 1992. -152с. 
5
Есмағамбетов К.Л. Азат рухтың күрескері. –Алматы: «Өркениет» 
баспасы,2003. -176 б. 
6
Мұқтар Ә. Тарих тұңғиығындағы тұлғалар (ХVIII-XIXғғ.). Ғылыми 
мақалалар жинағы. –Алматы: «Арыс» баспасы, 2008. -240бет. 
7
Есмағамбетов К.Л. Тарих таңдақтары. Бірінші кітап. - Алматы: Арыс, 2008. 
- 416 б. 
8
Есмағамбетов К.Л. Тарих таңдақтары. Екінші кітап. – Алматы: Арыс, 2008. 
- 426 б. 
АТЫРАУ ӨҢІРІНІҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАСЫ: 
ЕСКЕРТКІШТЕР МЕН КИЕЛІ ЖЕРЛЕР 
 
М. Қ. Кипиев 
Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және 
пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекцияның басшысы 
 
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы 
даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалары ел тарихының, өлке 
тарихының зерттелуіне, зерделенуіне үлкен серпіліс әкелді. Әрине, оның ішінде 


12 
Ұлы Даланы мекендеген халқымыздың жалпыұлттық қасиетті орындарын 
зерделеуге бағытталған «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» 
жобасының төл тарихымызда алар орны ерекше. Осы тұста қысқаша Атырау 
қазақтарының киелі жер деген ұғымына тоқтала кетсек. 
Атырау облысы еліміздегі «қаймағы бұзылмаған» өлкенің бірі болып 
табылады. Оған облыс тұрғындарының 90 пайызынан астамын қазақтар 
құрайтындығы да басты себеп болса керек. Осыған орай, күні кеше ғана тарих 
сахнасынан өткен кеңестік кезеңнің өзінде халқымыз санасынан киелі жер деген 
ұғым өшкен жоқ. Осы жерде көшпелі қазақтардың түсінігіндегі басты киелі 
жерлердің бірі – ата-баба қабірі немесе зираты болып саналатындығын айта 
кеткен жөн. Өйткені, қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде қабірдің басы зиярат ету 
орталығы болуымен қатар, әртүрлі діни-ғұрыптық рәсімдер мен жоралғылар 
жүргізілетін орын рөлін атқарды. 
Жалпы, Атырау өлкесінің мыңжылдықтардан бастау алатын тарихына 
үңілсек, көшпелі және отырықшылық мәдениеттің аралас өмір сүргенін көруге 
болады. Олардың бірден-бір жұрнағын немесе негізін бүгінгі күнге дейін жеткен 
тарихи-мәдени ескерткіштер дәлелдейді. Оның алғашқысы сонау тас дәуірінен 
бастау алып, соңы ХХ ғасырға дейін жетеді. 
Олардың санына келсек, бүгінгі күні облыс аумағында 4 республикалық 
және 313 жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері бар. Бұдан 
басқа 773 объект тарихи-мәдени мұра нысандарының алдын-ала есепке алу 
тізіміне енгізілген. Барлығын қосқанда 1090 ескерткіш болады. Оларды түрге 
бөлетін болсақ, онда: 
1.
Археологиялық ескерткіштер – 558, 
2.
Қала құрылысы және сәулет ескерткіштері – 280, 
3.
Ансамбльдер – 252 болады. 
Археология ескерткіштерінің түріне келер болсақ, олар тас, яғни неолит 
дәуірінің тұрақтарынан бастап, қола дәуірінің қабірлері мен ерте көшпелілер 
дәуірінің қорғандарына жалғасып, ортағасырлық керуен-сарай және қалалармен 
аяқталады. Археологиялық ескерткіштерді еске алсақ, олардың ішіндегі ең 
танымалы ретінде бүгінгі күні облыстағы 4 республикалық ескерткіштің бірі 
ортағасырлық Сарайшық қаласын айтамыз. Бұл тізімді әрі қарай Ақтөбе-Лаэти, 
Қызылқорған, Қорғанша, Тас кешу сияқты ескерткіштер жалғайды. 
Ал, сәулет ескерткіштер мен ансамбльдерге келсек, олар өткен ғасырларда 
өмір сүрген көшпелілерден күні бүгінге дейін жеткен тас қашау өнерінің үздік 
туындылары: мазарлар, мешіттер, сағанатамдар мен сандықтастар, құлпытастар 
және қойтастар, сондай-ақ қабірүсті ескерткіштерінен тұрады. Осы тұста мына 
жәйтті айта кеткен жөн. Атырау өңірінде жоғарыда аталған діни-ғұрыптық 
сипаттағы сәулет ескерткіштердің көптеп салынуына басты фактор – ол бұл 
аймақта өңдеуге, тұрғызуға, безендіруге жарайтын құм тас, ұлу тас, бор тас т.б. 
құрылыс материалдарының болуында. Ескерткіштердің түрі мен оларды салуға 


13 
пайдаланған материалдар өлкеміздің батысы мен шығысында, оңтүстігі мен 
солтүстігінде өзіндік ерекшелікке ие. Мысалы, Жылыой ауданы мен Қызылқоға 
ауданының шығыс, солтүстік шығыс аумағындағы мазар, мешіт, сағанатам 
сияқты ескерткіштер салуда әктас, бортас, ұлутас, құмтастар пайдаланылса, 
Қызылқоғаның оңтүстігі және батысында, Индер, Махамбет, Исатай 
аудандарының аумақтарында жоғарыда аталған ескерткіштерді негізінен шикі 
кірпіштен (саман тас) тұрғызған. Ал, Ресеймен шектесетін Құрманғазы өңірі мен 
Исатай ауданының батыс бөлігінде сағанатам мен мазарлардың бірқатары 
ағаштан жасалғанын көруге болады. 
Енді киелі жерлерге оралсақ. Бүгінгі күні облыстағы 7 нысан 
республикалық маңызы бар 100 киелі орындар қатарына алынды. Олар: 
Сарайшық қалашығы, Махамбет Өтемісұлының жерленген жері, Ақмешіт және 
Ұшқан ата қорымы, Аралтөбе қорғаны, Құлшан ата жер асты мешіті, Иманқара 
үңгірі. Сонымен қатар, өткен 2018 жылы «Қазақстанның киелі жерлерінің 
географиясы» жобасын іске асыру жөніндегі Атырау облысы бойынша жұмысшы 
тобы осы жобаның республика бойынша үйлестірушісі «Қасиетті Қазақстан» 
ғылыми-зерттеу орталығына киелі нысандар тізімін толықтыру мақсатында 
Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті орындар тізіміне 17 нысан және өңірлік 
маңызы бар киелі орындарға 17 киелі жерді қосымша ұсынды. 
Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және 
пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясы жоғарыда аталған ескерткіштер 
мен киелі жерлерді есепке алып, сақтау жұмыстарын жүргізумен қатар, оларды 
зерттеумен де шұғылдануда. Бұл бағытта біз бірінші кезекте көрші Ресейдің 
Москва, 
Санкт-Петербург, 
Астрахань 
қалаларындағы 
архивтер 
мен 
кітапханаларынан өлке тарихы мен ескерткіштерге қатысты деректерді 
жинақтаумен айналыстық. Оның нәтижесінде, «XVIII-XX ғасырлардағы орыс 
дереккөздеріндегі Атырау тарихы мен мәдениеті» атты деректер жинағының 5 
томдығы мен «Сарайшық-бабалар мұрасы» атты деректер жинағы шығарылды. 
Сонымен қатар, жекелеген ескерткіштерге қатысты бұрын соңды жарыққа 
шықпаған деректерді алуға қол жеткіздік. Бір мысал айта кетсек, соның бірі Ресей 
мемлекеттік 
әскери-тарихи 
архивінің 
қорында 
сақталған 
Сарайшық 
қалашығының 1861 жылы сызылған жобасы. «План развалин древней 
мусульманской крепости Сарайль-Джадит и части нынешных построек 
Сарайчиковской крепости» деп аталатын, масштабы 50 сажын болатын 
қалашықтың сызба жоспарының авторы Орал әскери казактарының топографтар 
корпусының меңгерушісі, штаб-капитан А.Е.Алексеев. Егер жоспар туралы 
айтатын болсақ, сызбада қалашықтың аумағы мен цитаделінің, яғни, қалашық 
ортасындағы (ішкі) қамалдың нақты шекарасы көрсетілген. А.Алексеевтің 
есептеулерінде Сарайшық қалашығының өлшемі ұзындығы 1 шақырым, 100 
сажын, ені 1 шақырым 50 сажын, оны айнала қоршаған дуалымен есептегенде 3 
шақырым 350 сажын деп көрсетілген. Қамалдың пішіні қисықтау, ұзындығы 200 


14 
сажын, ені 100 сажын деп жазылған. Ең бастысы сызбада қалашық аумағы мен 
оның төңірегіндегі 3 әулиелі жер белгіленген. Біз жоспарды Сарайшықтың қазіргі 
кезеңдегі жағдайымен салыстыра қарау үшін спутниктік түсіріліммен 
салыстырып көрдік. Нәтижесінде Сарайшыққа қатысты осыған дейін айтылып 
келген, яғни оның басым бөлігін су шайып кетті деген пікірді мүлдем өзгертеді. 
Атап айтқанда, жоспарда бұрын су шайып кетті деген цитаделдің, жоғарыда 
айтылған Секер көлінің, және үш әулиелі орынның сақталғандығына көз 
жеткіздік. Ең бастысы қалашықтың 65 пайыздан астамының әлі де 
сақталғандығын көрсетеді. 
Қорыта келгенде, әрбір ескерткіш пен киелі жердің өз алдына тұнған 
тарихы бар, сондықтан олардың барлығы жеке зерттеуді қажет етеді. Менің 
ойымша мұндай зерттеу жұмысы мектеп қабырғасынан басталуы қажет. Себебі, 
елдің тарихы облыстар тарихынан, ал облыс тарихы аудандар тарихынан, ал 
аудан тарихы ауыл тарихынан құралатындығын еске алсақ, тарихқа 
қызығушылық танытқан әрбір оқушы өзі ауылының немесе оның төңірегіндегі 
ескерткіштер мен киелі орындар жөнінде деректерді ауылдағы қарттардан сұрап, 
жергілікті жердегі аңыз әңгімелерді жинау арқылы бастау қажет және мен 
Сіздерді осы жұмысқа жұмыла кірісуге шақырамын. 

Download 3,74 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish